INFORMBURO.KZ. "Ұрланған велосипедті полициядан бұрын қожайыны тез табады" - Астанада бір күнде үш велосипед ұрланады. Полиция тек жоғалған әрбір жетінші велосипедті табады екен. Көбіне тұрғындар қолды болған дүниелерін өздері іздейді.
AZATTYQ.ORG. "Кедейлерді билік "азайтып", халықаралық есеп "көбейтіп" көрсетеді" - Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми дерегіне қарағанда, өңірде биыл кедейшілік шегіндегі адамдар кейінгі екі жылдың тиісті мерзімдерін салыстырғанда екі жарым еседей азайған. Ал Дүниежүзілік банк мәліметіне қарағанда, Қазақстанда кедейлер көбейіп, олар халықтың 19 пайызынан асқан. Жергілікті әлеуметтанушы билікке емес, халықаралық есептің дерегіне сенуге бейіл.
"Тұрғындар қару алу үшін мал-мүлкін сатқанын айтады" - Ауғанстанның Орталық Азия елдерімен шектесетін провинцияларындағы ахуал соңғы үш жылда қиындап кетті. Шекарадағы тұрғындар содырлардан қорғану үшін қолдарына қару алған.
QAZAQTIMES.COM. "Досым Сәтбаев: «БЖЗҚ мен Ұлттық банк әлі тыныш отыр»" - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 71,3 млрд теңгесінің Әзербайжанның проблемалы банкіне инвестицияланғаны туралы ақпараттың тарағанына бір апта уақыт өтті. Бұған қатысты депутаттар және Ақпарат және коммуникациялар министрлігі пікір білдірген. Алайда қор қаржысына жауап беретін басты орган Ұлттық банк әлі ресми жауап берген жоқ. Ал БЖЗҚ-ның басқарма төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева бұл тікелей Ұлттық банктің жұмысы екенін айтқан. Ал Саясаттанушы Досым Сәтбаев болса өзінің фейсбук парақшасында БЖЗҚ мен Ұлттық банк әлі тыныш отыр деп жазды.
QAMSHY.KZ. "Ресей ЕАЭО аясында өзіне ғана тиімді ережені бекітті" - DW cарапшыларының дерегінше, Ресей ЕАЭО нарығында өзіне тиімді ережелерді бекітті, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
"Қытайда 10,000 шенеунік жемқорлық үшін атылғаннан кейін елде адам нанғысыз өзгерістер орын алды" - Бұл жай ғана статистика. Бірақ осы статистика Қытайдың жүйесін өзгертті десек қателескеніміз емес. Қытайда 10 000 шенеунік өлім жазасына кесілген.
QAZAQUNI.KZ. "БАҚ: Шетелдіктерге өткен жерлер ҚАЙТАРЫЛМАДЫ, қазақтың ЖЕРІ әлі САТЫЛЫП жатыр" - «Алаш жолы» жалпыхалықтық қозғалысы құрылып, «Жерімізді сатпаймыз, тілімізді сақтаймыз!» ұранымен бейбіт шеру ұйымдастыру туралы бастаманың көтерілгеніне бүгін дәл бір жыл толды.
AIKYN.KZ. "Роухани батыспен тайталаса ма, әлде…" - Иран елінде президент сайлауы өтті. Аламанға ат сайлап, додаға түскендердің саны алты адам еді.
HALYKNEWS.KZ. "Сергей Дуванов: Өткелде ат ауыстырған қалай болар екен?" - Қазақстандық журналист Сергей Дуванов қазақ әліпбиінің латыншаға көшуіне қатысты өз пікірін білдірді. Ол әліпбидің ауысуына қарсы екен. Себебі… Себебін өз мақаласынан оқып көріңіз.
"Қытайда – “дарындылар” базары, бізде – “құлбазар”" - Бізде “Құлбазарда” жүргеннің дені – қазақ. Аязда, аптапта, желдің өтінде жұмыс күтеді. Кім жалдаса, соның құлы. Қытайда мұндайларға үлкен ғимарат салып қойған.
ABAI.KZ. "Қаңғырып жүрген қазақ жастарын Сағынтаев неге қолдамады?" - Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев депутат Азат Перуашевтің жастарға арналған жатақжай салу туралы ұсынысын қабылдамады.
"Әлемдік стандарт және қазақ мүддесі" - Ширек ғасырдан астам Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп келеді. Бұл уақыт аралығында еліміз мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың пікірінше бірнеше жаңғыруды бастан өткізіпті. 2017 жылғы 31 қаңтарда жаңа форматта жасалған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында президентіміз: «Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын»- деді. Соған сәйкес бес негізгі басымдықтарды бөліп көрсеткен еді. Мұндағы басты стратегиялық мақсат ретінде 30 озық елдің қатарына кіру көзделіп отыр.