Атырау, 5 желтоқсан 09:11
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Президенттік билікке кімдер таласпақ...", "Шетелдегі студенттер құқығы қалай қорғалған?", "Әлем халқы неден қорқады?", "АҚШ Қытайға экономикалық соққы беруі мүмкін"

2 585 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. "Шетелдегі студенттер құқығы қалай қорғалған?" - AzattyqLIVE Египетте билік орындары қамауда ұстап, кейіннен елге оралады деп хабарланған алты қазақстандық студенттің мәселесін саясаттанушы Расул Жұмалымен талқылады.

"Арқадағтың әскери өнері" - Түркіменстанның автократ басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов сан қырлы "талантының" тағы бірін жұртқа паш етті – бұл жолы мемлекеттік БАҚ президенттің әскерилерге тапанша мен мылтықтан дәлдеп атып, қанжарды қалай қадауды үйреткенін көрсетті.

ZHASALASH.KZ. "Президенттік билікке кімдер таласпақ..." - Қазанның 15-інде өтетін Қырғызстандағы президенттік сайлауға үміткер болуға 59 адам өтініш тапсырды. Осы елдің орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, саяси партиялар атынан президенттікке 11 адам, өзін-өзі ұсынғандар саны 48 адам болған. Үміткерлерді іріктеу, яғни талап пен шарттан өткен кандидаттардың тізімі 10 қыркүйекте анықталмақ. Сөйтіп, көршіміз бесінші президентін сайлауға білек сыбана кіріспек. Сарапшылар бұл додада кімнің жеңіске жетерін қазірден болжауға жүрексініп тұрғандай. Себебі сайлау ашық, бәсеке мықты, тартыс сұмдық. Ал бізде...

"Бәріне рубль кінәлі" - Тамыздың 2-сінде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аяқастынан қымбаттап, 328-ден 343 теңгеге бір-ақ секірді. Сөйтіп, соңғы аптада «доллардың қымбаттауына еш негіз жоқ» деп ерекше сайрағандардың аузына құм құйды. Сарапшылар құнсызданудың төркінін рубльден көреді. 

INFORMBURO.KZ. "Қазақ баласы тойға қанша қаржы жұмсайды немесе ынсапсыз асабалар туралы" - 2017 жылдың бірінші жартысында елімізде 59 мың жұп отбасын құрған. Дағдарыс әсер етті ме, биыл той саны өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 963-ке аз.

QAZAQTIMES.COM. "Тығырыққа тірелген Венесуэлаға азиялық жақтастарынан көмек бола ма?" - Елдің Конституциясына өзгеріс енгізуді ортаға қойғаннан кейін АҚШ Венесуэлаға қысымды арттырды. Өткен аптаның соңында Венесуэлада өткен Конституциялық ассамблея сайлау заңдылығын әлемнің көптеген елдері мойындамай шықты. Латын Америкасындағы елдер, Мексика, АҚШ және Еуропа елдері де қарсы болса да, президент Николас Мадуро алған бетінен қайтар емес. АҚШ және Еуропа елдері оны дара билікке ұмтылды деп айыптады. 

ABAI.KZ. "Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз" - Диірменнің тасындай шыр айналған дүниеде әр ұлт тәуменділіктен, құлдықтан, мойынды қажар отаршылдық қамыттан азат болуды аңсайды. Басқаларды білмеймін, шығысында айдаһардай ысылдап, батысында аюдай ақырған алпауыт елдермен қоңсы қонған қазақ елінің жүрегіне бұл аңсардың қарлығашы ұялағалы 300 жылдан астам уақыт өтті. Сол қарлығаш үш ғасыр бойы «Алаш баласы дербес ел болса екен» деп шырылдады. Бала кезден естіп өскен бір тәмсілді есіңізге алыңызшы... Айдаһар құз басындағы қарлығаштың ұясына шабуыл жасайды. Сол кезде жұдырықтай ғана байқұс құс айдаһарға айбат шегіп, өзі тажалдың аузында кете барады. Балапандары, иә, иә балапандары батыр қарлығаштың шейіттігінің арқасында тірі қалады... «Қазақты егеменді ел етем» деп жарғақ құлағы жастыққа тимей тер төккен, қан кешкен Алаштың оғландары жайлы толғансам болды, сол бір қарлығаш шырылдап, көз алдымда ұшып жүргендей болады.

"Қостанайдағы діни бірлестіктердің лаңы" - Кейінгі кездері  біздің Қостанайда дәстүрлі емес діни бірлестік дегендер  ойына келгенін істеп, адамгершілік дегенді былай қойып, заңды да жалпағынан басып жүр. Олар өздеріне «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» екендігін әбден біліп алған. Өйткені қожайындары сонау алты қырдың астында, яғни шетелдерде. Және шеттерінен «сен тұр, мен атайын» дейтіндей өте мықты, түкіріктері жерге түспейді. Ақшалары да жетеді, мүмкіндіктері де шексіз. Мұндағылар солардың бір бөлшегі яғни филиалдары.

TURKYSTAN.KZ. "Жасыл Қазақстан" - Халықаралық мамандандырылған көрменің тақырыбы Астананы ғана емес, тұтас ел экономикасын «жасылдандыруға» түрткі берсе, қанекей. Расында, күн сәулесінен қуат алатын панельдер Астананың өне бойында бой көтеріп, күннен күнге саны көбейіп келеді. Қуанарлығы, Алматыда да осы үрдіс байқалатын сияқты. Желден қуат жинайтын ебелектер Жоңғар қақпасында ғана емес, қазақ даласының әр түкпіріне қондырыла бастады. Қазақстан «Болашақтың қуаты не?» деген сұрақты ЭКСПО-ның 136 қатысушы мемлекет пен халықаралық ұйымдарының алдынан тартып, адамзатқа ортақ, табиғатпен үндес шешімдер табуға үндеп отыр. Көрме қожайыны ретінде бұл бағытта жасампаздық идеялар ұсынуға да бейіл.

AIKYN.KZ. "Әлем халқы неден қорқады?" - Американың зерттеу орталығы «әлем халқы неден қорқады?» деген сипатта зерттеу жұмыстарын жүргізді.

"АҚШ Қытайға экономикалық соққы беруі мүмкін" - «АҚШ-ты ұлы елге айналдырамын» деген Дональд Трамптың әрекеті енді ақиқатқа айнала бастағандай. АҚШ конгресі мақұлдап, Ресей, Иран мен Солтүстік Кореяға қарсы бағатталған санкцияның жобасы Трамптың алдында жатыр. Оған Ақ үй қожайынының қол қоюы ғана қалды. Ресейді осылай тағы бір тұқыртып алмақ болып отырған АҚШ ендігі экономикалық соққыны Қытайға жасамақ.


3 тамыз 2017, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.