AZATTYQ.ORG. "ГУЛАГ тарихын санаулы адамдар я шетелдіктер жазады" - Жылда мамырдың соңында Қазақстанда бұрынғы ГУЛАГ лагерьлері болған кей орындарда сталиндік репрессия құрбандарын еске алу шараларын өткізеді. Бірақ тарихтың бұл кезеңін терең зерттеумен кәсіби мамандардың кейбірі ғана айналысады, ал азаматтық қоғамда бұл тақырыпқа шетелде көбірек ықылас бөлетін тәрізді.
"«Даңқты чекистерге – Рахмет!»: «халық жауларымен» күреске қалай жұмылдырды" - Совет Одағында «халық жауларын» соттау мен оны еңбекшілердің «құптауын» баспасөзде жан-жақты насихаттау науқаны қатар жүрді.
"Епископтың қымбат көлігінен дау шықты" - Ресейдегі дін қызметкері қымбат көлік мінгені үшін сынға ұшырады. Аймақтық жаңалықтар сайты жол талғамайтын өте қымбат көлікпен жүретін епископ туралы жазған болатын. Епископ кейін оларға хат жазып, өзі туралы мақаланы алып тастауды талап еткен, талабы орындалмаса қылмыстық іс қозғаймын деп қорқытқан.
ZHASALASH.KZ. "Ресей мұнай бағасын өсіргісі, АҚШ оны түсіргісі келеді" - Мамырдың 25-інде мұнай тасымалдаушы елдердің ұйымы – ОПЕК және Ресей тәулігіне өндірілетін қара алтын көлемін тоғыз ай қысқарта тұруға келісті. Әлемдік мұнай нарығының 60 пайызын бақылайтын 24 мемлекет мүше картель 2018 жылғы наурыздың соңына дейін тәулігіне алынатын мұнай көлемін 1,8 млн баррельге азайтуға уағдаласты. Қазақстанның энергетика министрлігі де бұл шешімді құптайтынын айтып, елде тәулігіне өндірілетін мұнай көлемін 20 мың баррельге дейін азайтатынын мәлімдеді.
"Жатбауыр ұрпақ – жат мәдениет «жемісі»" - Бүлдіршін атаулының көгілдір экраннан ең алдымен іздейтіні – әрине, мультфильм. Спутниктік телеарналардың арқасында бүгінде балалардың бұл сұранысы айтарлықтай қанағаттандырылып та жүр. Nikelodeon, Jetix, CN арналарының тұрақты көрерменіне айналған олар Өрмекші адам, Тасбақа Ниндзя, Робот-полицей, Спанч Боб сияқты түр-түсі келіспеген, құбыжық кейіпкерлерді кумир етуге көшті.
INFORMBURO.KZ. ""Қайран анам жазықсыз азап тарттырған режимді, қанішер саясатты кешіре алмай, өксумен кетті"" - Карлагтың 26 нүктесі. Репрессияға ұшырап, жазықсыз азап шеккен әйелдердің лагері. Қиын тағдырларды көзімен көрген екі егіз АЛЖИР-дегі зұлмат жылдарды еске алды.
365INFO.KZ. "«Мұны Клинтон ғана біледі!». Ельцин жасырған құпия жария болды" - Сенейік пе, сенбейік пе? 1996 жылғы Ресейдегі сайлауға АҚШ араласыпты. Бұл туралы Jacobin журналы жазған екен. Дерегі де, дәлелі де бар.
"«Ол кісіге ренжімеймін, бірақ…». Бибігүл Төлегенованың ащы сынына Қайрат Нұртастың анасы жауап берді" - Қайрат Нұртастың анасы ұлын әнші деп санамайтын Бибігүл Төлегеноваға ренжімейтінін жеткізді, дегенмен ол баласының эстрадаға орта жолдан қосылмағанын, кішкентай кезінен музыкамен айналысқанын нығырлап айтты.
ABAI.KZ. "Ашаршылық. Әкемнің аман қаппым пышағынан..." - Жазылған хат секілді халқымдағы, Ақсақал өр мінезді нар тұлғалы. Айытпақшы бір әңгіме бастан өткен, Қойманың ашылғандай алтындары.
"Өзбекстанда алдағы 10 жыл ішінде экономикалық өсу және өркендеу болмайды" - Өзбекстанда алдағы 10 жыл ішінде экономикалық өсу және өркендеу болмайды. Себебі жаңа президент Ислам Кәрімовтің ескі жолымен жүріп, мемлекет үшін ауадай қажет болған саяси реформаларды қолға алған жоқ. Бұл туралы оппозициядағы Өзбекстан «Бірдәмлік» Халық-демократиялық қозғалысының төрағасы Баһадір Чориев мәлімдеді.
QAMSHY.KZ. "Шығыс Түркістандағы Алаш рухы" - Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан ұланғайыр жердің бір бөлшегі шығыс Түркістан. Негізінде ол ұлы «Қаһарлы Алтай» еді! Адамзаттың алтын бесігі саналуының сыры жері мен елі батыр... Әттеген-айы! Қайсыбір найсап қолдардың шекараны бөлшектеп қате сызғанымен, ырықсыз құйырығын үзіп, ұлы денесінен айырылған күйінде қансырап жатыр. Шығыста қалған бауырлардың қайғысы мен мұңын, тулаған ыстық қанын Ертіс арқылы сезінуге болады. Шығысы мен батысына салт атты кісі алты айлық жол жүруге тура келетін қайран Алтай қайырылмас болды.
DALANEWS.KZ. "Мен тозақты көрдім…" - Қызыл империяның қолымен жасалған 1931-33 жылдағы ашаршылық қазақтың басына түскен небір зұлматтан асып түсті. Осынау топалаңның көзі тірі куәгерлері баяндайтын «Қызылдар қырғыны» кітабындағы жантүршігерлік трагедияларды жариялауды жөн деп шештік. Себебі, мұны ұмытуға болмайды.
"Солтүстік Қазақстанда қазақ неге аз?" - Солтүстік Қазақстанда қазақ неге аз білесіз бе? Мұның себебі ашаршылықта жатыр. 1897 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті ұлттың үлес салмағы 70-80 пайыз болғанын біреу білсе, біреу білмес…