Атырау, 19 желтоқсан 13:53
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Серік Ахметовтің түрмеден ерте босауын түрліше болжайды", "Бүгінге дейін қазақ-қырғыз қарым-қатынасында болған қайшылықтар немесе қырғыз бізге дос па?", "Қайдасыңдар, қазақтың тілші ғалымдары?", "Қазақстан қолма-қол ақшадан бас тартуға дайын ба?"

2 404 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Серік Ахметовтің түрмеден ерте босауын түрліше болжайды" - Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, коррупциялық айыппен сотталған Серік Ахметов қыркүйектің 21-інде бостандыққа шықты. Азаттық сөйлескен сарапшылар "Қазақстанда заң әркімге әрқалай қолданылатынын, саяси тұтқындарға Ахметовке жасалғандай рақымшылық болмайтынын" айтады.

"Тәжікстанда билік той тағамдарын тәркіледі" - Тәжікстанның оңтүстігінде Куляб қаласына жақын жердегі Дахана ауылында тұратын Зайдулло Худойоровтың әулетінде келеңсіз оқиға болды. Жеті баланың әкесі Зайдулло үлкен қызын ұзатқалы жатқан. Тойға бірнеше сағат қалғанда Худойоровтың үйіне жергілікті әкімшіліктен бірнеше адам келіп, той тағамдарын тәркілеп әкеткен.

QAZAQTIMES.COM. "Бүгінге дейін қазақ-қырғыз қарым-қатынасында болған қайшылықтар немесе қырғыз бізге дос па?" - Бүгін Азаттық радиосының қырғыз қызметі Қырғызстан билігі Қазақстанға нота жіберді деген ақпарат таратты. Ресми Бішкектің Астанаға нота жіберуінің басты себебі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесуі болған. Осыған байланысты біз осы уақытқа дейін Қазақстан мен Қырғызстан арасында болған осыған ұқсас жағдайларға қысқаша тоқталатын боламыз. 

ZHASALASH.KZ. "Қайрат ЕРАЛИЕВ, бокстан әлем чемпионы: РИНГТЕ ЖҰМБАҚ БОЛА БІЛГЕН ДҰРЫС" - 25 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Германияның Гамбург қаласында өткен әлем чемпионатында шымкенттік Қайрат Ералиев 56 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты. Он бес жылдан бергі еңбегінің жемісін көрген боксшы бұл жеңістің оңайлықпен келмегенін айтты. Бұған дейін Қайрат 2013 жылы Алматыда өткен дүние додасында қола жүлде жеңіп алған еді. Міне, енді сол қоланы мәртебесі жоғары алтынға айырбастап отыр. Елге оралған Қайратты сөзге тартып, оның Гамбургтегі әрбір жекпе-жегіне жеке тоқталуын өтіндік.

ABAI.KZ. "Жаңа қазақ-латын әліпбиі былай болу керек" - Мен қазақ-латын әліпбиін сонау 1993 жылдан бері зерттеп келемін. Зерттеу нәтижелерінің негізінде газет-жұрнал беттерінде бірнеше мақалалар жарияладым. Қазақтың қай дыбысына латынның қай әрпін таңба етіп аламын дегенді көп ойландым. Біріншіден, латынша әріптердің қолдануға (оқуға, жазуға) қолайлы болу жағын, екіншіден, оларды балаларға, шетел азаматтарына үйретудің оңай болу жолын қарастырдым.

"Қайдасыңдар, қазақтың тілші ғалымдары?" - Он шақты күн болды, қазақстандық БАҚ қазақ жазуының латынға ауысуына қолдау білдірушілердің ой-пікірлерін сан алуан атаумен жарыса жазып жатыр. Қолдау білдірушілердің арасында кімдер жоқ дейсің, бәрі бар. Алайда жазып-айтып жатқандары бір мазмұндас, бір тектес. Жалпы мазмұны – сол,  латынша әліпбиге көшу – «қазақты ұшпаққа жеткізеді», «көсегесін көгертеді» тағысын тағылар. Дәл қазақстандық қоғамда қазақ жазуының латыншаға көшуіне керемет бір қарсылық бардай-ақ, біреулер сұмдық кедергі келтіретіндей-ақ  айғайға  аттан қосып, ұлардай шулап жатқандар да бар.

INFORMBURO.KZ. "Қазақстан қолма-қол ақшадан бас тартуға дайын ба?" - Қазақстанда төлемдердің небәрі 18 пайызы ғана несие картасы арқылы жасалады. Неліктен? Ал толықтай қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне өтуге не кедергі?


21 қыркүйек 2017, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.