Атырау, 19 желтоқсан 13:47
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Біртановтың медсақтандыруы жарты жолда тоқтай ма?", "Әбу-Даби Плазадағы тәртіпсіздік. Басбұзар кім? Тың деректер мен елді дүрліктірген оқиғаның бас-аяғы", "Досаев деген - "Джентельмен неудачи"", "Ағасы "Сирияға баруға үгіттеген" інісін ұстап берді"

2 499 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Біртановтың медсақтандыруы жарты жолда тоқтай ма?" - Экономистер қарапайым халыққа салмақ болатын «салықтың жаңа түрі» деп атап, кейбірі «бюджеттің ақшасын бақылаудан шығару үшін жасаған амалы», «лоббист министрдің шикі жобасы» деп бағалаған міндетті әлеуметтік сақтандыру реформасын енді президент Н. Назарбаев та сынға алды. Сарапшылар Біртановтың бұл реформасы енді кейінге қалдырылуы мүмкін екенін айтады. 

"Грант дауы: БАЛЛ ШАБА МА, БАҚ ШАБА МА?" - Оқуға түсу оңай емес. Оған биыл да бой көтерген грант бөлінісіндегі даулы оқиғалар мысал бола алады. Тамыз айының басында ҰБТ қорытындылары шыға салысымен жинаған балы жетіп тұрса да, таңдаған оқуына іліне алмай қалған талапкерлер мен «Алтын белгі» иегерлерінің грантқа түспей қалғаны дау болған. Содан грант бөлінісі мәселесін арнайы комиссия құрып, бірнеше министрлік бірлесе отырып шешті. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия биылғы оқу жылына жоғары оқу орындарына түсуге, резервті қосқанда, 34 907 білім грантын бөлді.

AZATTYQ.ORG. ""Дін ұстанушылар" тұратын жатақхана бұзылмақшы" - Ақтөбеде сегіз отбасы тұрып жатқан жатақхана сот қаулысымен бұзылатын болды. Құзырлы органдар екі жыл бұрын салынған ғимараттан "кінәрат тапқан". Әкімшілік соттың қаулысымен келіспеген құрылыс иесі тамыздың 31-інде апелляциялық сотқа арыз түсірді.

"Ағасы "Сирияға баруға үгіттеген" інісін полицияға ұстап берді" - Тәжікстанның Хатлон облысы Дангара ауданындағы Мехтар ауылының тұрғыны Шомурод Кавраков полицияға хабарласып, інісі Ботирхонды ұстап берді. Ағасының сөзінше, інісі жұртты "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қосылуға үгіттеп, топ құруға насихаттаған.

INFORMBURO.KZ. "Әбу-Даби Плазадағы тәртіпсіздік. Басбұзар кім? Тың деректер мен елді дүрліктірген оқиғаның бас-аяғы" - Екі жігіттің төбелесі қазақ қоғамында ешкім күтпеген реакция тудырды. Төрт күннен бері шыққан тың деректердің бәрін рет-ретімен, бірнеше ракурста баяндасақ.

QAZAQTIMES.COM. "Солтүстік Кореяның дағдылы ядролық сынағы бұл жолы әлемді неге үрейлендірді?" - АҚШ-тың қорғаныс министрі Жеймс Маттис (James Mattis)  өткен аптаның соңында Солтүстік Кореяға ашық әрі қатаң ескерту жариялаған болатын. Ол сөзінде:  «АҚШ-қа және AҚШ-пен одақтас елдерге қаратылған әрқандай шабуылдарға ірі көлемде әскери тойтарыс береміз. АҚШ Солтүстік Корея сынды осы бір елдің күлін көкке ұшыруды қаламайды. Дегенмен де,  бізде мұндай сорақылықты тізгіндейтін көптеген талғамдар бар», – деді. Мұндай зілді баяндама жасаудың алдында ол АҚШ президенті Дональд Трамп басқарған мемлекеттік қауіпсіздік істерінің шұғыл жиналысында болған. Бұл жиналыс Солтүстік Кореяның алтыншы рет жасаған көлемді әрі қауіпті баллистикалық зымырандар сынағына байланысты ашылған. 

ABAI.KZ. "Досаев деген - "Джентельмен неудачи"" - «Нағыз іскер азамат, джентельмен жігіт» деді. Елбасының ерекше мақтауын естіген Ерекеңде не арман бар?! Ерекеңдей экономиске қарық болған Үкіметте не арман бар?!

"Экономикамыз өсті ме, әлде өшті ме?" - Қазақстан пост-кеңестік елдер қатарында даму жағынан көш бастады. ТМД елдері ішінде күнкөрісі жақсы ел - Қазақстан екен. Ресейдің Үкіметтік сараптама орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша, Қазақстан өмір сүруге қолайлы, дамушы, тұтынушылық көрсеткіші ең жоғары ел деп көрсетіліпті.

TURKYSTAN.KZ. "Қағаз бетінде сөйлейтін көрсеткіштер" - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне жүгінсек, қазіргі таңда Қазақстандағы жұмыссыздықтың деңгейі 4,9 пайыз. Салыстыру үшін айтсақ, АҚШ-та бұл көрсеткіш 4,3, ал Ұлыбританияда 4,4 пайыз шамасында. Сонда жұмыссыздық деңгейі бойынша біз азуын айға білеген алпауыт елдерге қарайлас екенбіз. Бірақ ұлттық экономиканың даму деңгейін, ЖІӨ көрсеткіштерін салыстыруға келе ме?  Оның үстіне, АҚШ-та экономикалық белсенді халықтың саны 163 миллион, ал Ұлыбританияда – 34 миллион екенін ескеру керек. Яғни, 163 миллион немесе 34 миллионның 4,3-4,4 пайызын қазақстандық еңбек нарығындағы 8,5 миллионның 4,9 пайызымен салыстыруға келмес.

365INFO.KZ. "«Солай болады». Ресей мен Украина шиеленісін дәл болжаған Сокуров Қазақстан туралы не деді?" - Путин бұларға арқа сүйей алмайды. Қорқады бұлардан. Бұлардың алдында абайлап сөйледі. Саны санаулы болса да сескенеді. Путинге қарағанда беделді өйткені. Әнші, әртіс деңгейінен өсіп кеткен әлдеқашан. Тұлғалық дәрежеге көтерілген. Олар билікке сын айтудан қорықпайды.

"«Мен сияқты қазақтарда екі-ақ жол бар». Кәрібжанов айды аспанға бір-ақ шығарды" - «Олардың көрмегені жоқ. Гитлердің табанында таптала жаздады. Қызыл империяның қанауында қалды. Жойылған жоқ, бірақ. Жоғалған жоқ. Қайта тірілді. Қайта өсті. Аздаған уақыттың ішінде Еуропаның капиталистік елдерін қуып жетті. Қалай? Қандай жолмен? Өсу-өну, даму, баю түсінігі чехтардың тарихи саналарында сақталған, өйткені. Оны Гитлер де, Сталин де жоя алған жоқ», – дейді Маргарет Тетчер.


6 қыркүйек 2017, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.