Атырау, 27 қараша 13:52
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Емханалар үшінші деңгейге жету керек

3 830 просмотра


Қаладағы 4 емхана мамандандырылған екі емханаға біріктірілетіндігіне қарамастан, емдеу мекемелеріндегі барлық салалық мамандар өз орындарында қалады. Орталықтандырылған мамандандырылған емханалар күшейіп, олардың базасында жаңа қызмет түрлері көрсетілетін болады.

Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА

Бізге алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін қайта ұйымдастыруға қатысты ахуалды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА түсіндірді.

№3 және №7, сондай-ақ №1 және №5 емханаларды біріктіру туралы ақпарат жақында облыстық әкімдікте өткен селекторлық кеңесте айтылған болатын. Оқырмандар: бұл енді қала тұрғындарына бір емханаға баруға тура келеді деген сөз бе, ұзын-сонар кезек туындайтын шығар, босаған ғимаратта не болады деп сұрай бастады.

Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, қайта ұйымдастыру алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің үшінші деңгейін енгізуге бағытталған. Бірінші деңгей – бұл жалпы тәжірибе дәрігерлерінің, учаскелік терапевтер мен педиатрлардың көмегі. Екіншісі – консультациялық-диагностикалық бөлімше, ол жерде салалық мамандар (терапевтер, хирургтар, невропатологтар), сондай-ақ, клникалық-диагностикалық бөлімше (зертханалық диагностика, рентген, УЗИ) шоғырланған. Біздің емханаларымызда осы екі деңгей бар. Ал облыстық басқарма үшінші деңгейді (жоғары мамандандырылған қызметтер) енгізуге тырысуда. Мамандандырылған емхана мықты материалдық-техникалық базасы бар анағұрлым жарақталған медмекеме базасында құрылатын болады. Жаңа қызметтер ретінде бір күндік хирургия, аллергологиялық және гепатологиялық орталықтар, сонымен қатар отбасылық және ерлер денсаулығы, жастар денсаулығы орталығы секілді жаңа бөлімшелер ашу жобаланып отыр. Бір күндік хирургияда ауруханаға жатуды қажет етпейтін операциялардың бүкіл шағын түрлері жасалады. Бүгінде олар облыстық ауруханада жасалады, пациенттер ереже бойынша бұған мұқтаж болмаса да стационарда 3 күн жатуға мәжбүр.

Біріктірілген екі емхананың әкімшілігі біреу болады. Жоба әзірлеушілердің пікірінше, бұл екі мекеменің кадрлық ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

- Ал халық тығыз орналасқан қала шетіндегі шалғай аудандарда дәрігерлік амбулаториялар ашылатын болады. Олардың штатында жалпы тәжірибе дәрігері, 3 медбике, әлеуметтік қызметкер, психолог болады. Олар алғашқы тексеру жұмыстарын жасап, пациенттерден қан мен несеп талдамаларын алып, сұрыптайды. Қажет болған жағдайда, УЗИ мен флюораграфияны қосуға болады. Осылайша, медициналық көмек анағұрлым қолжетімді болады. Бүгінде Атырау 7 амбулаторияға мұқтаж. Соның ішінде, Нұрсая, Жұмыскер, Еркінқала бар. Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында дәрігерлік амбулатория салу жобаланып отыр, инвесторлар бар, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.   

Емханаларды қайта ұйымдастырудың нақты мерзімін ол атамады, тек бұл жоспардың 2025 жылға дейін жобаланып отырғанын атап өтті. Қазір жобаны негіздеу жұмыстары жүргізілуде, нақты қадамдар келесі жылы басталуы мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 мамыр 2017, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.