Атырау, 19 желтоқсан 16:55
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Жерсіз қазақ - жетім қазақ", "Шахрат Нұрышев: Қытай – мүмкіндігі мығым мемлекет", "Қытай қазақтары "қысым көріп жатқандарын" айтады", "Қазақстан исламның ұлттық моделін жасауы керек", "Өзбекстанда биліктегі басшыны дәріптеуге тыйым салды"

3 784 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Өзбекстанда биліктегі басшыны дәріптеуге тыйым салды" - Орталық Азиядағы постсоветтік елдердегідей Өзбекстанда да автократ басшыны мадақтап, арнау айту дәстүрі бар болатын. Бірақ Өзбекстанның жаңа басшысы мұндай мадақты қажет етпейтініне сендіргісі келеді.

"Қытай қазақтары "қысым көріп жатқандарын" айтады" - Азаттық тілшісіне Қазақстанға көшіп келген Қытай қазақтары сол елде қалған таныс-туыстарының және Қазақстан азаматтығын алып қайта барған этникалық қазақтардың "саяси тәрбие" науқанынан қысым көріп, "қамауға алынып жатқанын" хабарлады. Ал Қазақстанға келген Қытай делегациясы өкілі ол ақпаратты жоққа шығарады.

ZHASALASH.KZ. "Ақтөбеде Мұстафа Шоқай бейнесі неге өшірілді?" - Белгілі журналист Арман Сқабылұлы Facebook парақшасында «Алаштың арысы Ақтөбеге бөтен бе еді?» деген пост жазып, жаңадан салынып жатқан көпқабатты ғимарат сыртына салынған Мұстафа Шоқай бейнесінің өшірілуіне наразылық білдірді. 

"Әлихан әлі жоқ, Ленин сол күйі тұр..." - Президенттің наурыз айында көше мен елді мекен атауларына кісі есімін беруді уақытша тоқтатқаны ШҚО ономастикалық комиссиясы, тілдерді дамыту басқармасы, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері үшін таптырмас желеу болды. Бұл, бір жағынан, ауылға атасының, көшеге көкесінің есімін беруді көздеп арнайы хат жолдауға құмар келетін «күштілер мен тістілердің» жоспарын күл-талқан еткен оңды шешім болған шығар. Бірақ ғұмырын ұлтқа қызмет етуге жұмсап, сол жолда жанын пида еткен тарихи тұлғаларымызды ұрпақтың танып-біліп өсуіне кедергі келтіретінін де жасыруға болмас.

"Сырттай соттау сериясы: 20 ЖЫЛ..." - Сонымен, Қазақстан сотына іс біткендей. Әблязов кетті. Ол сот үкімімен 20 жылға сотталды. Әрине, сырттай. Атақты банкир, оппозиционер деп сипатталатын Мұхтар Әблязовқа сот үкімі бойынша 20 жылмен қоса, мүлкін тәркілеп, 300 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынып, үш жыл мерзімге банк саласында кәсіби қызметпен айналысуына тыйым салынды. Әблязов Қылмыстық кодекстің «қылмыстық топ құру, оған басшылық жасау», «сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету», «БТА банк қаржысын жымқыру және оның ізін жасыру», «банк қаржысын заңсыз пайдалану», «қызметін асыра пайдалану» баптары бойынша айыпталған еді.

INFORMBURO.KZ. "Қазақстан исламның ұлттық моделін жасауы керек" - "Мұсылман елдері исламды көшірмей, оның ұлттық нұсқасын жасауы керек. Сонда дінде радикализм болмайды", – дейді CERI теологы Байрам Балчи.

365INFO.KZ. "Белгілі бір жағдайда Катар дағдарысы Қазақстанға пайдалы — саясаттанушы" - Әлемдік саясат тағы да бүлінді. Дипломатиялық байланысты үзген арабтың төрт мемлекеті Катардан 10 шартты орындауын талап етуде. Ол ультиматум ретінде бағалануда. Себебі, шарттарды орындауға бір тәулік қана уақыт берілген.

ABAI.KZ. "Жерсіз қазақ - жетім қазақ" - Бұрынғысы бұрынғы ма, жаз шыққалы жер мәселесі ушығып кетті. Жердің мәселесін ушықтырып отырған тіпті де қара халық емес, ушығуды шегіне жеткізіп отырған біздің билік!

"Нұрмақовтың отбасы тартқан трагедия" - Бүгінгі күні жарияланып, жарық көрген басылымдар арасында тарихи шындықпен толық сәйкесе қоймайтын, кейде біріне-бірі қайшы келетін, жалған, тіпті мифке жақын фактілер, пікірлер кездеседі. Ондай деректер оқырмандар арасында түсінбеушілік, ал 37-жылдың құрбандарының туған-туыстары арасында өкініш-өкпе тудырады.  

QAZAQTIMES.COM. "Балташ ТҰРСЫНБАЕВ, саясаткер: Пантеон салғанша, халыққа баспана салып беру керек" - Мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевтың  ұлттық пантеон туралы берген сұхбаты. 

DALANEWS.KZ. "Назарбаевтың бастамасын қалай қолдап кеткенімді өзім де байқамай қалдым" - Елімізде «Мұрагер» операциясына дайындық басталғаны рас па? Елбасы топаралық кикілжіңдер мен қақтығыстарда кімнің рөлін атқарып келеді? «Дат» газетінің осы және өзге де сауалдарына саясаттанушы Әміржан Қосанов жауап беріпті.

"Р. Айыпұлы: «Қазақстан-Қытай қарым-қатынасына сұхбат мәдениеті керек»" - Өткен аптада Алматыдағы Қытай бас консулдігінде Қытайдан келген арнайы делегациямен «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдері және басқа да азаматтар кездесіп, соңғы кездері ҚХР Шынжаң өлкесінде қалыптасқан кейбір түсініксіз жайттарды талқылады. Осы кездесуде нендей мәселе қаралды? Нақты қандай ұсыныс-пікірлер айтылды? Осы сұрақтар төңірегінде белгілі саясаткер, «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің төралқа мүшесі Рахым Айыпұлымен әңгімелескен едік.

AIKYN.KZ. "Шахрат Нұрышев: Қытай – мүмкіндігі мығым мемлекет" - Астанада 8-9 маусым күндері ШЫҰ саммиті өтеді. 9 маусымда «ЭКСПО – 2017» көрмесінің ашылу салтанаты басталады. Осы екі ауқымды шараға, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин арнайы келіп қатыспақ. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бұл кездесуінде қандай мәселелер талқыланады? Қытай басшысының Қазақстанға сапарынан қандай жаңалық күтеміз? Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышевпен сұхбаттасқан болатынбыз.


8 маусым 2017, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.