AZATTYQ.ORG. "Түрмеде өсіп жатқан сәбилер" - Қазақстанда түрме аумағында орналасқан жалғыз балалар үйінде сүт-айран, жеміс езбелері және жөргектер жетіспейді. Азаматтық белсенділер түрмеде жаза өтеп жатқан аналарымен бірге тұрып жатқан балалардың жағдайын зерттеу нәтижелерімен таныстырды.
"Ықтиярхаты жоқ оралман отбасы айына бір рет шекара асуға мәжбүр" - Өзбекстаннан көшіп келген қазақ отбасына Қазақстанда тұруға рұқсат беретін құжат арман. Олар тіркеу тәртібін бұзғаны үшін айыппұл төлеп, тұрақты тұруға рұқсатты бір жылға дейін ала алмай қалған.
"Ресей депутаттары коррупциямен күресетін ұйымдарға шүйлікті" - Коррупциямен күресетін Transparency International халықаралық ұйымының Ресейдегі бөліміне кремлшіл депутаттар ашулы. Қазір ұйымға қысым күшейе түскен. Ресей депутаттары Transparency International жұмысын тексеру керек, ұйымды жабу керек деген талаптар қойып жатыр.
INFORMBURO.KZ. "Америкада тегін оқуға ауыл баласына да жол ашық" - Ертең 130 мың түлек мектеп бітіреді. Қазақстанның білімін азсынғандар болса, қазір шетелдің оқу орындарын таңдай алады. Талпынса, ол жақта да тегін білім бар.
ZHASALASH.KZ. "Жер – қазақтың жаны" - Қазақтың ұзын тарихының әр кезеңін шолып отырсаңыз, күрес пен шайқастың түп қазығы жер үшін болғанын бағамдайсыз. Содан болса керек, «жерді қорғау» деген ұғым халықтың сүйегіне сіңіп, қанына араласып, ұрпағының ұлттық жадына ең негізгі әрі өзін-өзі сақтаушы ақпарат есепті беріліп отырғандай.
"Қаралы тарих түгел ақтарылуы тиіс" - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ел болып еске алатын 31 мамыр біздің еліміздегі қастерлі күндер қатарына кіргелі, міне, 20 жыл болып қалды. Дәлірек айтқанда, 31 мамыр айрықша мәртебеге ширек ғасырдан бері ие.
"«Зейнетақы қоры – саяси шешімдердің құрбаны»" - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) Әзірбайжан халықаралық банкіне 200 млн доллар көлемінде инвестиция салынып, аталған банктің берешегі өсіп, қарызын қайтара алмай отырғаны туралы ақпарат шыққан соң, отандық қаржыгерлер «зейнетақы қорынан алынған ақша қайтпай қалуы мүмкін» деп дабыл қақты. Бұл БЖЗҚ-дан шыққан алғашқы дау емес. Сарапшылардың айтуынша, зейнетақы қоры саяси шешімдердің құрбаны болып отыр.
ABAI.KZ. "Жатырынан безген жақыннан жарылқайтын жат жақсы" - Түзелген қате қате емес – сабақ. Қазақ тілі керек, ағылшын тілі жеке пән ретінде керек, оған орыс тілінің біраз сағаттарын беріп қойса, тіпті жақсы. Орыс тілін онсызда жақсы білеміз. Барлық ақпарат, теледидар орысша сайрайды. Алматының қазағы өзара орысша сөйлеcеді. «Бұларың қалай?» десең пәлеге қаласың. Орысқа қазақша білуі керектігі туралы айтсаң Нұратасының сөзін мысалға келтіріп, жанжалдаса жөнеледі.
"Президент болғың келе ме? Партбилетің қалтаңда болсын!" - Енді Қазақстан Президенттігіне үміткерлер өздерін-өздері ұсына алмайды. Мәжіліс дауыс берген "Қазақстандағы конституциялық заңдарға өзгертулер енгізу" туралы заң жобасында бұл жайт анық жазылған.
QAMSHY.KZ. "«Туған жерге» ораламын деп дымсыз қалған жесір ананың жыры" - Кеше, 23 мамырда көшіп келе жатып, шекара қызметкерлері ақшасын алып қойған Гүлжан Мәуітханқызының мәселесіне байланысты Астанада кезекті мәрте баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға қоғам белсенділері, заңгерлер және журналистер қатысты."
"Оразаға 30 әзірлік" - Қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, Ораза ұстаймын деп ниеттенген адамдарға Оразаға 30 әзірлікті ұсынамыз.
AIKYN.KZ. "Қытайдағы билік тартысының жеңімпазы кім?" - «Си Цзиньпин Қытай тағын ешкімге бергісі жоқ» дейді сарапшылар. Қазіргі аспанасты елінде қалыптасқан жағдайға қарап, олардың айтып жатқаны дұрыс па деп қаласың.
"Медициналық сақтандыру: сұрақ-жауап" - Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры сұрақтарға жауап берді.
EGEMEN.KZ. "Диверсант" - Жасыратыны жоқ, бұрынғы КСРО-ның Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қараған «Офицерлер құрамын жетілдіру курсы» деп қарапайым ғана аталатын оқу орталығы – құпия міндеттерді орындау үшін шетелге жіберілетін жасырын топтарды басқаратын барлаушыларды дайындады. Оның қайнар көзі сол МҚК Бірінші Бас басқармасының (Кеңес Одағының атышулы сыртқы барлауы) «В» бөлімі болды, ал орталығы Мәскеу түбіндегі Балашихадағы ескі барлау мектебінде орналасты. Біз әңгімелегелі отырған барлаушы Төлеухан БОҚАЖАНОВ та 1974 жылы осы МҚК барлаушылар дайындайтын офицерлік құрамның білімін жетілдіру курсында, ал 1975-1976 жылдары МҚК Ю.В.Андропов атындағы Қызыл жұлдызды инстиутта (қазіргі Ресей Федерациясы сыртқы барлау академиясы) оқыған еді.