Атырау, 19 желтоқсан 14:16
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Сақалды телефонның сыры неде?", "Қазақстан билігіндегі қазақ тілінің көрінісі", "Дос Көшім. Мемлекеттік тіл туралы жаңа заң қабылдау қажет", "АҚШ Қазақстан экономикасының құлдырауына қалай әсер ете алады?"

2 394 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Сақалды телефонның сыры неде?" - Күні кеше Шымкентте телефон саудалайтын бір топ теріс діни ағым өкілдері тұтқындалды. Ресми хабарламада былай делінеді: «Бұл операция теріс ағымдардың өкілдерінен тұратын қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қою үшін жасалды. Олар ұрланған телефондардың идентификациялық кодын өшіріп, оған экстремистік сипаттағы материалдарды жазып, қайта сатып отырған. Қазір осыған байланысты тергеу амалдары басталды». Бұл теріс ағымдармен күрестің басы ма әлде жеке жағдай ма оны уақыт көрсетер. Бірақ шындықты айтпай болмайды.

"Ауыл мен дауыл" - Ауыл өмірі қазіргі қазақ баспасөзінде кеңінен талқыланып, тұрақты трендке айналған таптаурын тақырып. Құлаш-құлаш мақалалар жазылып жатыр. Содан да болар, бұл тақырыпта елді елең еткізер жаңалық ашу да қиын: бәрі де айтылып біткен сияқты.

AZATTYQ.ORG. "«Торы жоқ түрме»" - Қуғын-сүргін заманында Якутияны үлкен территориясы мен қытымыр климатына бола «торы жоқ түрме» атап кеткен еді. Сталинизм жылдары аймақ жерінің үштен бір бөлігін ГУЛАГ-тың 105 лагері алып жатқан. Жаңа территорияларды игеріп, ауыл, жол салып, кен өндіру үшін тегін жұмыс күші - тұтқындарды Томпон, Оймякон, Верхоянск сияқты ең қиырда орналасқан аудандарға жіберіп отырған. Аштық пен аяздан мыңдаған тұтқын қырылған. Қазір әлгі жерлердің көбіне жету мүлде мүмкін емес.

"Заң қаралмай жатып әскерилер пәтерден шығу жайлы ескерту алған" - Қорғаныс министрлігі тұрғын үй мәселелері туралы заң жобасын таныстырды. Бірақ екі ай бұрын Алматыда 100-ден аса әскери қызметші пәтерден шығару жайлы ескерту алған.

QAZAQTIMES.COM. "Қазақстан билігіндегі қазақ тілінің көрінісі" - Қазақстанның тәуелсздік алғанына 26 жыл толуына бірер ай ғана қалды. Осы 26 жылы ішінде елімізде экономикалық, саяси, демократиялық әлеуметтік жағдайлар біраз өзгеріске ұшырады. Дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп, соның жолында талпынып келеміз. Алайда біз тек бір жағдайдың өзгеруіне әлі үлес қоса алмай отырмыз. Ол - қазақ тілі мәселесі. Жеке мемлекет болып қалыптасқанымызбен, мемлекеттік тіл мәртебесі әлі жоғары деңгейде емес. Оны елдің билік тізгінін ұстап отырған Үкіметтегі шенділердің сөйлеген сөзінен-ақ байқауға болады. Тіпті, олардың журналистерге берген жауабы мен жасаған баяндамаларының кемінде 90 пайызы орыс тілінде. Араларында "тіл үйренем" деп уәде бергені қаншама. Ал олар қашан қазақ тілінде сайрап, ана тілінде қашан дұрыс жауап береді? Міне, біз 22 қыркүйек тіл мерекесі қарсаңында, ана тіліміз қазақ тілінің осы жайына қысқаша тоқталуды жөн көрдік.

ABAI.KZ. "Дос Көшім. Мемлекеттік тіл туралы жаңа заң қабылдау қажет" - Қазақтың мықты саясаткерлері еліміздегі орысы көп шоғырланған елді мекендеріне барып, мемлекеттік тілге қатысты жиындар өткізіп жүр деген хабар естідік. Ести сала осы істің басы-қасында жүрген белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Дос Көшім мырзамен хабарласқан едік.

"Уәкілетті органдарға мемлекеттік тіл мазақ ету үшін керек пе?" - 1989 жылдың 22-ші қыркүйек күні (Кеңес үкіметі салтанат құрып тұрған уақытта) Қазақ ССР-де «Тілдер туралы» Заң қабылданып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл статусына ие болды. 1995 жылы яғни, тәуелсіздік алғаннан кейінгі Конститутцияның 7-бабында да «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп, тайға таңба басқандай  жазылған. Ата Заңымыздың негізінде «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, қазақ тілінің қолданысын кеңейту жұмыстары кең көлемде жүргізілуде.

QAMSHY.KZ. "ЭКСПО-дан кейінгі теңгенің тағдыры не болмақ?" - Бүгінгі таңда көпшіліктің мазасын алып отырған бір сұрақ бар: ЭКСПО өтті, енді теңгенің құнсыздануы бола ма? Осы мәселенің жауабын белгілі экономика мамандарының пікірімен және бүгінгі таңдағы деректермен қоса қарастырып көрелік.

"АҚШ Қазақстан экономикасының құлдырауына қалай әсер ете алады?" - АҚШ пен Ресейдің шиеленісі, Ресейге салынған санкциялар туралы ақпарат отандық және шетелдік БАҚ-та күнделікті жарияланып, қызу талқығы түсіп отыр. АҚШ-тағы президенттік сайлаудың өткеніне біраз уақыт өтсе де қызуы басылмады. Оған президенттік сайлау науқанында Трамптың жақтастары ресейлік заңгермен Хиллари Клинтон туралы сөйлескенін қосыңыз. Екі ел арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатыр, Трамп билік басына келгеннен кейін екі ел арасындағы қарым-қатынаста оң өзгерістер болды ма? Антиресейлік санкциялардың Қазақстанға әсері қандай? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

QAZAQUNI.KZ. "Диграф негізіндегі әліпби қазаққа не үшін қауіпті?" - Жақында Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік орталығы Парламентте латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынғаны белгілі. Латын графикасының 25 қарпін пайдаланатын бұл әліпбиде қазақ тілінің өзіне тән төл дыбыстар диаграфпен, яғни қосарланған қаріптермен таңбаланған. Яғни, «ә» әрпін – «ae», «ө» әрпін – «oe», «ү» әрпін «ue» деп жазу көзделген. Жалпы қазақ қоғамы, соның ішінде әлеуметтік желілердегі көзіқарақты халықтың басым көпшілігі бұл жобаның оқуға да, жазуға да ыңғайсыздығын айтып, қарсылығын білдіріп жатыр. Диграф нұсқасымен жазуды қолдағандар өте аз. Бірақ, мемлекеттік ақпарат құралдарында дәл осы нұсқаны насихаттаудың жиілеп кеткенін ескерсек, диграф негізіндегі әліпбиді енгізуге талпыныс бар екені байқалады.

22 қыркүйек 2017, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.