azattyq.org. «"Шейх Халилдің" сотта айтқан уәжі» - Абдухалил Абдужаббаровты Сауд Арабиясынан 2017 жылғы ақпанда Қазақстанның ұлттық комитетінің сұратуымен депортациялаған.
«ИМ-нан кейінгі өмір» - Таяу Шығыстағы соғыс аймағында "Ислам мемлекеті" террорлық тобы қатарында болған, кейін еліне оралып, өткеніне өкініш білдірген соң кешірім жасалған тәжік азаматтары қалыпты өмірге бейімделіп жатыр.
qazaqtimes.com. «АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциясы елге келетін инвестиция көлемін азайтады» - Жаңа санкциялар - әсіресе шетелдік инвесторларға жағымсыз сигнал болып отыр.
«Ауыр артиллериясы жоқ Үндістан Қытайға төтеп бере алмайды» - Үндістан-Қытай шекаралық дауы шиеленісіп жатқалы екі айдан асты.
«Жастар ауылда жұмыс істеуге құлықсыз» - Өткен жылы оқу бітірген 553 жас өз мамандығы бойынша мемлекет жолдаған өңірлердегі жұмыс орындарына барудан бас тартқан.
abai.kz. «Қытай билігі. "Туысыңды кепілге қой да, Қазақстанға барып оқы"» - Қытайдағы қандастарымызға жасалып жатқан заңсыздықтардың кесірі – Қазақстанда оқығысы келетін Қазақ жастарына қиындық туғызып жатыр.
«Ресейде Путинге қарсы әскери төңкеріс болуы ықтимал» - Алда орыстың төл ақшасы девальвацияға ұрына беретін болады. Ресей тұрғындарының тұрмыс деңгейі бұрынғыдан да төмендей түседі.
aikyn.kz. «260 миллиард инвестиция қайдан келді?» - Инвестиция кез келген мемлекеттің экономикасын көтеруде жетекші рөл атқаратыны белгілі. Қазақстан – елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін болашағынан үміт күттіретін салаларға сырттан келетін қаржыны ұтымды үйлестіруден өз тәжірибесі бар мемлекеттердің бірі.
«2018 жылы тегін дәрі-дәрмектер үшін мемлекет қанша қаражат бөледі?» - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылы тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландыруды өткен жылмен салыстырғанда 38 процентке арттырмақ.
alashainasy.kz. «Құрбандық малын сатып аларда саудаласуға бола ма?» - Құрбан айт кезінде мал бағасы шамадан тыс шарықтап кететіндіктен сатушымен саудаласуға немесе арзандау жер іздеуге құқылысыз.
В Атырау +4