ZHASALASH.KZ. "Мұнайы көп елдің соры қалың, мұңы көп" - Әлеуметтік желілердің бірінде елеусіздеу бір сурет жарияланды. Суретте жалмауыз кемпір кейпінде бейнелеген алып құбыжықтың қолында бөтелкеден мұнайды қомағайлана ішіп жатқан адам бейнеленген. Солайша автор суретте мұнайға тәуелді елдердегі қара алтынның маңындағы қалыптасқан жағдайды шенейді. Фотосуретті көргенде жыл сайын қайталанатын жанармай тапшылығы еріксіз еске түседі. Өйткені Қазақстан – мұнайға тәуелді ірі елдердің бірі һәм бірегейі.
"«Ақша тыққандар» ақталып әлек" - «Жас Алаштың» өткен санында Журналистік зерттеулер халықаралық консорциумы салықтан жалтару үшін офшорлы аралдарда құпия фирмалар ашқан әлемнің танымал саясаткерлері мен олигархтарды әшкерелейтін «Жұмақ аралдары» құжаттарын жария еткенін жазған едік. Осы құжаттардың арасында «ҚазМұнайГаз» компаниясының басқарма төрағасы, бұрынғы мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен қашқындағы банкир Мұхтар Әблязовтің есімдері аталады.
AZATTYQ.ORG. "Апострофты әліпбиге шетел қазақтары түрліше қарайды" - Қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиінің апострофты нұсқасына шетелдегі қазақтардың пікірі біркелкі емес. Азаттық тілшісі сөйлескен бес адамның үшеуі қазіргі нұсқаны қолдамады. Ал құптаушылардың өз уәждері бар.
""Қырымға оралудың жолын бәрібір табамын"" - Қырым татарлары Межлисі төрағасының орынбасары Ахтем Чийгоз өзінің абақтыда өткізген күндері мен Қырымды Украинаға қайтару жолындағы күресі жайлы әңгімелеп берді.
ABAI.KZ. "Діни ағымдарды бақылаусыз қалдыру мемлекет қауіпсіздігіне зор қауіп төндіреді" - Дін жалпы адамзаттың мәдени тарихында елеулі ықпалы болуымен қатар, жеке адамның тұлғалық қалыптасуында, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың заманауи үдерістерінде де атқарар маңызды қызметі бар, күрделі құбылыс. Дін адамның рухани болмысынан тамыр тартқандығымен оның ішкі жан дүниесін қалыптауымен қоса, адамды қоғамдық ортамен үйлесімге әкелетін білім жүйесі болуға тиісті. Дін құбылысы – киелі қасиеттілік сипатқа ие аксиологиялық сенімге негізделген, этикалық нормалары мен моральдық тұжырымы нақты және діни ғұрыптық қыры мен құлшылық шарттылықтары бар діни сенім институты.
QAZAQTIMES.COM. "Сауд Арабиясының патша әулетінде тақ таласы басталып кетті" - Соңғы күндері Сауд Арабиясы дүрбелеңге толы болды. Көз қарақты жұрт білетіндей патшалықтың тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман басқарған комитет 11 ханзаданы қамауға алған болатын. Оның көбі бұрынғы және кейінгі министрлік қызметін атқарғандар еді. Олай болса, мұрагер ханзаданың Сауд жұртын ғана емес, әлемді дүр сілкіндірген бұл қадамындағы мақсаты не болмақ?
"Кедей мемлекеттер не үшін кедей болып қала береді?" - Бейресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанда мұнай өндірумен 50 мыңнан астам адам айналысадыды. Ал мұнайға қызмет көрсету саласында 1 мұнайшыға 5 адамнан келеді. Яғни осы секторға қатысты жұмыстарға 300 мыңнан астам адам тартылып отыр деген сөз. Қарап тұрсақ, бұдан қазақстандықтардың көпшілігі мұнай саласынан табыс тауып отыр деген сөз. Осындай шикізаты мол ел бола тұра, бізде қаржы-экономикалық қиындық болмауы тиіс еді. Алайда біздің бұл пікірімізді норвегиялық экономист Эрик С. Райнерт "Бай мемлекеттер қалай бай болды, ал кедей елдер неге кедей болып қала берді?" деген кітабында жоққа шығарады. Неліктен? Алматыдағы Халықаралық бизнес университеті өкілдері Эрик С. Райнерт кітабында айтылған пікірлерді Қазақстанмен салыстырып көрген еді.
QAMSHY.KZ. "Валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтылығы туралы Олег Смоляков айтып берді" - Сыртқы қолайлы жағдайлар және қысқа мерзімді ауытқуларды реттеуге бағытталған Ұлттық Банк шараларының нәтижесінде қол жеткізілген валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтылығы туралы ҚР Парламентінің Сенат отырысында баяндамамен сөз сөйлеген Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтып берді.
INFORMBURO.KZ. "Көші-қон полициясы тіркеуді сатып жүргендермен күресе алмайтынын айтады" - Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысынан ши шығып жатыр. Үй иесіне айтпай тіркеу жасап беретін кімдер? Құзырлы орган көші-қон полициясы неге қауқарсыз?
DALANEWS.KZ. "НКВД үйін музейге айналдырсақ…" - Бір топ белсенді алаңдаулы. Алаңдайтын да жөні бар. Олар тарихи мекенді, қазақтың ең озық ойлы арыстары қамалған, азапталған, қиянат көрген тарихи орынды сақтап қалғысы келеді. Сол үшін жанұшырып, Елбасыға хат жазып, араша сұрайды.