AZATTYQ.ORG. "Офшор дауында Мыңбаев пен Атамқұлов аталды" - Журналистік зерттеулердің халықаралық консорциумы (International Consortium of Investigative Journalists, ICIJ) көлемі жағынан былтыр мамырда жарияланған "Панама архивімен" салыстыруға болатын миллиондаған офшор құжаттарын жарыққа шығарды. Онда Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың есімі аталады. Олардан басқа, Ұлыбритания патшайымы Елизавета II, АҚШ және ресейлік шенеуніктер есімдері табылған. Баяндама авторлары бұл адамдар офшор арқылы "салықтан жалтарған" деп топшылайды.
"«Октябрь төңкерісінің зұлматы мен шарапаты тең»" - Бүгін Октябрь революциясына ғасыр толды. Азаттық тілшісі тарихшы Қайдар Алдажұмановпен Октябрь революциясының Қазақстанға не бергені және қандай нәубет әкелгені туралы әңгімелесті.
QAZAQTIMES.COM. "Қытай ДСҰ-дағы ықпалын пайдаланып, әлем елдеріне әділетсіз сауда жасауда" - Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (World Trade Organization,қысқаша WTO немесе ДСҰ) Қытайдың мүше болғанына 16 жыл болды. Әлемнің екінші ірі экономикалық тұлғасы аталған Қытай мен Еуропа елдері және АҚШ-тың сауда-саттық байланысы құбылмалы күйде. Бұл құбылыс ДСҰ-ның өзіне де төнетін қатерлерді күн санап арттыруда. Әлем экономикасындағы және сауда-саттықтағы өрескелдіктері мен ДСҰ-дағы жолсыздығы туралы "WSJ" басылымы сараптай отырып жазды.
ABAI.KZ. "Шынжаңдағы өктемдік және одан қорғану жөнінде" - Шынжаң бүгінгі қытайдың негізгі аумағы болғанымен ежелдің ежелінен көп байлықты басып қалған өгей баланың күйін кешіп келеді. Байлығы қызық болғанмен, бағы ашылмаған түртінді сияқты. Байлығын ғана ойлағандар сол аумақты және оның халқын «алтын артқан есек» сынды көреді. Алтыны – қазынасы көп; халқы өгей немесе «есек» сияқты. Сол себепті де осы өлкеге ат басын тіреген әрқандай қытай әміршісі жергілікті байлықты барынша пайдалануды ойлайды. Қара тұяғынан хал кеткенше тонауға кіріседі. Оған кедергі келтірген тума халықты ту-талақай тозыдырғысы келеді. Қарсы шықса қанды қасапқа ұстайды. Байлығын дос, халқын жау көреді. Сол себепті де бұл өңірдің жер дауы және зорлықшыл өктем ұлт пен жергілікті халық арасындағы қайшылығы еш толастаған жоқ.
"Путин мен порножұлдыз сайлауда сайыспақ" - Есім-сойы күллі орыс жұртына мәшһүр порножұлдыз 2018 жылы Ресейде өтетін Президенттік сайлауға қатыспақ. Ол Кремль креслосына таласатынын ресми мәлімдеді.
INFORMBURO.KZ. "Қазақ хандығының» екінші маусымы қалай түсіріліп жатыр?" - Қоюшы-режиссер Рүстем Әбдірашевтың айтуынша, бұл жобаның жалғасын түсіруге халықтың сұранысы түрткі болған. Сериалға дайындық жұмыстары жазда басталып кеткен.
365INFO.KZ. "Димаш көкжиегі. Әлемді тамсандырған Әміреден кейінгі ерекше дауыс иесі" - «100 жаңа есім» жобасы ішінде Димаш Құдайберген ойып орын алуы тиіс тәуелсіз елдің лайықты ұлы деп білеміз. Бүгіндері Димаштың таңдай қақтырар өнері Жер шарындағы барша адамның басын игізуде десек, артықтық етпес еді.
"«Әйелің кетіп қалады…». Бишімбаевтың ата-анасы ұлына қандай қысым жасалғанын жайып салды" - Мемлекеттің миллиард теңгесін жеп, миллиондап пара алды деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы жалғыз ұлдарын еш жаман атқа қимайды. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро жиырма күдікті кінәларын мойындады десе де, Қуандықтың анасы ұлымызға тергеушілер қысым көрсетті деп көзіне жас алып отыр.
QAMSHY.KZ. "Арман Сқабылұлы: Медиа Альянс журналистиканы құрту үшін құрылған ұйым" - Журналистика саласында мамандарды даярлау мәселесін «Медиа Альянс» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Арман Шораев көтеріп, ҚазҰУ-дан басқа университеттерде журналистика факультетін жабу керек дегенді ұсынғаны хабарланған болатын. Осы тұста аталмыш ұсынысқа байланысты және бұл тақырып төңірегіндегі түрлі пікірлерді саралай келе сауалдардың бір парасын журналист Арман Сқабылұлына қойған едік. Мархабат!
"«Берекеті кеткен бұл елдің рэкеті де депутат»" - Менің интернет сайттарға ел туралы, ұлт туралы жазғандарыма қарсы бірнәрсе айтқан-сымақ болатын байғұстар бар. Менің достарым олардың кім екенін де біледі. Олар менің «Түп-тұқиян...» деген өтірік кітапты Балғабек Қыдырбекұлын, Асанбай Асқаровты, Д.Қонаевты сынағаным үшін мені аяқтан шалып отыруға тырысады. Бұл нағыз надандық қой?
AIKYN.KZ. "Солтүстік Кореямен соғыс болса, алғашқы күні 300 мың адам қаза табады" - Азия аймағына сапарлауды бастаған АҚШ президенті Дональд Трамп Токиода ешкім күтпеген мәлімдеме жасады. Бірақ оның айтары бар да, орындалуы екіталай ғой. Трамп Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен әңгімеде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтату үшін оған барынша қысым жасау қажеттігін айтты. «Керек болса, Жапония Солтүстік Кореядан атылған ракеталарды атып түсіру қажет» деді.