Атырау, 19 желтоқсан 11:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Сауалға жауап беру мерзімін ұзартуды БАҚ-қа "қамқорлық" атайды", "Ерлан Саиров: Латынға қатысты пікірталастар ең басты мақсатымызға залалын тигізбеуі керек", "Кремль пропагандасы - қазақты арандату", "Дональд Трамптың соғыс ашуға құқығы бар ма?"

2 053 просмотра

ҚАЗАҚПАРАТ. "Ерлан Саиров: Латынға қатысты пікірталастар ең басты мақсатымызға залалын тигізбеуі керек" - Бекітілген латын графикасындағы қазақ әліпбиін енгізу жұмысы бойынша еліміз жолдың межесінде емес, басында ғана тұр. Астанада өткен «Жаңа әліпби - Рухани жаңғыру бастауы» атты сарапшылар форумында саясаттанушы Ерлан Саиров латын әліпбиі мен жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша пікірімен бөлісті.

AZATTYQ.ORG. "Сауалға жауап беру мерзімін ұзартуды БАҚ-қа "қамқорлық" атайды" - "БАҚ туралы" заңға енгізілетін өзгеріс авторлары журналистерді «мемлекеттік органдар сауалдарға үш күн емес (қазіргі заңда жазылғандай), 15 күн, тіпті бір ай ішінде жауап берсе, мақалаларың сапалы шығады» деп иландыруға тырысып жатыр. Ақпарат және коммуникация министрлігі ұсынған заң жобасына журналистер көбіне енжар қарайды.

"Кәсіпкерлер шекарадағы "жаңа кедергілерге" шағымданды" - Қырғызстан кәсіпкерлері Қазақстанның бақылау бекеттеріндегі күшейтілген режимге шекарадан өткеннен кейінгі негізсіз тексерулер қосылды деген шағым айтады. Ал Қазақстандағы тексеруші органдар қырғыз тасымалдаушылдары тарапынан заң бұзылып жатқанын хабарлады.

ABAI.KZ. "Кремль пропагандасы - қазақты арандату" - Латын графикасына көшу туралы жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойғанымен, бұл тақырып төңірегіндегі талқы әм талас әлі біткен жоқ. Кирилицадағы қазақ әліпбиін латынға көшіру мәселесінде қазақ қоғамының пікірі екіге жарылды. Иә, латын графикасын дүйім көпшілік қолдағанымен, оның нұсқалары  көңілден шықпай тұр. Апостроф па, әлде диграф па? Бұл уақыттың еншісіндегі әм қазақтың өз қалауындағы мәселе.

"Ресейдің қырғыздарға жасаған қоқан-лоққысы" - Ресей шала бүлініп жатыр. Бұл жолғы қаһары қырғыз бауырларымызға түсіпті. Мәселенің мәнісі шовинизммен уланған саясатқа түсіп тұр. Жақында Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев Қазан революциясы күні мерекесін өзгертіп, оны тарих пен ата-бабаларға ескерткіш күні деп атауды ұйғарыпты. Президент Жарғысында бұл шешім 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске және қайғылы оқиғаға, 1917 жылғы Ақпан және Қазан революцияларына, дамудың кеңестік тағылымы мен мұрасына, ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргіннің салдарына обьективті тарихи баға беру мақсатына арналғандығы анық айтылған. Мінекей, Ұлы Ресейге жақпай қалғаны осы жайт.

INFORMBURO.KZ. "Екінші Бейбарыс атанған Абдұлла Бұхаридың ғұмыры – кешегі қазақтың тағдыры" - Қазақтың ұрпағы қазір 43 елде жүр. Солардың бірі – Шәкен Сарыұлы. Кезінде құлдыққа сатылған қазақтың баласы Саудияда генерал, Меккеде танымал бастық болған.

QAZAQTIMES.COM. "Дональд Трамптың соғыс ашуға құқығы бар ма?" - АҚШ әскерінің Нигер және өзге де Африка мемлекеттерінде соғысып жүргені Конгресс мүшелерінің тарапынан туындаған сұрақтардың қатарын жиілетті. Олар Америка жерінен алыс аумақтарда өз азаматтарының не себепті өмірін қатерге тігіп жүргенін білгісі келеді. Африка елдеріндегі жергілікті экстремистік топтарға қарсы қақтығыстарға араласуда АҚШ-тың қандай мүддесі бар екенін түсінбеген сенаторлардың сұрауына орай, мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон мен Қорғаныс министрі Джим Мэттис Америка Президентінің соғыс жариялау және жүргізудегі құқықтары туралы тұңғыш рет ашық қоғамдық талқылау өткізді.

QAMSHY.KZ. "Зайырлылық және гуманистік құқықтар" - Қай заманда болмасын қоғамның өз дүниеге көзқарастары арқылы адамзаттың даму тарихына орасан ықпал еткен ғұлама ойшылдар қоғам, парасат пен ізгілік жолын таңдау арқылы ғана игілікке жете алатынын меңзеген.

365INFO.KZ. "«Қырғызстанды өз еркіне қоя берсек – оны Өзбекстан басып алады» – Әзімбай Ғали" - «Неге солайдың» қонағы – саясаттанушы Әзімбай Ғалимен үлкен әңгіме болды.

DALANEWS.KZ. "Қырғыз билігі неге кешірім сұрай алмайды?" - Қырғызстанда көмір бағасы көтіріліп, кінәлі Қазақстан билігі болып жатыр. Себебі Қазақстан көмірді көрші елге экспорттауды тоқтатқан әрі шекарадағы қиындықтан кейін, көмір бағасы шарықтап кеткен.

31 қазан 2017, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.