Атырау, 27 сәуір 07:12
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Дәрігердің жалақысы - 1 000 доллар

2 299 просмотра

10 сәуірде облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне (БҰДЖ) көшкеннен кейін біздің облысымызда дәрігерлердің орташа еңбекақысы дифференциалды төлем мен жан басына шаққандағы нормативке ынталандырушы компонентін қосқанда148 мың теңгеге жететіндігін, ал, орта буын медициналық қызметкерлердің жалақысы – 90 мың теңге болатындығын мәлімдеді.

Бұл цифрлар БҰДЖ жұмыстарының қорытындысы бойынша облыстық әкімдікте өткен мәжілісте жария етілді. Жүйенің қалай жұмыс жасайтындығын еске түсіре кетелік, медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында денсаулық сақтау министрлігі емханалар үшін бірқатар индикаторларды белгіледі: ана мен балалардың өліміне, онкопатологиялық және туберкулез салдарынан өлімге әкелетін сырқаттардың өз уақытында анықталмауы, науқастардың шағымдары мен арыздарының бар болуы.  Егер емханалар осы индикаторлар бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізсе, онда мемлекеттен қосымша қаржы алады.

Өтепқалиевтің айтуынша, 2011 жылы осы мақсат үшін республикалық бюджеттен 213 млн теңгеден аса қаржы бөлінген.

БҰДЖ аясында облыстағы күндізгі стационарларда төсек саны 318-ден 531-ге дейін өсті. Ал, ондағы емделген науқастар саны 22,7 мыңнан  26,3 мың адамға дейін артты.

Жалпы өлім көрсеткіштері - 6,5%, бала өлімі –  3%, аналар –  71,9% төмендеді. Орташа өмір сүру ұзақтығы 68,5 жасты құрайды.

Өңірдегі ең өзекті мәселенің бірі туберкулезге қатысты жайт. Өткен жылдың қорытындысымен бұл көрсеткіш 6,9 пайызға кеміген. Дегенмен, тұтастай алғанда, республикалық деңгейден тым жоғары. Бұл сырқатқа көбіне Атырау және Құрманғазы ауданының тұрғындары шалдыққан. Облыста онкологиялық сырқатпен ауыратындар саны да артып келеді: 2011 жылы – 716 болса, 2010 жылы – 687 болған еді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

18 сәуір 2012, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.