ZHASALASH.KZ. "Ақышев сырын айтамын деп шынын айтты" - Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің пайымдауынша, елдегі инфляцияға кінәлі халық екен. «Тұрғындар мен кәсіпорындардың баға өседі деп күтуі инфляцияға әсер етті», – деп салды алтын басты төраға. Былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда тауар бағасы 7,8 пайызға бір-ақ өсіпті. Бұл шарықтауға, Д.Ақышевтің сөзімен айтқанда, халық кінәлі.
"«Нұрлы жолдың» арғы беті немесе «бір белдеу – бір жол» қайдан шықты?" - Қазір ақпарат құралдарында, елде өткізіліп жатқан халықаралық форумдарда, ғаламторда халықаралық экономикалық ұғымға байланысты жиі ұшырасатын атаулардың бірі – «Бір белдеу – бір жол» стратегиясы. Ендеше, ол нендей стратегия және оның Қазақстанмен қатыстылығы қалай? «Бір белдеу – бір жол» стратегиясы – Қытайдың өзінің алдыңғы 40 жылдық экономикалық жетістіктерін бекемдей отырып, жаңа халықаралық саяси-экономикалық, геосаяси жағдайларды қарастыра келе, «Сыртқа есік ашу» стратегиясын жаңа, жоғары белеске көтере дәріптеуі.
"Каталония казусы" - Юриспруденцияда «казус» (латынша – casus) деген термин бар. Оны «cорақылық, шатақ, шырмау» деп аударып жүрміз. Осы сөзбен аса бір қиын, шырмалып қалған, біржақты шешімін табуы тіпті де мүмкін емес жайттарды атайды. Сондықтан күні кеше Каталонияда өткен референдум туралы айтқанда дәл осы терминді пайдалануды құп көрдім. Өйткені бұл, шындығында да, казус!
AZATTYQ.ORG. "Құқық қорғаушының ісі «дұрыс ресімдеу үшін» қайтарылған" - Бірер жыл бұрын өзін құқық қорғаушымын деп мәлімдеген Санат Бөкеновтің балқаштық бірнеше шенеунікке қатысты «жалған мәлімет таратқаны» үшін қамауда отырғанына бір жылдан асты. Азаматтық некедегі әйелі апелляциялық сот ерін ақтайтын шығар депүміттенеді.
"Құлаған ұшақтың "қара жәшігі" Мәскеуге жіберіледі" - Алматы облысында құлаған санитарлық авиация ұшағының ұшу ақпаратын жазу құрылғыларын сараптама жасау үшін Мәскеуге жөнелтеді. Бес адамның қазасына соқтырған ұшақ апатына байланысты бас көлік прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.
INFORMBURO.KZ. "Қазақстанның астығының сапасы неге нашарлап кетті?" - Соңғы жылдары егінге улы химикаттар көп себіле бастаған. Сарапшылар сауатсыз фермерлердің білместікпен зиянды қоспаларды көптеп қолданатынын айтады.
ABAI.KZ. "Секта көп, сауатты уағызшылар аз..." - Cақалды, ұзын жейделі жігіттер мен бет-аузын тұмшалаған жап-жас қазақ қыздары көбейіп барады. Олар қай дінді ұстанады? Ата-бабасының ғасырдан-ғасырға жалғасқан асыл ата дінін бе, әлде ұлтжандылыққа қарсы, салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан ада, бөгде діни ағымдардың жетегінде кетті ме? Осы сауалдар мақаламызды жазуға негізгі себеп болды.
"Қазақтың жалғыз бауыры орыс па?.." - Неге екенін қайдам, маған бүгінгі Қазақстан билігінде отырғандардың көпшілігі өмірге, осынау жарық дүниеге көзқарасы қалыптаспаған, іс-әрекеті бірде – олай, бірде – бұлай, аумалы-төкпелі, мінез-құлқы, сөйлеген сөзі, айтқан ой-пікірі қысқа күнде қырық құбылып тұратын, сөйте тұра мол байлыққа, топан ақшаға кенелудің жылт еткен сәтін қалт жібермейтін дүниеқоңыз, той-думанға тоймайтын жасөспірім, «переходный возрасттағы» жігіт-желең, қыз-қырқын сияқты көрінеді де тұрады. Және олардың бүйту себебі ықылым заманнан осы жердің, осы елдің иесі қазақ бола тұра бұл мемлекетті Қазақ Елі, Қазақ Мемлекеті деуге кім көрінгеннен қорқасоқтап Қазақстан Республикасы деп атауының кесірінен болған сияқты.
QAZAQTIMES.COM. "Күніне қанша литр су ішу керек?" - Адам ағзасының 80 пайызы судан тұратыны туралы деректі барлығы біледі. Бірақ суды көп не аз мөлшерде пайдаланбас үшін, оның ғалымдар белгілеген күнделікті нормасы жөнінде екінің бірі хабардар деп айта алмаймыз. СNN Health жариялаған судың адам денсаулығына пайдасы туралы мақаласы біздің назарымызды аударған еді.
TURKYSTAN.KZ. "Көбелек қанатынан туған дауыл" - «Дүниенің бір бұрышында көбелектің қанатынан туған леп жер шарының екінші бұрышында дауыл тұрғызады-мыс» деген теория бүгінде ақиқатқа айналған. Дүние шыр айналып, Ғалам тарылып барады. Содан болар, бір елде болған оқиғаның басқа мемлекеттерде ірі саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерге себепші болуы қалыпты жағдайға ұқсай бастады. Әйтпесе, кеше ғана Германияда өткен Бундестаг сайлауы мен бір жыл бұрынғы Брексит референдумының, одан кейінгі АҚШ пен Франциядағы президент сайлауларының арасында не байланыс болуы мүмкін? Байланыс бар, болғанда да ол – біріне бірін сабақтас қылған бұлтартпас желі.
"Жаңа бұйрық ескі әдетті жеңбей тұр" - Күз келіп, оқу жылы басталса, баласы мектепке баратын ата-ананың жылдағы бас ауруы қайта басталады: мектеп қорына ақша жинау, сыныптың құрал-жабдықтарын түгендеу, мерекелерді атап өту, ұстаздарға сыйлық жасау. Қысқасы, таусылмайтын «салықтар». Министрлік ата-аналардан ақша алуға тыйым салғанымен, мектептер үйреншікті әдетінен танар емес. «Бұларың не?» десе, ақша жинауға ата-аналардың өздері мүдделі екенін алға тартады.