Атырау, 19 желтоқсан 11:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Қытай дәуіріндегі Қазақстан қандай болмақ керек?", "Ұлттық банк жекеменшік банктерге неге қаржы құймақ?", ""Жарты құдай" Си Цзиньпин", "Қазақтың сана-сезімі, рухани өресі украиндардан төмен емес"

3 419 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Жыныстық тәрбие жасына жетпей жүкті болуды азайта ма?" - БҰҰ-ның халық саласындағы қоры (ЮНФПА) дерегінше, 2015-2016 жылдары 15-19 жас аралығындағы қыздардың арасында бала туу коэффиценті әр 1000 қызға шаққанда 36-дан келген. Сауалнамаға қатысқан қыздардың 62 пайызы жүктіліктен жасанды түсік жасатумен құтылған. ЮНФПА бұл проблеманы оқу орындарының білім бағдарламасына адамгершілік-жыныстық тәрбие (жыныстық білім) сабақтарын енгізу арқылы шешуді ұсынады.

""Жарты құдай" Си Цзиньпин" - Қытай коммунистерінің қазанның 24-і күні аяқталған 19-съезінде Қытай коммунистік партиясының жарғысына ҚКП бас хатшысы, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің есімі мен саяси идеялары енгізілді. Партияның ресми баспасөзі жазғандай, съездің ашылу рәсімінде сөйлеген әрі үш жарым сағатқа созылған бағдарламалық сөзі "тарихқа енген" Қытайдың қазіргі басшысы осылайша көзі тірісінде ҚХР-дың жаңа тарихындағы айтулы екі тұлға - Мао Цзедун мен Дэн Сяопинмен теңесті.

ZHASALASH.KZ. "Қытай дәуіріндегі Қазақстан қандай болмақ керек?" - Біздің сүйікті үкіметіміз картоптың не себепті қымбаттағанын жұртқа түсіндіріп әлек болып жатқанда ежелгі көрші – Қытайда Қытай компартиясының кезекті XIX cъезі өтті. Бес жылда бір рет өтетін съезд әлемдік саясаттағы үлкен оқиғаға баланып, әлем елдері көз тігеді. Көз тігетіні – бұл жиында Қытайдың алдағы бес жылда ұстанатын саяси-экономикалық, әскери, ішкі-сыртқы саясатының негізгі бағыттары түзіледі және бас хатшы сайланады. Бір аптаға созылған съезд жұмысы бүгін аяқталады. Бұл – жалпы ақпар. Қазіргі заманда Қытайдың қолы жетіп, табаны тимеген ел жоқтың қасы. Дүниежүзілік экономиканың көшбасшысына айналып келе жатқан Қытай әлемдік саяси аренада да ең ірі ойыншы есептеледі. Біз Қытай компартиясының XIX cъезінен кейін көрші елдің Қазақстанға қатысты саясаты қалай өрістейді, қандай өзгерістер болуы ықтимал деген сауалдар төңірегінде ой қозғауды жөн көрдік.

"Ұлттық банк жекеменшік банктерге неге қаржы құймақ?" - Батыс ақпарат құралдары Қазақстан Ұлттық банкінің жекеменшік төрт банкке 1,2 миллиард доллар қаржылай көмек құятыны, қазақ-қырғыз қарым-қатынасы мен Қазақстанның тұңғыш рет Орталық Азия–Қытай газ құбыры арқылы Қытайға газ тасымалдай бастағанын жазған екен, сырт көздің не дегенін бөліскенді жөн көрдік.

INFORMBURO.KZ. "Алданған үлескерлердің баспанасын салуға міндетті кепілдік Қор бір жылда екі-ақ компанияға көмектесіпті" - Қазақстанда баспана салуда бағы ашылмаған жобалардың бірі – үлескерлік құрылыс. Бір ғана Астананың өзінде алпысқа жуық үй құрылысы аяқталмай қаңырап тұр.

QAZAQTIMES.COM. "Қытай басшысы өз есімін партия жарғысына енгізді" - Қытай Коммунистік партиясы Ши Жинпиңнің (Си Цзиньпин) статусын Мау Зыдоңның (Мао Зедун) деңгейіне көтерді. Құрылтайдың жабылуында партия лидерлері Конституцияны өзгертіп, «Ши Жинпиңнің Қытай бірегейлігіне сай жаңаша социализм туралы идеясы» деген ұранды партия жарғысына қосты. Бұл туралы сол елдің «People» және «Шинхуа» сынды ресми ақпарат көздері мәлімдеді.

ABAI.KZ. "Біресе "диграф", біресе "апостроф"..." - Латынға өтеміз. Елбасы осылай деп кесіп айтты. Халық та қолдап отыр. «Келісіп пішкен тон, келте болмайды» деген қазақ мақалына сай ел арасында талқылау да қызу жүріп жатыр.

"Байтұрсын әулеті көрген жүз жылдық қуғын" - 1885 жыл. Қарғалы. Бұл Тосын болысының тоғайлы, сулы, көрікті жерінің бірі еді. Тосын болысы өзеннің жағасы мен жиде тоғайының арасына ылғи аппақ ақ щаңқан киіз үйлер тіккен. Болыс сайлауы өтіп, ояз бастығы қатысқан үлкен жиын болып, оған қарасты Торғай бекетінің, Ақкөл, Аққұм, Шөптікөл ауылдарының өкілдері қатысқан. Сайлау қорытындысына наразылық білдіріп, іштен тынып тұрған негізінен Ақкөл, Аққұмнан келгендер еді. Бұ жақтағы белсенді, белді, ел арасында беделділері – үмбетейліктер, оның ішінде Шошақ балалары Ақтас, Байтұрсын, Сабалақтың жүріс-тұрыстары, сөздері де ірі еді.

365INFO.KZ. "«Не мынау?!». Білім саласындағы реформа бұрынғы вице-министр Мұрат Әбеновтің өзін күйіндірді" - Мен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу бағдарламасын қарапайым мектептерде оқытылуына толықтай қарсымын! Мәселе оқулықтарда да, тіпті, үш тілділік те емес…

DALANEWS.KZ. "Қазақтың сана-сезімі, рухани өресі украиндардан төмен емес" - Сұңғыла саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев арамызда қазір жоқ болса да, өзін толғантқан ойлары, ұстанған  принциптерін еліміздің тарихында алтын әріптермен жазып қалдырды. Сәрсенбаевтың шоқтай қызу ойларының бір шоғырын «Түркістан» газеті топтастырып берген екен. Өзекті, өлмейтін дүние болғасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

25 қазан 2017, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.