ZHASALASH.KZ. "Ұлттық қор сарқылуға жақын" - Соңғы уақыттарда Ұлттық банк жұмысының жүйесіздігі мен Ұлттық қордағы қаржының күрт азайғанын айтып дабыл қағушылар көбейіп барады. Олардың айтуынша, қордағы қаржының әрбір тиынына дейін ұқыпты болуы тиіс Ұлттық банк пен ел үкіметі кейінгі кездері тым жомарттық танытып, миллиардтаған ақшаны оңды-солды шашатын әдет тауып алған. Өкініштісі, бұл қаржы елдің әлеуетін көтеретін жобаларға емес, керісінше, халықтың қанын теспей сорып отырған банктер мен болашағы бұлыңғыр жобаларға жұмсалып жатыр.
"Ә. Қосанов: "Гамбург шоты"" - Осы аптада екі оқиға тұспа-тұс келді: Петерборда болған Қазан большевиктер төңкерісінің 100 жылдығы мен... президент «партияны жаңғырту керек» деп ұран тастаған «Нұр Отанның» кезекті жиыны. Былай қарасаң, бір-біріне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын оқиғалар. Бірақ тереңірек үңілсек, екеуінің арасында белгілі бір ұқсастықтар бар екенін аңғаруға болады. Алдымен төңкеріс туралы айтайық.
AZATTYQ.ORG. "Радиацияның Қазақстаннан тарағанын мамандар жоққа шығарды" - Францияның ядролық және радиациялық қауіпсіздік институты (IRSN) Еуропаның үстінен радиобелсенді бұлтты анықтағандарын мәлімдеді. Олар «бұлт» Ресейден не Қазақстаннан тараған деп болжайды. Институт «қазір адамдар денсаулығына қауіп жоқ, бірақ радиация тараған кезде сол маңнан бірнеше километр радиуста тұратын адамдарды көшіру керек еді» дейді. Ал Қазақстандағы тиісті мекемелердің өкілдері радиацияның Қазақстаннан тарағанын жоққа шығарады.
""Құқық қорғаудың қылмыстық-процестік негіздерін жаңғырту"" - Адвокаттар мен сарапшылар Қазақстанның қылмыстық-процестік заңдарын жаңғыртуды көздейтін заң жобасының артықшылықтарын айтады, бірақ олар өзгерістердің болашақ қатерлері мен кемшіліктері де бар екенін ескертеді.
ABAI.KZ. "Талғаттар түрмеде отырғанда, Ермектер есіріп жүр..." - Ермек Тайшыбеков дейтін бір есерсоқ бар еді. "Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі бос сөз", "Қазақстан Ресейдің бір губерниясы болу керек" деген Тайшыбеков түрмеге қамалған. Шовинистік пиғылы мен мемлекеттің тұтастығын бұзуға бағыттаған үгіт-насихаты үшін құзырлы орган оны қамауға ұзақ уақыт құлық танытпай жүріп, ақыры қазақ қоғамы өре-түрегелгенде ғана нақты қимылға көшкен. Сөйтіп, Тайшыбековты төрт жылға бас бостандығынан айырған-ды. Міне, Ермектің сол төрт жылы аяқталмай жатып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылыпты.
"Алашордашы Дінше Әділов «сатқын» емес..." - Бұдан бір ғасыр бұрын үш ірі тарихи оқиға болды. Алғашқысы – жоғалтқан мемлекеттігімізді жаңғыртуға саяси мүмкіндік ашқан Ақпан революциясы. Екіншісі – сол мүмкіндікті жүзеге асыру жолын белгілейтін Құрылтайшы жиналыс шақыруға тиіс Уақытша үкіметті биліктен қуған Қазан төңкерісі. Үшіншісі – Алаш-Орда атауымен елдік шаңырақ көтерген Желтоқсан съезі. Бұлардың ішіндегі біз үшін айрықша маңызды мереке – отаршылдар жойған мемлекеттілігіміздің қайта түлеуіне іргетас қалаған Алаш-Орданың жүз жылдығы.
DALANEWS.KZ. "Ә. Бектаев: «Ажырасқандар салық төлесін!»" - Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Әли Бектаев отбасы құндылықтарын жетілдіру мақсатында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады.
QAMSHY.KZ. "Қазақстанның медициналық туризмі неге қауқарсыз?" - 200 миллион АҚШ доллары. Бұл жыл сайын отандастарымыздың ем іздеп барып, шетел медицинасына құятын қаржысы. Яки Қазақстанның денсаулық сақтау саласына құйылуы да мүмкін болған 68 млрд теңге.
JASQAZAQ.KZ. "Көштің басын Көкшеге бұрса…" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойып отырған маңызды міндеттердің бірі ішкі көші-қон процестерін реттеу және еңбек ресурстарының теңгерілімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру мақсатында еңбек күші көп аймақтан еңбек күші жетіспейтін солтүстік өңірге көш басын бұру – өте маңызды қадам.
EGEMEN.KZ. "Алаш мұрасына адалдық" - Атақты жазушы Әнуар Әлімжанов «Қазақ әдебиеті» газетінің 1991 жылғы 24 және 31 мамырдағы сандарында жариялаған «Мұстафа Шоқай... Ол кім?» атты ерекше сезім мен толғаныстарға толы мақаласында «Түркістан халықтарының теңдігі мен тәуелсіздігі үшін, оларды қорлық-зорлық пен рухани құлдықтан құтқару үшін аса зор жауапкершілікті арқалаған тұғырлы заңғар тұлғаның» адами, азаматтық және қайраткерлік болмысын ашып, оның шындығында кім болғанын алғаш жан-жақты дәлелдеуге ұмтылған еді.
"«Батпандап кірген мысқалдап шығады»" - Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бүгінгі жаһандық және өңірлік сын-қатерлер жағдайында атқарып отырған жұмыстарының өзектілігі ерекше. Мемлекет басшысының өзі «Қазіргі жағдайда министрліктің жұмысы еліміз үшін аса маңызды», деп аталған ведомство көтерген жүктің ауырлығы мен жауапкершілігіне айрықша мән-мағына берген болатын.
SPUTNIKNEWS.KZ. "Баласы "Алла" атын аузына алып, намазға жығылса ата-ана неге қорқады?" - Мамандардың айтуынша, дәстүрлі емес деп атап жүрген діни ағымдар негізінен жастарды нысанаға алып отыр.
BAQ.KZ. "Қыздардың ерте балалы болуы олардың өміріне қауіпті" - Күн сайын әлемде 20 мың жасөспірім қыз босанады. Ал елімізде жыл сайын кәмелетке толмаған 3 мың ұл мен қыз некеге отырса, 1000 жасөспірім қыздың 30-ы өмірге сәби әкеледі. Швецияда 1000-ның төртеуі, Оңтүстік Кореяда екеуі. Қазақстандық жасөспірімдердің туу статистикасы Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп. Қазақстанда қыз тағдырының құны қандай? Жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің көбеюі жыныстық сауаттылықтың төмендігінен бе? Осы сұрақтардың жауабын Baq.kz тілшісі анықтап көрді