Атырау, 1 сәуір 06:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87

Астанада көпірден секіріп кеткен ер адамды құтқаруға шетелдік азамат та атсалысты

2 095 рет қаралды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Қабанбай батыр көшесі бойында орналасқан көпірден ер адам секіріп кетті. Оны құтқаруға тәртіп сақшылары ғана емес, француз азаматы да қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Басында көпірден секірмекші болған жас жігіт бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Алайда жол-патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткенше ол суға секірген. Жергілікті полиция лейтенанты Азамат Балтабаев келген бойда бірден суға қойып кетті. Оның артынан Франция азаматы Жорж Киессер де ұмтылды. Екеуі жас жігітті жағаға алып шығып, алғашқы медициналық көмекті көрсетті», - делінген Астана қалалық ІІД ресми хабарламасында. 

Аталған оқиға 5 тамызда таңғы сағат 7:40-та болған. Ресми мәліметке сәйкес, суға секірген жігіт - 1991 жылғы Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Үйдегі ұрыс-керістен кейін ол өз-өзіне қол салмақшы болған. Айта кеткен жөн, полиция лейтенанты Азамат Балтабаев осымен екінші рет адамды құтқарып отыр. 

Бұған дейін ол көпқабатты үйлердің бірінде болған өрт кезінде бірнеше адамды алып шыққан. Француз Жорж Киессер де тәртіп сақшысы болып істейді екен. Бүгінде ол Франция елшілігінде қауіпсіздік бойынша офицер қызметін атқарып жүр.  


Дереккөз: inform.kz

8 тамыз 2017, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.