Атырау, 19 желтоқсан 17:11
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

""Қырымсыз" карта алмастырылды", "Қазақта пантеон бұрын да болған", "Көрмені көрерменмен толтыру әзірге сценарий бойынша", "Путин Қазақстанға келсе, Ресей халқы алаңға шығады..."

2 395 просмотра

AZATTYQ.ORG. ""Қырымсыз" карта алмастырылды" - Украинаның Қазақстандағы елшілігі Астанада экспозицияға қойылған Украина картасында Қырым түбегінің көрсетілмеуіне байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігінен түсінік сұрап нота жолдады. Министрлік мәселені "саясиландырмауға" шақырды. Соңынан карта контуры сызылған фигуралар алынып тасталды. Оның орнына картасыз мүсіндер қойылды.

"Ғани үкіметінің екінші майданы – жемқорлық" - Ауған үкіметі 16 жылға созылған бүлікпен әлі де жанталаса күресіп жатыр. Соның кесірінен елдің астанасы бөлек-бөлек тас қамалдарға айналып, күн сайын ондаған адам өліп, ал мемлекет басшысы Кабулдағы биік дуалмен қоршалған президент сарайында жасырынуға мәжбүр.

INFORMBURO.KZ. "Қазақта пантеон бұрын да болған" - Біз тарихы, көне заманнан қалған мұралары көп, тамырлы елміз. Аталарымыз Пантеонды да салып кеткен. Бұл өзгелерден көш ілгері мәдениетіміздің болғанының дәлелі.

ZHASALASH.KZ. "Қазақ пен қазақ көшінің бес мәселесі" - Бірнеше күннен кейін Астана қаласында V Дүниежүзілік қазақ құрылтайы өтеді. Әлем қазақтарының басты форумына төрткіл дүниенің 38 мемлекетінен келген ағайын жиналып, ұлт мәселесін талқыламақ. Басты мәселе, сөзсіз, қазақ көшін жандандыру, қазақ диаспорасына қолдау көрсетудің тың жолдарын іздеу болмақ. Алыстағы ағайынның басқосуы қашанда ұлы той. Алайда осы алқалы жиын тек той-думан қуып, ЭКСПО шарлап, жиын тақырыбын ұмытып кетпесе екен деп тілейміз. Себебі қазақ этносы мен ұлты алдында тұрған көптеген кешенді мәселе бар. Соларды назардан шығарып алмасақ екен.

"Көрмені көрерменмен толтыру әзірге сценарий бойынша" - Сонымен, ЭКСПО-2017 көрмесі ашылды. Шымылдық түру мен отшашудан аянып қалмадық. Алыс-жақыннан 20-ға жуық елдің президенттері мен премьер-министрлері төбе көрсетті. Бірі таңдайын қақты. Бірі жорта мақтады. Қызғанышын жасырмағандар да табылды. Мәселен, Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаев Астанадан аман-есен Бішкекке жеткен сәтінде-ақ: «Егер осынша қаражат жұмсасам, мені өртеп жіберуі мүмкін еді. Бізде 1 миллиард долларды кредитке алып, жол жөндеуге жұмсасақ қаншама сөз шығады. Дүниежүзілік көшпенділер ойынына демеушілерден 30 миллион доллар алып жұмсаған едік, соны әлі күнге дейін бетіме басып келеді», – депті.

ABAI.KZ. "Путин Қазақстанға келсе, Ресей халқы алаңға шығады..." - Ресейлік оппозицияның көшін бастап тұрған Алексей Навальный жақсастары 12 маусым күні тағы да бірнеше қалада митинг ұйымдастырды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

"Қазақ дипломатиясы Украин елшілігінен кешірім сұрады" - «Қытай тарихшылары қазақ жеріне көзінің сұғын қадап отыр», «қазақ жерін қытай мектеп оқулықтарында пайдаланатын картаға енгізіп қойыпты» деп, кеше біраз кейіп алдық. Бұл өзі көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе екенін елдің есіне салып, қытай тарапының ойында не бар екендігіне болжам жасап та көрдік. Сөйтіп отырсақ, біздің әзірге аты-жөндері жария етіле қоймаған бір суретшілеріміз Қырымды алып РФ-ның территориясына қосып қойыпты. Соған байланысты Украина елшілігі Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен түсінік талап етті.

QAZAQTIMES.COM. "Осы уақытқа дейін Назарбаевтың саяси қарсыластары кімдер болды?" - Қазақстан тәуелсіздік алғанына 26 жыл уақыт өткені белгілі. Сол уақыттан бері қаншама мәрте президент сайлауы болды. Бұл президент сайлауларында бірі озып, бірі қалды деп айту қиын шығар әрине, десе де бүгін біз осы уақыт аралығында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қарсыластары кімдер болды соған қысқаша тоқталуды жөн көрдік. 

DALANEWS.KZ. "Орыстілді аудитория неге күңкілдеп жүр?" - Жалпы, қоғамда халықпен санасатын, пікірін тыңдайтын механизмдер жоқтың қасы. Бірақ, сайып келгенде парламентті де, қоғамдық ұйымдарды да билік жасаған.

BAQ.KZ. "Медициналық сақтандыру «бәріміз біріміз үшін» деген принципке негізделген – Байжүнісов" - 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде Медициналық міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізіледі. Қарапайым түсіндіретін болсақ, бұл дегеніңіз – халықтың өз денсаулығы үшін міндетті түрде ай сайын ақша төлеуі. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу арқылы медициналық жәрдемнің сапасын бақылау мәселесі қарастырылады. Азаматтар сақтандыру қорына ай сайын жарна төлеу арқылы өзі қалаған емхана мен аурухана қызметін пайдалануға құқылы екен. Ал адамдардың емдеу ақысы сол қордағы жиналып тұрған қаражаттан төленеді. Бірақ, бұл ретте дәл осы реформаға қатысты бірқатар өзекті сауал да туындайды. Көпшіліктің әлі де болса түсінбей жатқан тұсы көп. Сол себепті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Ерік Байжүнісовпен пікірлесіп көрген едік.

JASQAZAQ.KZ. "Ата-ананың мұңы – жолдаманың құны" - Соңғы қоңыраудың сыңғыры естілісімен ата-ананы әбігерге түсіретін бір жай – бауыр еті балаларының жадыраған жаз айында тынығып, дем алуын қамтамасыз ету. Тамаша табиғаттың аясында жүрген ауыл баласының жайы бір бөлек те, қысы-жазы табаны қара жерге тимейтін, жалтыраған асфальттің үстінде өсетін қала баласының жайы бір бөлек. 

13 маусым 2017, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.