Үкімет өрт қауіпсіздігінің жаңа ережесін бекітті.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Сағынбек ӨМІРЗАҚОВТЫҢ айтуынша, өзгерістер, атап айтқанда, саяжай серіктестіктеріне қатысты. Олардың басшыларына саяжайға баратын жол бойына серіктестіктің атауы мен оған дейінгі қашықтықты көрсететін көрсеткіштер орнатуға міндеттеді. Бұдан басқа, әрбір саяжай поселкесінде сыйымдылығы 25 текше метрден кем емес арнайы су тоғандары болуы тиіс; жазда әр үйшікте 200 литрден кем болмайтын суы бар ыдыс тұруы қажет; саяжай поселкесі 20 учаскеге бір қалқан есебімен өртке қарсы қалқандармен жарақталған болуы тиіс екен.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ