Атырау, 26 сәуір 09:36
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Әкім: Адамдар басқа қалалардан көмек іздемей, Атырауда емделуге тиіс

3 450 просмотра
Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА.

Атырау облысынан (бүйрек сырқатына шалдыққан науқастар үшін): облыс орталығында 20 орындық және Құлсарыдан 6 орындық екі гемодиализ орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен селекторлық жиналыс барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА хабарлады.

Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ төрағалығымен өткен жиналыста медицинаны дамыту, соның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестік аясында дамыту перспективалары талқыланды. М.Аймұрзиеваның айтуынша, облыстағы денсаулық сақтау саласының биылғы жылы бюджеті 29,6 млрд теңгені құрайды (жергілікті бюджеттен 3,4 және республикалық бюджеттен 26,2 млрд). Осылайша, әр тұрғынға 49 734 теңгеден келеді. Алайда, өңір тұрғындарының үнемі өсуіне байланысты бұл ақша жеткіліксіз. Соңғы бес жылда, мәселен, ол 10 пайызға өсті. Ал көптеген медицина мекемелері 50-60 жыл бұрын салынған, күрделі жөндеуді қажет ететін ғимараттарда орналасқан. Тағы 29 ғимарат салынуы керек: дәрігерлік амбулатория, хоспис, патологоанатомиялық бөлімше және т.б. Әзірге 15 ғимаратқа жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

Жедел медициналық жәрдем жұмысын жақсарту үшін орталық база мен қосымша төрт техбаза салу қажет. «Жедел жәрдем» жаңа көлікке мұқтаж, облыс орталығы үшін 38 көлік және аудандар үшін 52 көлік сатып алу керек.

- Біз Авангардтағы облыстық аурухана мен Нұрсаядағы көпбейінді мекемеде онкологиялық, тері-венерологиялық, акушерлік және гинекологиялық қызметтерді біріктіріп, медициналық кластер құрғымыз келеді. Әрі қарай қаладағы төрт емхананы мамандандырылған екі емханаға қайта құрылымдау жоспарымызда бар. Біз №3 және №7, №1 және №5 емханаларды біріктіреміз. Ал халық тығыз орналасқан және шалғай аудандардан жаңадан салынған көпқабатты үйлердің 1-қабаттарынан дәрігерлік пункттер ашу керек болады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы.

Мемлекеттік-жеке серіктестікке келер болсақ, медицина мекемелерін салу, жабдықтар жеткізу, аутсорсинг және сервистік қызметтерді ынталандыру жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы алғашқы қадам - екі гемодиализ орталығын ашу. Бұдан басқа, қазір бір емхана мен бес дәрігерлік амбулатория құрылысының тұжырымдамасы әзірленуде.

- Жарақтау бойынша бізде ешқандай проблема жоқ, өкінішке орай, облыс тұрғындары жергілікті мамандарға аса сенім білдіре қоймайды. Медицина мекемелері халықтың түсінігінде ұзын-сонар кезекпен, мамандардың біліксіздігімен ұштастырылады, - деді Нұрлан Ноғаев. – Адамдардың біздің медицина туралы ұғымын түбегейлі өзгерту керек: емхана жұмыстарын оңтайландырып, осылайша олардың жұмыс мөлшерін азайтып, жаңа медициналық мекемелер салып, мейлі, басқа өңірлерден болсын, белгілі бір саладағы білікті мамандарды жұмысқа тарту керек. Баспана мен лайықты еңбекақыны біз ұсынамыз. Адамдар басқа қалалардан ем іздемей, Атыраудан ем алуы тиіс.

Әкімнің бұл сөзіне Аймұрзиева қазір облыстың 144 маманға зәру екенін, оларды тарту жұмыстарының басталғанын айтты. Атырау облысына интернатура мен резидентураның Алматыдағы 30 түлегі мен Ақтөбеден 95 түлек келісім берген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

23 мамыр 2017, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.