Атырау, 19 желтоқсан 11:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Жиенбековтің жеңгені – Атамбаевтың кеткені деген сөз емес", "Қырғызстанда президент сайлауы қалай өтті?", "«Доллар тығып отырғандар ұтылады». Мамандар Ұлттық банктің қулығын ашты", "Жаңа әліпби үшін дәйекше дәйекті ме?"

2 662 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Ащысайлықтар өздерін тұйықта қалғандай сезінеді" - Совет Одағы тұсында алдыңғы қатарлы ірі кен орны болған Ащысай ауылында қазір басты проблема – жұмыссыздық. Соңғы ширек ғасырда халқының саны күрт азайып кеткен ауылда негізінен балалар мен қариялар қалған.

"Қырғызстанда президент сайлауы қалай өтті?" - AzattyqLIVE Қырғызстанда кеше өткен президент сайлауын талқылады. Тікелей эфир хабарына Қырғызстандағы "Атамекен" партиясының өкілі Айбек Тұрдыбаев пен қазақстандық саясаткер Әміржан Қосанов қатысты.

ZHASALASH.KZ. "Ауылым көшіп келсе Қызылжарға..." - Биылғы тамыз, қыркүйек айлары сапармен өтіп, Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан (Өскемен, Семей), Астана, Солтүстік Қазақстан облыстарын аралап қайттым. Дүниеге жар салып, ел жүрегін дүбірлеткен ЭКСПО-ны да аралап көруді Алла бізге нәсіп қылған екен. Соңғы күндеріне дәл келіппіз. ЭКСПО жыры өз алдына бір дүние. Біз сапарымыз жайлы, яғни солтүстіктің қыры мен сырын мақаламыздың арқауы етуді жөн көрдік.

QAZAQTIMES.COM. "Катардың әмірі Малайзияға не үшін барды?" - Араб мемлекеттерінің тарапынан сынға ұшырап, дипломатиялық дағдарысқа түскен Катардың әмірі Шейх Тамим бин Хамад әл-Тани министрлер кабинеті және кәсіпкерлік өкілдерін бастап, Малайзияға екі күндік жұмыс сапарымен барды. Малайзияға жексенбі күні ат басын тіреген Катар әмірі Малайзия басшыларымен экономика, энергетика және инвестиция салаларында келіссөз жүргізеді. 

"Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің тізімі жарияланды" - Forbes Kazakhstan Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің тізімін жариялады. Тізім бойынша соңғы бес жылда танымал бизнесмендер көшін бастап тұрған Болат Өтемұратов екінші орынға түсті.

365INFO.KZ. "«Бұл былай істеді…». Танымал журналист Атамбаевтың екі үлкен қателігін айтып салды" - Артық кетті. Асыра сілтеді. Анығы, біліп айтты. Ойындағыны ақтарды. Бұдан бұрын, ендігі жердегі Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев біз жайлы не дегенін білетін боларсыз?

"«Доллар тығып отырғандар ұтылады». Мамандар Ұлттық банктің қулығын ашты" - Ұлттық банк Ұлттық қордан 1 млрд доллар алып, оны биржаға шығарып саудаламақшы деген хабарды естіген сарапшылар тосырқап қалды. Көбісі, бұл инвесторлар үшін күтпеген жайт болды десті.

INFORMBURO.KZ. "Шымкенттік жігіт 100 доллармен бүкіл Еуропаны аралап, өзі армандаған Исландияда болып қайтты" - Қазіргі кезде тіл білген адамға көп шығынданбай, саяхаттауға мүмкіндік мол. Соның бірі – avtostop – жолай кездескен көлікпен тегін сапарлау.

ABAI.KZ. "Жиенбековтің жеңгені – Атамбаевтың кеткені деген сөз емес" - Қырғыздағы президенттік сайлау аяқталды. Социал-демократтар атынан сайлауға түскен Сауранбай Жиенбеков халықтың 54 пайыздан астам дауысына ие болып, Тәуелсіз қырғыз тарихындағы бесінші Президент атанды. Сауранбай Шәріпұлының сайлаудағы сапары сәтті болды. Қазіргі Президент Алмазбек Атамбаевтың ашық көмегімен қырғыздың тағына отырды.

"Жаңа әліпби үшін дәйекше дәйекті ме?" - Елбасы ұлттық әліпби түзу үшін ширек ғасырлық уақыт пен барлық жағдайды туғызып келеді. Өйткені бұл әліпби қазақты өркениет өрісіне өрлететін өрелі әліпби болуы тиіс.  Алайда қазақ әліпбиін ондай қалыпқа әлі келтіре алмай жатқан жайымыз бар.

TENGRINEWS.KZ. "Бабанов пен Атамбаевтың текетіресі: Кім не деді?" - Қырғыз Республикасының қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев шетелдік олигархтың "Омурбек Бабановты қолдасаң 20 миллион доллар беремін дегенін" айтты.

DALANEWS.KZ. "Бізге қызығып, орыстар латынға көшіп кетпесін" - Латынға көшуді қолдаймын! Қазір елімізде екі үш сөйлемнің басын құрай алатынның бәрі латынға көшуді қолдайтындарын білдіріп мақала жазудан жарыс жүріп жатқандай… 


16 қазан 2017, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.