ZHASALASH.KZ. "Айдар ӘЛІБАЕВ, экономист: тиімсіз басқару жүйесіндегі ел өркендемейді" - «Қазақстан экономикасы, ішкі жалпы өнімі Қырғызстандыкінен 20 есе артық болса да, екі елдің әлеуметтік көрсеткіштерінің арасындағы айырма анау айтқандай үлкен емес», – дейді экономист, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) саяси кеңесі президиумы төрағасының орынбасары Айдар Әлібаев. Сарапшының айтуынша, мұның негізгі себебі – жемқорлық, сол жемқорлықтың шырмауына шырмалған шенеуніктердің елді тиімсіз басқаруы. Өздерінің ел басқарудағы қауқарсыздығы мен кәсіпсіздігін жасырған билік халықты алдарқату үшін түрлі экономикалық көрсеткіштерді боямалап, шынайы деректердің бетін бүркемелеп әлек. А.Әлібаевпен арадағы әңгімеміз Қырғызстан мен Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштері, биліктің қаржылық саясаты мен елді басқаруы турасында өрбіді.
"Қазақ тілі қашанғы қорлана бермек?" - Түркия азаматы Оғыз Доған мен Air Astana әуе компаниясы арасындағы қазақ тіліне қатысты шыққан даудан уақытында барша жұрт хабардар болып, ел ішінде қызу талқыға түскені мәлім. Бұл мәселеде қоғамдық пікір екіге жарылып, бір тобы қазақ тілін қорғаса, енді бір тобы компанияның әрекетін дұрыс деп тапқан еді. Cөйткен дау ақыр аяғы сотқа жеткен. Сотқа жазған талап арызында Оғыз Доған былай дейді: «Үстіміздегі жылдың 14 тамызында Аcтана-Алматы бағытында қатынайтын КС 954 әуе кемесінің рейсінде, қызмет көрсетуші «Эйр Астана» әуе компаниясы қызметкерлері тарапынан маған қатысты орын алған құқық бұзушылық фактілері бойынша, сотқа осы талап арызбен жолданып отырмын. Аталмыш рейсте мен бар болғаны Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілінде қызмет көрсетуді сұрағаным үшін компания қызметкерлері тарапынан дөрекілікке ұласқан қарсылыққа тап болдым.
AZATTYQ.ORG. "Ақтөбе мектептерінде орамал дауы басылмай тұр" - Алғашқы тоқсанда орамал тағатын оқушылардың ата-аналарымен мәмілеге келуге тырысып көрген Ақтөбедегі №60 мектеп басшылары екінші тоқсаннан бастап ата-аналарға берілген ескертулерді, олардың түсініктемелерін білім саласын бақылау департаментіне тапсырмақ. Олар енді ата-аналарға айыппұл арқылы әсер етіп көрмек. Ал қыркүйек айынан бергі талас-тартыстан қажыған ата-аналар Қазақстан білім министрлігінің үстінен сотқа шағым жолдаған.
"Тоқтар Төлешов екінші рет сотталды" - Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты «мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті» үшін 21 жылға сотталған Тоқтар Төлешовті «салықтан жалтару» айыбы бойынша екінші рет соттады. Сот кәсіпкер мен оның «сыбайласы» деп танылған сегіз адамды айыпты деп тапты.
QAZAQTIMES.COM. "Қытай өзі айтқандай «айдаһар ел» ме?" - Қытай Халық Республикасын айтқан кезде, Бейжің, Шанхай, Гуаңжу (Гуанчжоу), Шінжін (Шэньчжэнь) қатарлы ірі қалаларды, оған қоса дамыған инфрақұрылым мен көл-көсір байлықты елестетуге үйренгенбіз. Алайда, Қытайдың ауыл-қыстақтарындағы жағдайларды елестетіп көрдік пе? Әлемнің екінші ірі экономикасы деген сөз ҚХР-ға телінгенімен, бұл ел халқының бәрі ырғын байлықта отыр деген сөз емес. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары жаңа реформаны қолға алғаннан тартып, Қытай үкіметі «халықты кедейліктен құтқару» деген ұранды аузынан тастаған емес. Өткен аптада соңына шыққан Қытай Компартиясының құрылтайында да ел басшысы Ши Жинпиң (Си Цзиньпин/ Xi Jinping) халықты кедейліктен құтқарамын деп уәде етті.
"Жээнбеков билігіндегі Қырғызстан немесе Атамбаев саясатының аяқталуы" - Қараша айының соңғы аптасында Қырғызстанды қос президент басқаратын болады. Алдағы уақытта Сооронбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаевтың саясатын жалғастыра ма? Қырғызстанның сыртқы және ішкі саясатындағы жағдайлар қандай? Бүгін біз осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көруді жөн көрдік.
INFORMBURO.KZ. "Колумбиядағы қазақ студенті: "Стереотиптерді жойып, кез келген оқу орнына түсуге болады"" - АҚШ-тың ең үздік университетіне грантқа қалай түсуге болады? Және халықаралық ұйымдарда тәжірибе арттыру үшін не істеу керек? Айжанның әңгімесіне құлақ түріңіз.
ABAI.KZ. "Біз шыққымыз келмейтін кириллица қорасына Тәуелсіз қазақ жастары сыймайды!" - Белгілі журналист, Сәкен Сыбанбайдың «ҚАЗ-АҒАМА АЙТАМЫН, «ҚАЗАҒЫМ ТЫҢДАСЫН» ДЕП…» деген парақшадағы жазбасын ұсынамыз.
"Татар тіліне қауіп төнді" - Татар бауырларымыздың басына төнген қауіп-қатерлердің қай-қайсысы да қайта-қайта қоюлана береді. Өздері үлкен ұлттың құрсауында қалғандықтан ба, болашағы үшін қатты алаңдаулы. Оларды әсіресе татар тілінің қазіргі жай жандарын жай тапқызбайды. Өйткені кейінгі кездері республика мектептерінде татар тілін оқытудың міндетті еместігі жайлы пікірталастар қатты өршіп тұр. Бұған себепкер болған федерация құрамына кіретін республикаларда жергілікті тілдерге мемлекеттік мәртебе берілгендігі және олардың мектептерде міндетті түрде оқытылуы қажет деген бап олардың Конституциясында айқаны жазылса да РФ президенті В.Путиннің бұл республикаларда өз тілдерін оқытудың ерікті түрде жүргізілетіндігі туралды конституциялық нолрмалары жайлы айқаны біраз шовинистердің қолтығына су бүріккендей болды.
365INFO.KZ. "«Қазақ тобында орын бар ма?..». Орыстілді қазақтар алашапқын боп жатыр" - Көп маман қазақ тілі мәртебесі мәселесін талқылағанда, «саяси шешім керек» деп, тоқтаушы еді. Қазір сол саяси шешім қабылданып қойғандай. Басқасын қайдам, орыстілді қазақтар латынға көшуді солай қабылдап жатқанға ұқсайды.
QAMSHY.KZ. "Ұлттық банктің криптовалютаға қарсылық білдіруінде қандай гәп бар?" - Жақында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Әкішев ОКҚ брифингісінде криптовалютаны әлі күнге дейін түсінбейтінін айтып, оны енгізуге қарсылық білдірген болатын. Оның айтуынша, криптовалюта – бірыңғай орталықтандырылған жүйесі жоқ құрал.