Атырау, 19 желтоқсан 16:46
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Пантеонда кім жерленетіні жайлы қаулыға пікір әрқилы", "Баламалы энергия дәуірінде Қазақстанды мұнай экспорты құтқармайды", "Бала еңбегін қанау әлі де бар", "«Саяси элитаның сатқын болғанын мойындайтын уақыт келді» — тарихшы"

2 378 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Пантеонда кім жерленетіні жайлы қаулыға пікір әрқилы" - Қазақстанның негізгі ресми басылымы «Егемен Қазақстан» газеті маусымның 1-і күні Қазақстан үкіметі қаулысымен Астана маңындағы Ұлттық пантеон туралы ереже бекітілгенін хабарлап, құжат туралы мәтін жариялады. Бұл ақпаратты естіген Қазақстан азаматтары әлеуметтік желіде түрлі реакция байқатты.

"Ресейдің көп құпиясын ашқан «селфи-солдаттар»" - Ресейдің қорғаныс министрлігі келісім-шарт бойынша қызмет істейтін әскерилердің жариялаған мәліметтері туралы есеп беруін талап ететін федералдық заң жобасын әзірледі. РБК телеарнасының хабарлауынша, қорғаныс министрлігі әскерилердің әлеуметтік желілерде бөлімшесінің нөмірін көрсетуіне, тұрған жері туралы мәлімет беруіне, құпия құжаттар мен нысандардың қасында суретке түсуіне тыйым салып, «ақпараттық қауіпсіздікті» қамтамасыз етуді көздеп отыр.

"«Әдебиетіміздің назары ересекке ауып, бала қалтарыста қалды»" - Маусымның 1-і – балаларды қорғаудың халықаралық күні. Азаттық тілшісі балаларға арналған өлеңдер жазып жүрген ақын Алмат Исәділмен балалар әдебиеті төңірегінде әңгімелесті.

INFORMBURO.KZ. "Баламалы энергия дәуірінде Қазақстанды мұнай экспорты құтқармайды" - Қазақстанға экономиканың өзге секторларын дамыту керек. Эксперттер "сұраныс күрт азайып, баррельдің бағасы енді $100-ға ешқашан көтерілмейді" дейді.

ZHASALASH.KZ. "Мырзахметовтің «командасы» бақшаны емес, ақшаны ойлап жүр ме?" - Ерте көктемнен егінін егіп, бау-бақшасын баптап, бел жазбай тырбанған әулиеаталық шаруалардың еңбектері еш, тұзы сор болып шаш етектен шығынға батқалы тұр. Өйткені өңірімізде жергілікті шаруаларды шырылдатып отырған шырылдауық шегірткелерге қарсы күрестің өте сылбыр жүруі салдарынан зиянкестер қанаттанып үлгерді. «Қолын мезгілінен кеш сермеген» шенеуніктердің ендігі уақыттағы шегірткемен шайқасулары «суға кеткен тал қармайдының» әрекеті іспеттес. Мәселен, күні кеше біз барған Байзақ және Талас аудандарының шекарасындағы Көделі жайлауында үйірлі шегірткелердің ұша бастағанын көрдік.

"Бала еңбегін қанау әлі де бар" - Маусымның 1-і мен 12-сі аралығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық еңбек ұйымының қолдауымен «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн күрес» атты ұлттық ақпараттық науқан өткізеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, елде 2015 жылы – 600, 2016 жылы 75 баланы жұмысқа тарту дерегі тіркелген.

"Жабулы қазан... жаңғырмайды!" - «Қоғамдық сананы жаңғыртуға көзқарасыңыз қалай?» деп менен жиі сұрайды, ойым екіұдай. Бір жағынан, президенттің белгілі мақаласында орынды біраз мәселе қамтылған. Оларды қалай жоққа шығарасың? Ұлттық, тарихи, кей тұста философиялық, астары терең, концептуалдық маңызы бар тақырыптар қозғалған. Мәселен, маған «киелі» деген сөздің ресми құжаттарға еніп, өзіне лайықты мәртебе алғаны ұнайды.

365INFO.KZ. "«Саяси элитаның сатқын болғанын мойындайтын уақыт келді» — тарихшы" - Қазақ жеріне келген ақ патша билігі де, сол секілді Совет үкіметі де легитимді емес-тін. Қазақ тарихындағы осы ақиқат әлі күнге құжат түрінде айқындалмай келеді.

ABAI.KZ. "Сенат сайлауы... Осы сайлау керек пе өзі?" - 28-ші маусымда Қазақстанда Сенат сайлауы өтеді. Сенат сайлауы үшін бюджеттен 92 миллион теңге жұмсалмақ көрінеді. ҚР Орталық сайлау комиссиясы осындай ақпар таратып отыр.

"Боқауов... Құран оқытпайды, қазақ тілінде сөйлемейді. Неге?" - 1920-1933 жылдардағы Сталин билеген Совет өкіметінің қазаққа қасақана жасаған геноцидінің құрбандарын еске алу жиылысында Павлодар облысының әкімі Болат Боқауов көрші елдің мемлекеттік тілінде ғана сөйлеген көрінеді. 

AIKYN.KZ. "Сингапур: шағын мемлекеттің ұлы жетістіктері" - Әлем экономикасы «қара алтынның» бағасына тікелей тәуелді болған. Қазіргі таңда мұнайсыз төрге шығу мүмкін еместей көрінетіні рас. Оның үстіне ұлтарақтай жері бар мемлекетті ұлы державалармен иық тірестіреді дегенге сену тіпті қиын. Десек те, осынау қалыптасқан қағиданы түп-тамырымен бұзып, алпауыттармен қатарласу тұрмақ, соларға үйрететіндей деңгейге жеткен мемлекет бар. Ол – Сингапур. Иә, бүгінде бүкіл әлем осы бір арал-мемлекеттің әр адымын аңдып, содан үлгі алып отыр. Басты бағыт-бағдарымыз бен ұстанымымыз үндесетін біз де көп жағдайда осы елдің тәжірибесіне үңілдік.

TURKYSTAN.KZ. "БЖЗҚ қаражаты қайда сақталады?" - «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева қордың инвестициялық портфелінің құрылымы жайында айтып берді. Tengrinews.kz порталындағы интернет-конференция кезінде қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, Наурызбаева зейнетақы активтері сенімді эмитентке құйылғанын атап өтті.

"Каракас көшелеріндегі қантөгіс" - 2014 жылдан бері көшелерінен тыныштық кеткен Каракас соңғы уақытта айғай-шудан, атыс-шабыстан тіпті көз ашпайтын болды. Күн сайын Венесуэланың түкпір-түкпірінде болып жататын наразылық шерулері жергілікті жұрттың қалыпты тірлігіне айналып кеткен. Қайтыс болғандар мен жараланғандар жайлы жаңалықтар да ешкімді селт еткізбейді: соңғы екі айда елдегі толастамайтын берекесіздіктер салдарынан 55 адам көз жұмып, 500 адам жарақат алған. Көшеге шыққандарға аяушылық жоқ екенін білсе де жоқшылықтан әбден жүдеген, биліктің пәтуасыздығынан мезі болған халықтың алаңға шығып айқайлағаннан басқа амалы жоқ.

1 маусым 2017, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.