Атырау, 28 қараша 13:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Біріккен Корольдік Еуроодақтан шығу үшін төлем төлеуден бас тартты

2 589 просмотра


Осылайша, шілде айының соңында Брексит бойынша Лондон мен Брюссель арасында өткен келіссөздердің бірінші айналымы сәтсіз аяқталып отыр. Бұл жайлы Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэйдің ресми өкілі мәлімдеді. 

Ұлыбритания Еуропалық Одақ алдындағы міндеттемелерін орындағысы келмейтінге ұқсайды. «Цифрларға қатысты айтарымыз біз олармен келіспейміз», – деді Тереза Мэйдің ресми өкілі. Бұл туралы немістің Deutsche Welle басылымында жазылған. Бірақ өкілдің есімі хабарланбайды. Бұған дейін британиялық үкіметтегі ақпарат көздеріне сүйене отырып, тараптар Еуроодақпен экономикалық қарым-қатынасты әрі қарай дамыту бойынша ортақ келісімге келген жағдайда ғана Ұлыбритания өтемақы төлеуге дайын деп айтылған болатын. Оның ішіне еркін сауда айналымы туралы келісім де кіреді. Ұлыбританияның кейбір саясаткерлері: «Еуроодақтың ортақ нарығынан шығу арқылы мемлекет экономикалық қиындықтықтарға кезіккенімен, жаңа көкжиектерге жол ашылып, өзге елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынастар нығаяды», – дейді. Мохаммед Итлаф Шейх, Лордтар палатасының мүшесі: – Қазір мүмкіндіктердің көп екендігі рас. Біз Брекситтен кейін Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатқымыз келеді. Біз Еуропалық одақтан шыққаннан кейін Қазақстанмен бизнес байланыстар құруымыз керек болады. Ұлыбритания үкіметінің Еуроодақтан шығу туралы келіссөздерінің сәтті аяқталатындығына Біріккен Корольдік тұрғындарының сенімдері жоғала бастағандай. ORB әлеуметтік институтының қоғамдық пікір зерттеуіне сәйкес британиялықтардың 61 пайызы Премьер-министр Тереза Мэйдің келіссөздерді қалай жүргізіп жатқандығына көңілі толмайды. Шілде айында олардың саны 51, ал маусымда 46 пайыз болған. Сарапшылар болса, бүгінгі үкіметке сенім артып, айтулы бастаманың оңды тұстарына назар аудару керектігін айтады. Джек Стро, Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі (2001-2006 жж.): – Мен Брекситке қарсы болып, Еуроодақты қолдаған кампанияны жақтадым. Менің ұлым Брекситке наразы болған ресми кампанияның бас директоры болды. Бұл біздің отбасымыздың ортақ ісіне айналды. Біз ол шайқаста жеңіліс таптық. Енді Еуроодақтан шығудағы артықшылықтар туралы ойлау ғана қалып отыр. Ұлыбритания Еуроодақтан шығу үшін өтемақы төлей ме, төлеген жағдайда көлемі қандай болмақ? Сұрақ көп. Демек, келіссөздер енді қыза түсетіндей.


Дереккөз: 24.kz

14 тамыз 2017, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.