AZATTYQ.ORG. "Кәсіпкерлер шығынын кім өтейді?" - Шекарадағы жағдайдың кесірінен зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлеу мәселесін Қырғызстан үкіметі әзірше шешкен жоқ. Өткен аптада экономика министрлігі шығындарды есептейтінін хабарлаған.
"Әйел зорлайтындарды жақтаушылар қайдан шығады?" - Жыныстық бопса жасады деп айыпталып жатқан Харви Вайнштейннің айналасында өрбіген жанжал барған сайын күшейіп барады, бірақ халқының көпшілігі әлгі айыптауға сенбейтін бір ел бар. Ресейліктер Голливуд продюсерінің екіжүзді өміріне қатысты қым-қиғаш пікірлер жазған. Ол пікірлер америкалықтардың ақылына сыймаған. Foreign Policy осындай қорытынды жасайды.
ZHASALASH.KZ. "Досым СӘТПАЕВ, саясаттанушы: Орталық Азияда қытайшыл саяси топ пайда болуы әбден мүмкін" - Си Цзиньпин «Қытай әлемдік көшбасшы болуға құлшынбайды» деп мәлімдесе де, ғасырдың орта шеніне қарай Қытай әлемдегі нөмірі бірінші мемлекетке айналады. Мұны оның әлемдік экономикадағы үлес салмағы мен саяси ықпалының артып келе жатқанымен байланыстыруға болады. Мәселен, Трамптың келуімен АҚШ-тың әлемдік көшбасшылық позициясы әлсіреңкіреді. Трамптың өзі де «АҚШ өзінің ішкі мәселелеріне көбірек көңіл бөледі» деп айтқан еді, бірақ әзірге Трамп бұл мәселеде де әлсіздік көрсетіп отыр.
"Шыны зауыты: шыны қайсы, өтірігі қайсы?" - Қызылорда облысында салынып жатқан шыны зауыты туралы әңгіменің шыны қайсы, өтірігі қайсы екенін ел айырудан қалды. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа осы шыны зауыты арқылы 1 миллиард теңгені «шығарып» алды деген айып тағылғалы бері бұл жобаның тағдыры тығырыққа тірелгендей... Экс-министр «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгені сыбайластарымен бірге ұрлап, осы іс бойынша OrdaGlass және «Шымкентхиммонтаж» компанияларының басшылары мен Бишімбаевтың бауыры ұсталған болатын.
INFORMBURO.KZ. "Ши Жинпиң Қытайдың жаңа саяси бағдарын жариялады" - 2280 партия уәкілі қатысқан Қытай коммунистік партиясының кезекті XIX құрылтайы бүгін аяқталды. Құрылтай және Ши Жинпиңнің (Си Цзиньпин) саясаты туралы талдау.
ABAI.KZ. "Үкіметтің ашып, қайта жапқан жобалары..." - Қырғыздың төртінші президенті Алмасбек Атамбаевтың Президент Назарбаев әм оның үкіметі жүргізіп отырған экономикалық саясат жайлы сын сөздерінен кейін екі елдің шекарасында шектеу пайда болды. Жүздеген көлік кептеліп жатты. Қараша халық шекарадағы шарбақта "шыжғырылып" тұрды. Тауар-блокадасы қырғыз саудагерлерін әбігерге салды.
"Елде қызтекелердің көбеюіне өзіміз кінәліміз..." - Лут пайғамбарымыздың кезінде елді қызтекелер жайлаған еді. Алладан бұйрық келіп, періштелер елді түгел астан-кестеңін шығарып жерді төңкеріп тастауға сол жерге келеді. Періштелер намаз оқып отырған мұсылмандарды көріп сәл іркіліп қалады. Кейін Алла-Тағалаға: "Бұл жерде иманды пенделерің намаз оқып жатыр, біз қалай оның намазын бұзамыз" - деп сұрақ қояды. Сонда Алла-Тағала: "Зұлматты дәл сол намаз оқып отырған мұсылмандардан бастаңдар. Себебі, олар қызтекелердің көбейіп жайылуына бөгет болмай, керісінше жұмыртқалап көбейіп қанат жаюуына мүмкіндік бергені үшін" - депті.
365INFO.KZ. "Қырғыздар көмектен неге бас тартты?" - Отандық мамандар Қырғыз елінің Қазақстан бермекші болған 100 млн доллардан бас тартуының себебін түсіндірді.
QAZAQTIMES.COM. "Бос жұмыс орындары туралы ақпарат қалай жиналады?" - Әр мемлекет үшін жұмыссыздар секторын ұлғайтпау, тез арада жұмыспен қамтуда түрлі тетіктер қолдану маңызды. Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс болса, Қазақстанда бұл бағытта қандай шаралар қолданылады?
AIKYN.KZ. "«Хэллоуин» бізге керек пе?!" - Жуырда Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болғанымда, құбыжық кейпінде киінген бір топ жас назарыма түсті. Жаныма «Сіз Хэллоуин тойлауға дайынсыз ба?» деп өзіміздің қарагөз қыздар Хэллоуин кеші өтетін жарнамалық парақшаны таратты. Тіпті бұған қатты қызығушылық танытып, бұл мейрамды қалай тойлайтындарын талқылап жатқан оқушыларды да байқадым. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегендей Батыстан ғылым мен техникадағы тәжірибелерін, жетістіктерін үйренсек құба құп қой. Мән-мағынасы жоқ, жастарға жат дүниені насихаттайтын Батыстың бұл мейрамы мен дәстүрі бізге қажет пе?! Онсыз да Әулие Валентин күнін ұлттық мейрамға пара-пар тойлайтындар қатары азаяр емес.