AZATTYQ.ORG. "«Мемлекеттік құпия» ісі бойынша Дүтбаев үкімі өзгермеді" - Апелляциялық сот ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың шағымын қанағаттандырудан бас тартып, оны мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін айыпты деп тапты. Дүтбаевқа қарсы "қаржы жымқыру" туралы екінші іс қозғалған. Ол істе Дүтбаевтың інісі мен парламенттің бұрынғы депутаты аталады.
"Қанға боялған камера" - Аты-жөнін жариялаудан қорықпаған шешенстандық алғашқы гейдің айтқандары.
ZHASALASH.KZ. "Әкімдер мінсе де, автобустың жағдайы жақсармады" - Семейдегі қоғамдық көліктер қызметінің сапасы сын көтермейтіні туралы әңгіме «айтақтай-айтақтай қасқырдан да ұят болдының» керін келтіріп отыр. Қаладағы жолаушы тасымалымен айналысатын алты компания жолақыны көтермесе, халықтың тарапынан айтылған сын мен әкімдіктің ескертпе-талаптарын шыбын шаққан құрлы көрмейтінін аңғартып, өз дегендерімен жүре беретін. Қалалық әкімдік пен мәслихат депутаттары амалсыздан олардың айтқанына көніп, тамыз айынан бастап жолақыны 80 теңгеге көтерді. Бірақ мұның қала тұрғындарының қалтасына ауыр соғатынын жергілікті билік жатқа білгенімен, есесіне автобустар мен «Газельдердің» жүру уақытын сағат 22:00-ге дейін ұзартқандарымен жуып-шайып, екі жаққа да (халық пен жолаушы тасымалымен айналысатындарға) жақсы көрінгендей болып еді.
"Батыр бабаммен мақтанамын" - Басынан талай қиыншылықты өткерген Қазақ елі тәуелсіздігін алып еңсесін көтерген шақта өшкеніміз жанып, жоғымыз бүтінделіп келеді. Оған, міне, бүгін баршамыз куә болып отырмыз. Әділдік жолында жанын құрбан еткен, қазақтың қайсар батырларының бірі Кейкі Көкембайұлы екені сөзсіз. Атқаны мүлт кетпейтін мерген, әділ, адал, діндар, елін таза жүрегімен сүйе білген, ұлт-азаттық көтеріліске белсене араласып, қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жан аямай күрескен азамат.
ABAI.KZ. "Әкімнен күткеніміз осы ма еді?" - Осы бір дүниені жазбай-ақ қояйын деп едім. Алайда осы бір түйткіл мазамды алып, ойымды өзгеге бұрдырмай қойды...
"Латынға А. Байтұрсынұлынша көшудің уақыты келді!" - Жақында президентке ұсынылған соңғы апострофты латын әліпбиін көрдік, ақиқатын айтсақ, онда апострофтар келсін-келмесін қолданылған. Апострофта ешқандай нақты функция жоқ. Оған қоса, алдыңғы диграфті латыннан еш артықшылығы жоқ, жазған кезде ұзарып, шұбалаңқы болып кетеді.
365INFO.KZ. "«Божко бүй дегісі келген…». Сарапшы ауыл жастары туралы шындықты айтты" - Ауыл жастарын құбыжық қып көрсетіп жүрген кім? Тұрақсыздық пен бассыздыққа ауылдан қалаға ағылған жастары кінәлі ме?
"«Соғыс болса қайтеміз?». Қымбат мұнай дәуірі қайта оралады — мамандар" - Мұнай дәуірі бітпепті. Халықаралық нарықта «қара алтынның» бұрынғы қымбат бағасы қайтып келеді. Ал осыған дейін мұнайдың бағасын қасақана қолдан күштеп түсіріп келіпті. Енді оны күштеп ұстауға әл жоқ көрінеді.
QAZAQTIMES.COM. "Атамбаевтың ақыры немесе Астана Бішкек дауы қайда бет алды?" - Шетелік БАҚ өкілдерінен бастап, қазақстандық БАҚ-қа дейін жарыса жазыр,сызып, айтып жатқан қазақ-қырғыз қарым-қатынасының ушығып тұрғанына бір айдан астам уақыт өтті. Қазақстанда бірі мақтап, бірі даттап жүрген қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев қазақ билігін сынап күн ара мәлімдеме жасауды әдетке айналдырды. Қазақстан билігі оған қарсы ресми жауап қатпаса да шекара күшейту, қырғыз сүт өнімдерін елге кіргізбей қою сынды түрлі қадамдарға баруда. Жалпы қазақ-қырғыз қарым-қатынасындағы дау Қырғызстанда президент сайлауы аяқталса да басылар емес.
""