Атырау, 19 желтоқсан 12:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"А. Сарым: Ұлттық үштаған хақында", "Қуаныш Еділханов: Қырғыздық контрабанданың Қазақстан есебінен баюына тосқауыл қойылуы керек", "Дос Көшім: «Үштілділік мәселесін кейінге жылжытып тастауымыз керек. Оншақты жылға…»", "Татарстандағы тіл дауы"

2 536 просмотра

ZHASALASH.KZ. "А. Сарым: Ұлттық үштаған хақында" - Соңғы кездері елімізде және айналамызда болып жатқан оқиғалар Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі мәселесін қайтадан өршітіп жібергендей. Егер, кейбір биік мінберлерден айтылғандай, билеуші партияның әлеуметтік желілердегі қолдаушыларының саны 6 миллионнан асатыны шын болса, билік интернет желісін бұғаттайтындай кімнен немесе неден қорқуы керек? Кейбір әлеуметтік сауалнамалардағы деректерге сенетін болсақ, биліктің «сындарлы саясатын» қолдаушылардың саны 90 пайыздан асып жығылады екен. Егер осынысы шын болса, көрші елдің есі кеткен президентінің сандырағына бола сол елге қарсы ақпараттық соғыс жүргізіп, оны экономикалық блокада құрсауына алудың не қажеті бар?

"«Нұр Отан» жаңара ма?" - Билік партиясының саяси кеңесінде президент Н.Назарбаев Қазақстан экономикалық, саяси және рухани салаларда жаңғырып жатқанын айта келіп, «Нұр Отанның» өзі де жаңаруы керек дегенге тоқтады. «Модернизация ешқашан қарапайым болмайды. Ол үлкен қарсылық тудыруы мүмкін. Партия бұл жерде ең алдымен модернизация бағытында саяси қолдау тетіктерін құруы керек. Не туралы айтып жатқанымызды алдымен өзіміз түсініп, азаматтарға түсіндіре алуымыз керек», – деді президент.

"«Қытайдағы 2 миллион қазақтан тірідей айырылу қаупі туып тұр»" - Ықылым заманнан бері «аспанда Құдай, аспанның астында Қытай» деген түсінікпен өмір сүріп келе жатқан көрші елдегі қандастарымызға Қытай билігінің қысым көрсетіп, қуғын-сүргінге ұшыратып жатқаны бұған дейін айтылып, ақпарат құралдарында жарияланған-ды. Әзірге Қазақстанның ресми билігі бұл туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Ал ресми Қытай бұған не айтады? Дәл осы сауал жуырда Астанада өткен «Заманауи Қытай: сұрақтар мен жауаптар» атты жиында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Хэньхуэйге қойылды.

AZATTYQ.ORG. "Татарстандағы тіл дауы" - Шілде айында Ресей президенті Владимир Путин ел аймақтарында жергілікті тілдерді оқуға мәжбүрлеуге рұқсат жоқ деп мәлімдеген еді. Президенттің осы сөзінен шабыттанған татарстандық әйел ұлын татар тілін оқуға «мәжбүрлегендерді» сотқа беріп, моральдық өтемақы талап етіп отыр.  

ABAI.KZ. "Дәурен Абаев: Қазақстанның 1,5 млн азаматы елімізде не болып жатқанын білмейді" - Ақпарат және коммуникациялар туралы заңның жобасына қатысты түзетулерді Мәжіліс депутаттарына таныстырған министр Дәурен Абаев осылай деді. -  Бұл жердегі басты мәселе біздің ақпараттық қауіпсіздігімізде, - деді министр. – Қазір 600 мыңдай адам «сұр табақшалардан» ақпарат тартып отыр. Ал, «сұр табақшалардағы» картаның жадында қазақстандық телеарналар қорғалмайды. Сонда 1,5 миллион адам қазақстандық ақпарат кеңістігінен сырт қалады екен. Демек, Қазақстанның осынша азаматы елімізде не болып жатқанын білмейді.

"Журфак жалғыз болмайды, Шораев мырза!" - Медиа Алянс дейтін қоғамдық бірлестік бар екен. Сол бірлестіктің құрылтайшысы – Арман Шораев сөз алып, еліміздегі журналистика факультеттерін жабу керек дегенді айтыпты.Арекеңнің уәжіне құлақ түрсек, ҚазҰУ-дан басқа университеттерде журналистика факультеттерін жабу керек-мыс. «Басқалары талабы, дарыны жоқ мамандарды шығарып жатыр. Тек ҚазҰУ-дан шыққан санаулы азаматтарды ғана мықты журналист деп айтуға болады, қалғаны мұғалім, оқытушы бола алады» дейді.

QAZAQTIMES.COM. "Қуаныш Еділханов: Қырғыздық контрабанданың Қазақстан есебінен баюына тосқауыл қойылуы керек" - Қазақстанды қоршаған аумақта, алыс аймақтарда еліміздің болашағына оңды-оңсыз әсерлерін тигізетін оқиғалар, келісімдер мен қайшылықтар, қақтығыстар мен жаңа ынтымақтастықтар болып жатыр. Өкінішке орай, басым көпшілік аудитория орыс тілді ақпараттың басымдығына ілесе, халықаралық мәселелерде Ресейдің сойылын соқпайтын дербес көзқараста бола алмай келеді. Сыртқы күштің алдында елдің таным бірлігі ең басты қару болса керек. Осыған орай халықаралық тақырыптардағы дербес ойы мен көзқарасын әлеуметпен көптеп бөлісіп жүрген Қуаныш Еділхановпен бірқатар салмақты деген халықаралық мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіткен едік. Саналы қауымға осы сұхбатымызды ұсынғалы отырмыз.

365INFO.KZ. "Дос Көшім: «Үштілділік мәселесін кейінге жылжытып тастауымыз керек. Оншақты жылға…»" - «Неге солайдың» қонағы – саясаттанушы Дос Көшіммен үлкен әңгіме болды. Негізгі әңгіме латын әліпбиі төңірегінде өрбіді.

QAMSHY.KZ. "Есет батыр Көкіұлының ғұмырнамасын дұрыс жазып жүрміз бе?" - Тама Есет батыр – қазақ халқының тағдырына қатал сын түскен ХҮІІІ ғасырдың даңқты тұлғаларының бірі. Ел тағдыры қыл үстінде тұрған кезеңде Тама Есет батыр ерлік пен қаһармандық, ақыл-парсат, көшбасшылық қасиет үлгісін көрсете білді. Сондықтан ол елдің ерекше сый-құрметіне бөленді.

AIKYN.KZ. "ХХІ ғасыр және бесік жыры" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ХХ ғасырдың қазақ халқына берген зардаптары туралы тарихи баға берді. «Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біріншіден, ұлттық дамудың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді. Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды» деді Елбасы.


8 қараша 2017, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.