Атырау, 19 желтоқсан 14:19
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Жарылған шиқан немесе «Әбу-Даби Плаза» жанжалы", "Төлешовтен қалған байлықты бөлісу...", "Кадыров Путиннің қолшоқпары ма, жоқ әлде мұсылмандар қорғаушысы ма?", "Қоқан-лоқы, бандиттер және әкімшілік ресурстар"

2 117 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қоқан-лоқы, бандиттер және әкімшілік ресурстар" - Ресейде 2017 жылы қыркүйектің 10-ында кезекті бірыңғай дауыс беру күні өтеді. Бұл күні 16 аймақтың губернаторын, ішінде Мәскеу қаласы да бар алты аймақтық және 11 қалалық заң шығару органы басшыларын, 5 мың муниципалды билік басшылары мен жергілікті өзін өзі басқару органдары депутаттарын сайлау жоспарланған.

ZHASALASH.KZ. "Жарылған шиқан немесе «Әбу-Даби Плаза» жанжалы" - Өткен аптада Астана қаласындағы «Әбу-Даби Плаза» ғимаратының құрылысындағы жергілікті қазақ азаматтарының, алдымен үнді гастарбайтерлерімен болған «тұрмыстық кикілжіңі» соңынан қала көшелерінде «этносаралық қақтығысты болғызбаймыз» деген полиция қызметкерлерімен текетіреске апарды. Қоғам мен билікке әсері жөнінен бұл текетірес осыдан дәл төрт жыл бұрын, яғни 2013 жылдың 31 тамыз күні Алматыда орын алған «Прайм-Плаза» сауда орталығының жанындағы «ойранмен» қатар жаңа тарихымыздан ойып орын алатыны түсінікті. Себебі бұл жанжал да елде қалыптасқан белгілі бір қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дағдарып, шарықтау шегіне жеткенінің айқын белгісі болмақ. Мәселе тек осы жанжалдан қоғам, мемлекет, ел-жұрт болып қандай нәтиже шығара білгенімізде...

"Қазақ мектептері қашан көбейеді?" - Әлхамдулилла, қазақ өсіп жатыр. Соңғы деректе ұлт саны 65,5 пайызға жетті. Халық саны өскен сайын оның әлеуметтік, тұрмыстық, саяси-экономикалық талап-тілегі де өсетіні белгілі. Бұл өз кезегінде қордаланып жатқан ұлттық мәселелерді уақыт оздырмай дер шағында шешіп отыруға итермелейді. Соның ішінде ең өзектісі – мектеп мәселесі.

"Төлешовтен қалған байлықты бөлісу..." - Атышулы шымкенттік бизнесмен, «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген айыппен 21 жылға бас бостандығынан айырылған Тоқтар Төлешовке қатысты сот процесі Шымкенттегі Еңбекші аудандық сотында әлі жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл сот Төлешов иелік еткен сыра зауытымен байланысты. «Сыра королі» мен оның бір топ сыбайластарына, дәлірегі бұрынғы қызметтестеріне, салықтан жалтарды деген айып тағылған. Төлешовтің «пара берді» деген тағы бір бабы бар. Сотталушылардың бірінің адвокаты қайтыс болып, сот отырысы соңғы екі аптада өтпей қалған еді. Осы аптада сот қайта басталды. Ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге қарағанда, адвокат ара шағудың салдарынан болған аллергиялық аурудан қайтыс болған көрінеді.

INFORMBURO.KZ. "Берел қорғанының құпиялары" - Ұлы даламыздың тұмса табиғаты жасырған тарихи қорғандар, жұрттар көп-ақ. Соның бірі де бірегейі – құпияға толы Берел қорғандары.

QAZAQTIMES.COM. "Кадыров Путиннің қолшоқпары ма, жоқ әлде мұсылмандар қорғаушысы ма?" - Қыркүйек айы бастала салысымен осы уақытқа дейін Сүрия, Қырым және Донбасстың тасасында қалып келген Солтүстік Кавказ аймағы қайтадан әлемдік таблойдтардың бірінші бетіне шықты. Оған себеп, Шешенстан астанасы Грозныйда Мьянмадағы мұсылмандарды қолдаған миллионнан астам адамның шеруге шығуы және ел президенті Рамзан Кадыровтың Кремльге қарата сыни мәлімдемелер жасауы. Жалпы Ресей Федерациясы аумағында болып жатқан бұл жағдайлардан не аңғаруға болады ? Бұл Кремльдің орталықтандырылған билік жүйесінің әлсірей бастауы ма? Рамзан Кадыров осы әрекеттері арқылы Мәскеуге не айтқысы келді? Бүгін біз осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көретін боламыз. 

ABAI.KZ. "Орысшылдықтың да өз орны бар" - Қазір Кеңес Одағының шекпенінен шыққан қай елге көз салсаңыз да барлығында ұлттық өрлеу жүріп жатыр. Әсіресе, іргелес Ресейдің жөні бөлек. Бұлар «батыстық демократияны» басы бүтін қабылдамай, өзіндік дербес жолға түсіп, орыс ұлтшылдығын әспеттеуге көшті.

QAMSHY.KZ. "Айдос Сарым. Биліктегі интеллектуалдардың жүгін екеудің бірі көтере алмайды" - Менің ойымша, бүгінгі кезең қазақ үшін аса маңызды, аса тағдырлы кезең. Қазақ мүддесін іске асыру үшін қазақтың барша интеллектуал азаматтары бірігіп жұмыс істеуі қажет. Мейлі бір-бірін жек көрсін, мойындамасын, бірақ ұлт мүддесі, қазақ мүддесі үшін бір-біріне тиіспей, мұқатпай, аяқтан шалмай шынайы ұлтшылдық, мемлекетшілдік танытуы парыз, міндет.

AIKYN.KZ. "Баланы тәрбиелеудің төрт сатысы" - Бірінші кезең – бес жасқа дейінгі кезең. Бас жасқа дейін белсенділік, танымдық және өмірге қызығушылық секілді қасиеттер орнығады. Тыйым салып, жазғырудан гөрі бұл кезеңде баланы алдаусырату керек. Балаға жаза берудің бірден бір себебі – олардың есесін қайтара алмауында жатыр. Егер сәбиіңіз қауіпті бір нәрсе жасар болса, қорыққан кейіп жасап, қорыққан дауыс шығарыңыз.

JASQAZAQ.KZ. "Жат әдетке жол жоқ" - Осы аптада дін істері және азаматтық қоғам министрлігі заң жобасын талқыға салды. Елімізде бірнеше заң актілері қайта қаралып, өзгерту енгізілмек. Нақтырақ айтар болсақ, министрлік бұдан былай жүзін тұмшалайтын киімге және мемлекеттік тіркеуге алынбаған некеге тыйым салатын заң жобасын қыркүйекте парламентке жолдауды көздеп отыр. Әзірлеген заң жобасында бірқатар тыйым қарастырылған. Ең бастысы, енді қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап, қара жамылып жүретіндер заңмен қудаланылады.  Жаңа заң жобасының қыр-сыры туралы Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы  Балғабек Мырзаевпен сұхбаттасқан едік.


5 қыркүйек 2017, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.