AZATTYQ.ORG. "Орталық Азия мен Ресейді біріктірген "үлкен туған күндер"" - Биыл Ресей президентінің туған күнінде наразылар шеруі өтсе, Орталық Азия елдері басшыларының туған күні бұрынғыдай дәріптеу, әспеттеумен сипатталды. Аймақта тек Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев қана биыл тұңғыш рет президент ретіндегі алғашқы туған күнін тойлады.
"«Шахтерлер облысында» көмір тапшылығы байқалды" - Қарағанды облысындағы түрлі елдімекен тұрғындары көмір күрт қымбаттап кетті деп шағынады. Азаттық тілшісі көмір өндіретін облыстағы "көмірге қатысты ахуалмен" танысып қайтты.
INFORMBURO.KZ. ""Сергек" неге сеніп отыр? Жүргізушілерге қажетті тың ақпарат" - Астаналық жүргізушілердің "Сергек"-тен "тығылып" жүргеніне бір айға жуықтады. Ең көп талқыланып жатқан тақырыпты тың фактілермен толықтырайық деп шештік.
ABAI.KZ. "Қияндағы құпия жиын: зымыран қалдықтары құлай берсін" - Елімізде ғарыштық техниканың адам естіп көрмеген жетістігіне бағалап, бөркін аспанға атып, қуанған «Союз-2» (орыстар осы бір аттан арылмай-ақ қойды-ау, әйтеуір) зымыраны халықаралық OneWeb жоба шеңберінде орбитаға шығарылатын болды. Шығарылғаны бар болсын, оның қалдықтарын қазақтың текті жері, тарихи бөлігі іспетті әрі тек қалың қазақ қана орналасқан Жангелдин ауданынының жеріне яғни жергілікті тұрғындардың басына түсетін болды. Мұны енді қуанышты хабар деуге аузымыз бара қоймас. Алайда осы ғарыш саласын басқаратын әрі оған жауапты лауазымды жандар мұны жай ғана өндірістің қалдығы ретінде болып жататын, әншейінде ешкім де назар аудара бермейтін, тіпті айтуға да тұрмайтын дүниелердің қатарына жатқызатын сыңайлы.
"Қолды болған құжаттар" - Тарихсыз мемлекет жоқ екендігі де ақиқат, оның бар беті құжаттық жадының алып қазынасы болып табылады. Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы» Заңында «Ұлттық мұрағат қоры Қазақстан халқының тарихи – мәдени мұрасының ажырамас бөлігі» деп көрсетілген. Мемлекеттік мұрағаттар заңнамалық тұрғыдан белгілі бір міндетті атқаратын арнайы мекеме болып табылады. Мемлекеттік мұрағаттардағы жүргізілетін жұмыстардың басты мақсаты – мұрағат қорларын сақтау, үнемі толықтырып отыру, халық игілігіне пайдалану.
QAZAQTIMES.COM. "Қазақстан экономикасы: Ең маңызды жаңалықтарға шолу" - Апта сайын елімізде, әлемде түрлі халықаралық, саяси, экономикалық маңызды жаңалықтар болады. Оның бірі бірін оқысақ, енді бірі назардан тыс қалып жатады. Ендеше The Qazaq Times оқырмандары үшін 2-7 қазан аралығында болған ең маңызды экономика жаңалықтарына шолу жасайды.
TURKYSTAN.KZ. "ЭКСПО елімізге не берді?" - Биылғы жыл ел жылнамасында айрықша әріптермен жазылатын айтулы оқиғаларға толы болды десек, олардың көш басында төрткүл дүниенің назарын Қазақ еліне бұрған айтулы оқиға – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі тұрғаны талассыз. Үш айға созылған жаһандық шара мемлекетімізді әлемдік қауымдастыққа жаңа қырынан танытып қана қоймай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрістеуіне, мәдени дамуына тың серпін берді.
BAQ.KZ. "Әдеби Нобель кімге не үшін берілді?" - Әдебиет бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығын Жапониядан шыққан британ жазушысы Кадзуро Исигуро иеленді. Ресми формулировкада айтылғандай, Исигуро эмоциялық қуаты орасан романдарында әлемді сезінуіміз түпсіз жалған екенін көрсеткен. Baq.kz ақпарат агенттігі бірнеше шетелдік басылым материалы негізінде жаңа лауреатты және шығармашылығын қысқаша таныстырады.
AIKYN.KZ. "Орынсыз той шығыны немесе ақшамен «тіл табыса» аласыз ба?" - Капитализмді кейбіреулер «байды байыта береді, кедейді одан сайын кедейлендіре түседі» деп қабылдайды. Бірақ капитализмнің шегіне жеткен елдерге қарасақ, керісінше, адамзатқа жасалған көп мүмкіндіктерге куә боламыз. Себебі, нарық заңдылықтарына бой үйреткен адам қашанда қаражатпен тілдесудің жолын табады. Бірақ ақшамен «достаса» алмайтындар да бар. Біз көп жағдайда бір нәрсеге шығындалмас бұрын ақылға жүгіне бермейміз. Мұны психологтар да дәлелдеген. Тіпті, кейде адамдардың тұтынушылық инстинктін басқара алмауы әлемдік дағдарысқа себепші болып жатады.
DALANEWS.KZ. "Билік пен халықтың арасы қалай алыстайды?" - Алматы қаласының тұрғындары жылуды күткеніне біраз болды. Қалыптасқан жағдай, хатқа түскен уәделі мерзім бойынша алматылықтар 15 қазанда жылуға қол жеткізуі тиіс. Бірақ табиғат әкімдік секілді 15 қазанды күтіп отырмайды ғой. Әп-сәтте Алтаудың басына ақ шәлісін орап, оның ызғары етектегі шаһар тұрғындарын бүрсеңдетіп қояды.
QAZAQUNI.KZ. "Қырғызстандағы президенттік сайлауда Қазақстанның өзінің «жеке» адамы жоқ – сарапшы" - Бішкек пен Астана арасындағы қарым-қатынастар осы елдердің тәуелсіздік алғаннан бері ең ауыр дағдарысты бастан кешуде. Тіпті Қырғызстан үшін өте күрделі 2010 жылы, қазақстандық саясаткерлер мен сарапшылардың сәуір төңкерісіне баға беруіне байланысты болған көршілер арасындағы түсінбеушіліктер де мұндай ашық пікірталасқа дейін жеткен емес еді. Оған қоса, ресми Бішкек тарапынан осындай мәлімдемелер 7 қазанда елдің бірінші адамы деңгейінде жарияланды.
365INFO.KZ. "Ресей арқылы тасымалданатын Қазақстан мұнайына санкция салына ма?" - ҚР Энергетика министрлігі АҚШ-тың Ресейге салған соңғы санкциясы Каспий құбыр консорциумын кеңейту жоспарына кері әсер етуі ықтималдылығын мәлімдеп еді.