Атырау, 19 желтоқсан 11:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Назарбаевтың «Түркияға бермейтін» мұғалімдері кетуге мәжбүр", "Қанды референдум немесе мойындалмаған тәуелсіздік", "Бухгалтер, миллионер, ойыншы. Лас-Вегасты қанға бөктірген Стивен Пэддок кім?", "Талаққа «талақ» десек болмай ма?!"

1 947 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Назарбаевтың «Түркияға бермейтін» мұғалімдері кетуге мәжбүр" - Қазақстанды ұзақ жыл мұғалім болып істеген Түркия азаматтары елдеріне қайтудан сескенеді. Президент Назарбаев «жазықсыз азаматтарды Түркияға бермейміз» десе де, жергілікті органдар визасын ұзартпаған соң олар Қазақстаннан кетіп жатыр.

"Лас-Вегас шабуылын "ИМ мойнына алды"" - Лас-Вегас полициясы қаладағы музыка фестивалінің көрермендеріне оқ жаудырған адамның кім екенін анықтады. Шабуылды ИМ мойнына алды. Қастандықтан 50-ден астам адам өліп, 400-ден астамы жараланды.

QAZAQTIMES.COM. "Қырғыз президенттігіне үміткер Жээнбековтың террорлық ұйымдарға қандай қатысы бар?" - Бүгін Қырғызстанда танымал журналист, өз кезінде ел президенті Асқар Ақаевтың баспасөз хатшысы қызметін атқарған Қабай Қарабековтың сот отырысы өтеді. Қарабаевтың ісін Бішкек қаласының Свердловск аудандық соты қарайтын болады. Одан Қырғызстан президенттігіне үміткер, экс-премьер-министр Сооронбай Жээнбеков өзіне қатысты жалған мақала жазғаны үшін моральдық шығын ретінде 72 мың доллар көлемінде өтемақы талап етуде. 

"Қанды референдум немесе мойындалмаған тәуелсіздік" - Қазан айының 1-і күні Каталонияда тәуелсіздік алуға байланысты референдум өткені белгілі. Ел халқының 42 пайызы қатысқан референдумда дауыс берушілердің 90 пайызы Каталонияның тәуелсіз ел атанғанын қолдайтындарын білдірген. Бірақ ресми Мадрид Каталония халқының 42 пайызы қатысқан референдум қорытындысын заңсыз деп танып, "референдумды ұйымдастырушылар Каталония тәуелсіздігін құрдымға жіберді" - деп мәлімдеген. Осыған байланысты әлем назарын өзіне аудартқан Каталония референдумына дейін және кейін бұл аймақта қандай саясат жүргізілгендігіне қысқаша тоқталатын болсақ. 

ABAI.KZ. "Фольклор - халықтық тәрбиенің озық үлгісі" - Әсіресе, әрбір күн террорлық актілер мен ондаған адамдардың қаза тапқандары туралы хабарларды  жеткізетіндігін айта келіп, бүгінде халықаралық терроризмнің әлемге елеулі қатер төндіріп тұрғандығына үлкен алаңдаушылығын білдірді. Елбасы айтқандай, жаңа жаһандық өмір шындығының сын-қатерлеріне біз өзіміздің нақты мүмкіндіктеріміз негізіндегі біртұтас іс-қимыл стратегиясын қарсы қоюымыз керек. Бұл ретте әрбір Қазақстандық бей-жай қалмай, өз үлесін қосқаны жөн.

QAMSHY.KZ. "Талаққа «талақ» десек болмай ма?!" - Талақ дегеніміз араб тілінен аударғанда «тастау, ажырасу» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде көп қолданылып жүрген аталмыш сөз ислам дінінде рұқсат етілгенімен, Алланың ең жек көретін амалының бірі. Алайда қазіргі көптеген  діншіл жастар бұл сөзді мағыналық жағынан да, орындалу тәртібі жағынан да дұрыс түсінбейді. Елімізде жат ағымның жетегінде кеткен қыздар 2-3 еркектен емес, 8 еркектен талақ алып, іштегі шақалағының әкесі кім екенін білмей жүргендер олардың шариғаттан хабары жоқ екендігін, дұрыс түсінбейтінін білдіреді. 

BAQ.KZ. "Бухгалтер, миллионер, ойыншы. Лас-Вегасты қанға бөктірген Стивен Пэддок кім?" - АҚШ тарихындағы ең қанды атысты жасаған Стивен Пэддок ешқашан заңға қатысты айтарлықтай проблемасы болмаған, екі шағын ұшағы бар, жағдайы тым жақсы зейнеткер болып шықты. Қазір оны бұл іске нендей себеп итермелегені зерттеліп жатыр.

QAZAQUNI.KZ. "Экстремизмге ғылым мен білімді қарсы қою керек" - Замана жолы өрден-өрге оздырып, белестен-белеске шығарған сайын ел келешегі, ұрпақ тағдыры туралы ойлар әр қияға жетелейді. Ұстаздарымыздан үйренген ғадетпен сол ой-қиял-қияларды жіліктеп, сұрыптап, сөрелерге бөліп тастаймыз ғой. Әлқисса, білім мен ғылымның, экономиканың сан түрлі салаларын өркендетудің сонау көз ұшындағы келешекке дейінгі жоба-жоспарлары жасалған, тіпті цифрларына дейін тәптіштеп көрсетілген. Жаратқанның жазуы, өркениеттің дамуы арқасында бүгінде ғылым мен білім, экономика біте қайнасып кетті емес пе, кешегі «дауылпаз» Маяковский мұны «білім десек ойымызға оралар экономика» деп әспеттеп, тақпақтата жөнелер еді. Иә, бұрынғы-соңғы білімнің іргетасы да, арқауы да ақпарат қой, сол ақпарат бүгінде экономиканы да өрге сүйрей бастады. Ашығын айтсақ, дамыған Батыс сол ақпаратты оң жамбасына алып, ақпараттық қоғам, ақпараттық мемлекет, ақпараттық экономика дегендерді бірінен соң бірін тоғытып, жайластыра, жайғастыра бастады.

AIKYN.KZ. "Капитал жинаудың жаңа түрі – алтын құймалар" - Биыл «Халыққа арналған тазартылған алтын құймаларды сату мен сатып алу» бағдарламасы іске қосылды. Алтын құймалар екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылымға шығып, ел тұтынатын тауарға айналды. Осы күнге дейін ел тұрғындары жинақтарын депозитке салып немесе шет ел валютасымен ұстайтын. Енді Ұлттық банк капитал жинаудың жаңа түрін ұсынып отыр. Бұл – алтын құймалар. Әзірге елдің пікірі оң және алтын құймаларды сатып алуға ниеттілер саны күн өткен сайын көбейіп келеді.

3 қазан 2017, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.