Атырау, 19 желтоқсан 14:12
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"ЕХРО, жеке басқа табыну және элиталар тартысы", "Жақсыбек ҚҰЛЕКЕЕВ, экс-министр: Қазір мемлекет мүддесі үшін күресетіндер азайып кетті", "Ұлттық әліпби құрастыруға не кедергі?", "Өзбекстанда таңқаларлық реформалар жасалып жатыр"

2 545 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Азғындар азбанға айнала ма?" - Бұрын ауызға алына бермейтін педофилия тақырыбының бүгінде қоғамның ең актуалды мәселелерінің біріне айналған жайы бар. Себебі азғындық оқиғалары соңғы кезде жиі қайталануда. Тіпті мал құлағы саңырау дейтіндей небір сорақы қылмыстық жайттарды естіп, жанымыздан түңілген кездеріміз де көп. 

"Жақсыбек ҚҰЛЕКЕЕВ, экс-министр: Қазір мемлекет мүддесі үшін күресетіндер азайып кетті" - Әрине, Жақсыбек Құлекеевтің саясат сахнасынан кеткеніне біраз жылдың жүзі болды. Мұнай, газ саласында жақсы бір қызметте екен деп еститінбіз. Көптің арасында көрінбей кетсе де, ел Құлекеевті жаңашыл, реформашыл министр ретінде әлі күнге жақсы таниды. Дегенмен де Жақсыбек Құлекеев еліміздің білім және ғылым, экономика және сауда саласына жетекшілік жасаған жылдары қандай тірліктерімен елдің есінде қалды? Қазір қайда жүр? Немен айналысады?  Міне, біздің Жақсыбек Құлекеевпен ашық әңгімеміз осы төңіректе өрбіді.

AZATTYQ.ORG. "ЕХРО, жеке басқа табыну және элиталар тартысы" - Америкалық басылым Астанада аяқталған ЕХРО жайлы мақаласында Қазақстан президентін "жеке басын дәріптеуді күшейтті" әрі бәсекелестікке төзбейді деп сипаттаған. БАҚ бүкіл әлемдегі миллиондаған бокс жанкүйері тағатсыздына күтіп отырған әрі жекпе-жек қарсаңында қызы дүниеге келген қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегіне де назар аударған.

"Сирияға кеткен қырғызстандықтардан туыстары күдер үзген" - Қырғызстанның Ош облысы Араван ауданының кей тұрғындары Сирияға бала-шағасымен кеткен туыстарынан күдер үзгендерін айтады. Олардың қараусыз қалған баспаналарын ағайын-туыстары бөлісіп алған. Жергілікті билік Сирияға кеткендер легі тоқтады деп қуанады.

QAZAQTIMES.COM. "Өзбекстанда таңқаларлық реформалар жасалып жатыр" - Көршіміз, өзбек елінде таңқаларлық жаңалықтар болып жатыр деуге болады. Бұрын сыртпен қарым-қатынаста салқындық танытып, авторитарлық саясат ұстанған елде бүгін жағдай мүлде өзгеріп келеді. Шетел сарапшылары Өзбекстанда елді түбегейлі өзгертетін прогрессивті реформалар жасалып жатыр деп қарайды. Бұл туралы BBC онлайн қызметі сараптап жазды.

"Қазақстан экономикасы: Ең маңызды жаңалықтарға шолу" - Әр минут, әр сағат, әр күн сайын елімізде, әлемде халықты елең еткізер маңызды жаңалықтар болады. Ал оның бірі көзге ілінсе, енді бірі назардан тыс қалып жатады. Ендеше The Qazaq Times оқырмандары үшін 4-9 қыркүйек аралығында болған ең маңызды экономика жаңалықтарына шолу жасайды. 

INFORMBURO.KZ. ""Сергек" камераларына түспеудің амалдары" - Астанада жол ережесін бұзғандарды селт етпей түсіретін "Сергек" видеотіркеу жүйесінің қосылғанына 3 күн. 20 сағатта бір жолдың бойынан ғана 130 факт тіркеген.

ABAI.KZ. "Ұлттық әліпби құрастыруға не кедергі?" - Жуырда ғана Елбасы Н.Ә. Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізгенде кириллицадан латын графикасына ауысу мәселесі туралы айта келе, ғалымдар жаңа әліпби жобасын өзіне әкеліп, Жарлы­ғымен бекітіп беруді сұрағанын жеткізді.

BAQ.KZ. "Альварес Головкинмен қалай тең түсті? Жылдың басты шайқасына шолу" - Флойд Мейуезер мен Мэнни Пакьяо боксын бір кезде жанкүйер дегбірсіз күтті. Бірақ ол қызықсыз өтті, жұрт көргісі келген қиян-кескі шайқас болмады. Одан кейін Мейуезер мен ережесіз жекпе-жек шебері МакГрегордың рингте кездесетіні бокс әлемінің ғаламат оқиғасы ретінде жарнамаланды. Бәрі ақша үшін жасалғанын сарапшылар болжаса да ол жекпе-жекке қызығушылық жоғары болды. Ал кездесуден кейін көрермен алданып қалғандай күй кешті.

AIKYN.KZ. "Дауннан туған дауыл" - 23 жұп, 46 хромосома. Бұл – қалыпты адамның генетикалық көрсеткіші. Ақын, прозаик Пауло Коэльо «Адамзатқа берілген құндылық атаулының әміршісі – адалдық» деген екен. Осы ұлы құндылық тек адамзат үшін қымбат емес. Генетика әлемі де жұптасуға деген адалдықты сүйетін сыңайлы. Өйткені екі-екіден қол ұстасқан 23 жұптың біреуінде артық хромосоманың пайда болуы барлық генетикалық қалыпты бұзады. Түрлі синдромның пайда болуына әкеліп, дүниеге дені сау сәбидің келуіне кедергі жасайды. Медицинада мұндай бұзылған үштікті – трисомия дейді. Осы тізбектің 21-жұбында болған трисомиялық өзгеріс – Даун синдромы.

TURKYSTAN.KZ. "Түнгі клубтарда кімдер жүр?" - Көптен күткен фильм отандық прокатқа шыққанын ести сала кинотеатрға асықтық. Сейфуллин мен Мақатаев көшелерінің қиылысында орналасқан «Мега» ойын-сауық орталығындағы «Chaplin» кинотеатрына кештете келсек, тек түнгі сеансқа билет қалыпты. Фильмнен шығамыз дегенше түн ортасынан ауды. Жолдың арғы бетіне өтіп, такси тоқтаттық. Атышулы түнгі клубтың маңайы. «Клиент» іздеген такси жүргізушілерінің көбі түнде сол жерді торуылдайтындықтан көп тұрған жоқпыз. Бірінші тоқтаған көлікке жайланып отырып, фильм кейіпкерлері туралы айта бастағанымыз сол еді, тізгінді ұстап отырған егделеу кісінің зіркілі сөзімізді сап тыйды.

QAZAQUNI.KZ. "Таныс та бейтаныс латын әріп-таңбасы" - Латын әріп-таңбалы қазақтың жаңа әліпбиінің көпшілік назарына ұсынылған нұсқалары төңірегіндегі пікірталас бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде қызу өтті десек, артық айтқандығымыз емес. Оған тіпті «Қауіп еткеннен айтамын» деген ыңғайдағы орынды пікір, орайлы ұсыныс айтылып жатса да, мұны қарсылық деп қабылдаудың да қылаң беруі куә. Шын мәнісінде қарға тамырлы қалың жұртымыздың басым көпшілігі қарсылық емес, қолдау білдіріп жатыр. Мәселенің мәнісін толық түсінбесе де, еліміздегі орыс тамырлар да, басқа да ұлт өкілдері де барынша қолдау көрсетуде. 


18 қыркүйек 2017, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.