Атырау, 1 мамыр 00:51
 бұлттыВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жағажайлар саны артады

Бейнежазба
4 219 просмотра


Осы жылғы шомылу маусымы кезінде Атырауда 4 адам суға кетті, Махамбет пен Жылыой аудандарында осынша адам және Индер мен Құрманғазы ауданында бір-бірден адамдар ажалын судан тапты. Өлім құшқан 14 адамның бесеуі балалар.

Бұл қайғылы статистика бәрінен бұрын адамдардың белгіленген жерлерде суға түспеуінің салдарынан орын алып отыр деп есептейді  «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, сүңгуірлік құтқару бөлімшесінің басшысы Самат КУМАШЕВ.

Құтқарушылар Атырау қаласында ғана емес, өз филиалдары бар Махамбет, Индер, Жылыой және Құрманғазы аудандарында үнемі рейдтер өткізіп отырады. Жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364 бабына («Ортақ су пайдаланған қағидаларын бұзу заңдылығына») сәйкес жазбаша түрде 362 заң бұзушыға ескерту жасалды, ал белгіленбеген жерден екі қайтара суға шомылған екі адамға әкімшілік айыппұл салынды.

-Атырауда тек екі ресми жағажайда ғана суға шомылуға бола ма?

- Барынша осы жағажайларда шомылған дұрыс. Дегенмен, біздің қызметкерлеріміздің маусым басталғанға дейін өзен тереңдігін тексеріп шығып, суға түсуге жарамды деген бірнеше орындар да бар. Бұл орындарда тиісті рұқсат беретін белгілер орнатылған. Жақында жүргізілген рейд кезінде біз Атырау аумағында суға түсуге қауіпті деген 13 жабайы жағажайды анықтадық. Алайда, адамдар олардың қауіптілігін түсінгісі  келмейді. Келер жылы қала бойынша бар 2 жағажайға қосымша тағы 5 жағажай ашылады деп жоспарланып отыр. Онда біздің құтқарушылар кезекшілікке тұратын болады.


Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Суретті және бейнежазбаға түсірген автор 

23 тамыз 2017, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.