Атырау, 28 қараша 05:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Телефон лаңкесі ұсталды

1 939 просмотра

Полицейлер телефон арқылы Жилгородок ықшамауданындағы профилдік мектеп (оқу комбинатының) ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар берген жасөспірімді ұстады.

16 наурызда таңертеңгі сағат 8.53-те белгісіз біреу Атырау облыстық ІІД-нің кезекші бөліміне қоңырау шалып, жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған.

Суық хабар жедел арада оқу орнының әкімшілігіне, сонымен қатар барлық қажетті қызметтерге хабардар етіледі. Бірнеше минуттан кейін мектепке саперлар мен кинологтар келіп жетеді. Оқушылар мен мұғалімдер (100 шақты адам) ғимараттан қауіпсіз аймаққа көшірілген. Жилгородок-Авангард көпіріндегі жол жабық болғандықтан үлкен көлік кептелісі орын алыпты. Ал сергелдеңге түсірген бұл дабыл жалған боп шықты.

Жедел топ қызметкерлері қоңыраудың мектеп вахтасынан соғылғанын, дауысы жасөспірімнің дауысы екенін анықтады. Ал келесі күні телефон лаңкесінің өзі ұсталды. Ол осы мектептің 10 сынып оқушысы боп шықты. Жасөспірім мұны өз жолдастарымен бәстесіп жасағанын мойындады.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАосы факт бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл салу жазасын қарастыратын ҚР Қылмыстық Кодексінің 242-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Айтпақшы, бірер жыл бұрын осындай жағдай көршілес Ақтөбеде де орын алған болатын. Ол кезде «қалжыңқойдың» ата-анасы айыппұл ретінде 300 мың теңге төлеуге мәжбүр болған еді.

Анастасия ПАСТУХОВА

21 наурыз 2012, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.