Атырау, 19 желтоқсан 11:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Сарапшылар әліпбиді қолдауды «ресми дүрмекке» балауға бейіл", "Мемлекетшіл сананың іргетасын қалай қалаймыз?", "Қазақстан жол сапасы бойынша 100 елдің қатарына кіре алмады", "АҚШ президенті Жон Кеннедиді Кеңес одағы өлтірді ме ?"

2 404 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Сарапшылар әліпбиді қолдауды «ресми дүрмекке» балауға бейіл" - Facebook-те жарияланған «Қазақ латын әліпбиі апострофсыз болсын» деген петиция ашылмай тұр. Мұны биліктен көрген кей сарапшылар жұрт «үтірица» атап үлгерген латынша әліпбиді қолдаудың мемлекеттік насихаты басым болып тұрғанын айтады. Олардың пікірінше, мемлекеттік науқанға қарағанда, жұрттың қарсылығы шынайы шыққан. Бірақ билік әрекетін құптайтын сарапшылар да бар.

"Өзбекстандық "содыр" ұсталған соң иммигранттарды тексеру күшейді" - Нью-Йорктегі сегіз адам қаза тапқан "террорлық шабуылды" жасады деген күдіктінің АҚШ-қа Өзбекстаннан көшіп келгені анықталды. Ол қала көшесінде жүрген адамдарды көлікпен таптаған. АҚШ президенті Дональд Трамп иммигранттарды жаппай қатаң тексеруге бұйрық берді.

TENGRINEWS.KZ. "Мәдени шок" - Мәдени шок деген ұғым бар, білесіздер. Бір ортадан екінші ортаға ауысқан кісінің басынан кешіретін жайсыздығы. Көбіне, шетелге алғаш барған кісілер түрлі деңгейдегі мәдени шок жағдайына тап болады. Қазақша айтқанда, көзіңе оғаш көрініп, бойың бірден үйренісіп кете алмаған көріністер мен дағдылар легі ғой. 

ABAI.KZ. "Мемлекетшіл сананың іргетасын қалай қалаймыз?" - Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жоюға бағытталған астарлы саясатқа жем болмай, ұлттық-рухани дүниесiн қалыптастыруға көмектесетін ұлттық идеологияны жаңғырту қажеттілігі туып отыр. Ендігі мәселе жастарды тәрбиелеу барысында ұлттық және мемлекетшіл сананың іргетасын қалай қалаймыз?

"Николай Сванидзе: Әлем латынша жазады..." - Қазақстан Президенті жарлыққа қол қойып, қазақ әліпбиі латынға өтетін болды деген ақпарат Ресей баспасөзінде де қызу талқылануда.

INFORMBURO.KZ. "Қазақстан жол сапасы бойынша 100 елдің қатарына кіре алмады" деп қаражатты қылғытатын әкімге қылбұрау салынады" - Жолдың сапасы жөнінен Қазақстан әлемдегі 137 елдің арасында 115 орында. Лайықты баға. Осы уақытқа дейін қыста көлік мүлде жүре алмайтын жолдар бар.

QAZAQTIMES.COM. "АҚШ президенті Жон Кеннедиді Кеңес одағы өлтірді ме ?" - Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп елдің 35-ші президенті Жон Кеннедидің өліміне қатысты құпия құжаттарды жариялауға рұқсат еткені туралы хабарлаған едік. АҚШ барлау қызметкерлері аталған қылмыстық іске қатысты құпия материалдарды ашыққа шығарғаннан кейін, мыңдаған тарихшылар мен журналистер осы тарихи оқиғаның сырын іздеуге кірісіп кетті. Бұл туралы BBC көлемді материал таратты.  

365INFO.KZ. "«Ұят жоқ екен өздерінде». Сарапшылар біздің экономиканы кімдер басқарып отырғанын айтты" - „Қазақстан мен Ресей халқының табатын табыс көлемі бірдей„ деп айтқан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті белгілі кәсіпкер қатты сөгіп тастады.

"«Назарбаевтың шешімі…». Байбектің бұдан кейін қайда барарын білесіз бе?" - Екі жыл толды бұл қызметке келгеніне. 2015-тың тамызында келген. «Болашақтың» түлегі. Тапқыр дейді. Бастамашыл дейді. Өзінше ойлайды. Өзгелерге ұқсағысы келмейді екен. Елдегі ең ірі қаланың тізгінін ұстатқан Назарбаев осы арқылы оны әрі сынағысы, әрі шыңдағысы келген. Солай.

TURKYSTAN.KZ. "«Баткент аруынан» басталған қырғыз дауы" - Қырғызстанда 2 мың жылдық мәйіт — «Баткент аруын» жерлеуге қатысты дау басылар емес. Көне жәдігер ешбір химиясыз, табиғи жолмен өте жақсы сақталған.


1 қараша 2017, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.