Атырау, 19 желтоқсан 10:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"«Банктерге көмек беру – халықты қанау»", "Орталық Азиядағы ұнасымды елдер қатынасындағы өзгеріс", "Түбі «Bailatyn» нұсқасын қабылдауға мәжбүр боламыз", "Қазақстан экономикасы: Ең маңызды жаңалықтарға шолу"

2 324 просмотра

ZHASALASH.KZ. "«Банктерге көмек беру – халықты қанау»" - Қазақстан Ұлттық банкінің банк секторындағы қаржылық тұрақтылықты арттыру үшін АТФ банк, Еуразиялық банк, ЦентрКредитБанкі мен Цеснабанкке 410 миллиард теңге қаржылық көмек көрсететіні хабарланған еді. Бұл қаржылық институттардың акционерлері активтер сапасын жақсарту, жұмыс істемейтін кредиттерді азайту, банкті үстеме капиталдандыру бойынша жазбаша міндеттеме ұсынғандықтан, бас банктен көрсетілетін көмекке қол жеткізді делінген. Өзге банктер де осы тектес жоспарларын ұсынған соң, қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына қатыса алатын көрінеді. Бас банктің президент тапсырмасымен жекеменшік банктерге қол ұшын созуы соңғы 10 жылдан бергі тұрақты үрдіске айналды. Мемлекет осы күнге дейін қандай банктерге қанша көлемде қаржы құйғанын есептеп, саралап шықтық.

"Медсақтандыру қызмет сапасын қалай жақсартпақ" - «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде ем қабылдаушылар жоғары технологиялы операциялар жасатуға, ауруханаға жатып емделуге, анализ тапсыруға мүмкіндік алады. Денсаулық сақтаудың жаңа үлгісі ауруды ерте анықтап, оның алдын алуға ден қояды» дейді мамандар. Денсаулық сақтау саласындағы белгілі сарапшы Серік Тәңірбергеннің айтуынша, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін дәрігерлер пациенттерге сапалы көмек көрсетуге мүдделі болады. Медицина мамандары алдына келген адамды емдеп жазуға, тиісті дәрігерге жолдама беруге тырысады. Өйткені ақша ем алушының соңынан жүретін жаңа жүйе ұлт денсаулығын жақсартуға және аурудың алдын алуға негізделеді.

AZATTYQ.ORG. "Орталық Азиядағы ұнасымды елдер қатынасындағы өзгеріс" - Аяқталып отырған аптада Орталық Азияда Қазақстан мен Қырғызстан бір-бірін тағы да айыптаса, Тәжікстанда Иранға қарсы науқан жалғасты. Ал Өзбекстан басшысы ұзақ үзілістен соң Түркияға сапарлады.

"Мемлекет басшыларының марапатқа бөленген балалары" - 2017 жылы қазанның 27-сі күні Түркіменстанның Тәуелсіздік күні мерекесінде әскери қызметкерлер осы елдің президенті Бердімұхаммедовтің әкесінің атындағы медальмен марапатталды. Марапатталғандар арасында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовтің баласы, майор Сердар Бердімұхаммедов те бар. Орталық Азия елдерінде мемлекет басшыларының балалары жиі марапатталады. Қазақстан президенті Назарбаевтың екі қызы Дариға Назарбаева мен Динара Құлыбаева "Парасат" ордендерімен, күйеубаласы Тимур Құлыбаев "Барыс" орденімен марапатталған.

ABAI.KZ. "Рухани жаңғырудың тетігі орыс тілі ме?" - Қазақ елі Асан қайғы айтып кеткен Қилы заманның жағасында жар жағалап ғұмыр кешуде. Рухани санасы сан тарапқа жүгіріп тұрған заманға тап болдық. Ашықтық, жылдам ақпарат заманы. Тәуелсіздік инерциясымен тәуелсіз ел болдық деген жалаумен 25 жылды өткіздік. Осы жылдары жүргізілген көптеген реформалар, атқарылған жұмыстарды ауыз толтырып айта беруге 3-4 күнде жетпес.

"Түбі «Bailatyn» нұсқасын қабылдауға мәжбүр боламыз" - Осы уақытқа дейін латын алфавитінің жүздеген нұсқасы жасалды. Басым көпшілігін әуесқойлар, біршамасын тіл мамандары, қалғанын ресми институттар ұсынды. Бір жағынан бұл жақсы тенденция. Азаматтық қоғамның шағын бір көрінісі. Алайда алфавит нұсқаларының көп болуы сапаға әсер еткен жоқ. Тіпті бұл іспен кәнігі филологтардың айналысуы да керемет нәтиже көрсетпеді. Мейлі бұл менің субъективті көзқарасым болсын, бірақ осы уақытқа дейін ұсынылған алфавиттердің денін шала дер едім. Қай нұсқаны қарасаң да авторлар мәселеге тар фокуспен қараған. Бірі тек графикалық тұрғыдан келсе, екіншісі сыртқы көркемдігіне ғана мән береді. Үшіншісі өзінің саяси көзқарасына сай, төртіншісі өзінің мамандығына ғана ыңғайлы алфавит жасайды. Енді бірі мүлде жеке басының абыройын күйттеп кеткен.

INFORMBURO.KZ. "Соғым науқаны басталды, ал ет арзандамай тұр. Ет таңдай білесіз бе?" - Қыстық соғымды қарастырып жатырсыз ба? Әр үйдің әл-ауқатына қарай соғымға түйе, жылқы, сиыр сияқты ірі мал соятыны белгілі. Жалпы соғым туралы не білесіз?

QAZAQTIMES.COM. "Қазақстан экономикасы: Ең маңызды жаңалықтарға шолу" - Әр минут, әр сағат, әр күн сайын елімізде, әлемде халықты елең еткізер маңызды жаңалықтар болады. Ал оның бірі көзге ілінсе, енді бірі назардан тыс қалып жатады. Ендеше The Qazaq Times оқырмандары үшін осы аптада болған ең маңызды экономика жаңалықтарына шолу жасайды.

365INFO.KZ. "«Қой терісін жамылғандар…». Қырғыз билігінде кімдер отырғанын білесіз бе?" - Бұл мақалаға біржақты баға беруге болмас. Бізде де кемшілік көп. Анығы, біз де алысқа ұзаған жоқпыз. Бірақ, көршіміз де қояр емес. Атамбаев үдеп барды. Үдетіп барады. Негізді, негізсіз. Көршіміз, бірақ бөлек елміз. Бізде несі бар? Әлде ақпараттық шабуыл жасаған түрі ме? 

QAMSHY.KZ. "Автобустағы қария: бізден жуас халық жоқ" - Кешегі болған оқиға есімнен кетер емес. Нөмірі 16-шы автобустың ішінде күндегідей лық толған адам жоқ. Қала тұрғындарының сөзімен айтсақ, «тұрып тұрған ешкім жоқ». Сексеннің маңайына жақындап қалған қарияның жанына отыра кеттім. Бір-екі аялдамадан соң, көрші атам сөйлей бастады. Сондағы қарияның айтқан әңгімесі.


30 қазан 2017, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.