Атырау, 19 желтоқсан 17:20
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Бай болса – шетелдік инвестор, кедей болса – оралман", "Зейнетақы қорының шеттегі қаржысы", "Асанов пен Мәми үнсіз... Елбасының рақымшылығы саудаға түсіп жатыр", "«Үйлену – несие, үй алу – ипотека»"

2 787 просмотра

INFORMBURO.KZ. "Бай болса – шетелдік инвестор, кедей болса – оралман" - Қазір алыс-жақын шет елде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Соңғы жылдары елге келуді ниет еткен қазақтардың саны күрт төмендеп кетті. Оның себебі неде?

AZATTYQ.ORG. "Зейнетақы қорының шеттегі қаржысы" - Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Әзербайжан халықаралық банкіне салған қаражаты қайта ма? Қор қаражатын шетелде орналастыру туралы шешімді кім қабылдайды? AzattyqLIVE бұл туралы экономист, бұрынғы инвестиция және даму вице-министрі Рақым Ошақбаевпен талқылады.

"Тасқыннан соңғы тұрмыс" - Солтүстік Қазақстан облысындағы тасқыннан зардап шеккен кей тұрғындар жергілікті билік әлі күнге үйлеріндегі суды шығаруға жәрдемдеспей жатыр дейді. Олардың кейбірі туыстарының үйінде, ал тағы бір тобы мектепте тұрып жатыр. Мектептегілер өздерінің антисанитарлық жағдайда тұрып жатқандарын айтады.

""Мал басына үш гектар" талабы наразылық тудырды" - Шаруалар үкімет қаулысындағы қисынсыз талап кооператив құруға кедергі екенін айтады. Үкімет Азаттыққа ол талаптың өзгертілетінін хабарлады.

ZHASALASH.KZ. "Әбіқаев қайта атқа қона ма?" - Сәрсенбінің сәтінде президент Н.Назарбаев сенат депутаты Н.Әбіқаевты қабылдады. Әрине, бір қарағанда бұл кездесуде тұрған ештеңе жоқ сияқты. Ақорда төрінде президенттің қолын алып, емен-жарқын әңгімелесіп шыққан депутаттың алды да, соңы да бұл емес.

"Мұғалім кітап оқымайды" - Кез келген ұлтты өркениетке жеткізетін күш – білім. Білім негізі мектепте. Орта білім саласына реформа деп таңылған «Кембридждік оқу тәсілінің» кемшіліктерін «Бүгінгі білім саласы: «Кім кінәлі? дегеннен гөрі «Не істейміз?» деген сұрақ төңірегінде ойланайық» деген мақаламда («Жас Алаш», №27, 6 сәуір, 2017 жыл) тарқатып айтқан едім. Бұл жолы жоғары оқу орындарындағы «Болон декларациясы» немесе «Болония» деген атпен жүргізілген реформаның нәтижесін сөз етсем деймін.

ABAI.KZ. "Шимашева педофилдің қылмысын неге жасырып қалды?" - Бұл жай ғана іс деп ойласаңыз, қателесесіз. Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы. Сол ұрпақтың дұрыс білім алуы креслода қонжиған «ығайлар мен сығайлардың» тікелей тізгінінде тұрғаны тағы ақиқат. Айтайын дегенім:  былтыр, дәлірек айтқанда, 2016-жылдың 2-ақпаны күні 1-сыныпта оқып жүрген қызымды Алматы қалалық Білім басқармасының бастығы Шимашева Рахат Сейдахметқызы дайындық сыныбына ауыстырып тастады. Неге?

"Асанов пен Мәми үнсіз... Елбасының рақымшылығы саудаға түсіп жатыр" - Осы ел Жақып Асановты өте жақсы көреді. Қайрат Мәмиді қара қылды қақ жарар әділ адам деп біледі. Қоғамдағы әділетсіздікке шыдамаған әр адам сол кісілерге хат жазып, өз құқықтарының бұзылып жатқанын айтып шағынады. Биылдың өзінде Abai.kz ақпараттық порталына екі бірдей кісі өліміне қатысты материал жарияланды. Екеуі де осы тұлғаларға ашық хат үлгісінде жазылып, қоғам талқысына түсті. Екі оқиғаны да заң адамдары тігісін жатқызып, Елбасының тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаған рақымшылығына іліп жіберген.

TURKYSTAN.KZ. "«Үйлену – несие, үй алу – ипотека»" - Бүгінде жұрт банктен несие алуға құмар. Құмар емес-ау, бұған адам жетімсіздіктен, мәжбүрліктен баратыны белгілі. Тіпті, қазір білімді де несиеге оқып, шаңырақты да несиеге көтеріп жатқандар көп. «Үйлену – несие, үй алу – ипотека» деген жаңа заман нақылының да ел аузында жүргені осыдан.

"Тайн жазбалары. Озған жұрт несімен озық?" - Барған-көрген, жүрген-тұрған, ішіп-жеген, тамалашаған… не қызық? Жо-оқ, ғафу етіңіз, көрген-білгенінің бірін қалдырмай жіпке тізетін, немесе ішкі әсерін жалпақ әлемге айпарадай жария ететін жолсапар очеркі маған қол емес. Тұманды емес Альбионға жартылай тұрғын болып қоныс аударып, Солтүстік теңіздің сұр үрлегендей суық тартып тұратын ауасын жұтқаныма екі жыл болса да, жолжазба жазып көрген емеспін.

QAZAQUNI.KZ. "Қазақстанда дипломды 200 мың теңгеге жасап сатады" - 4-5 жыл көздің майын тауысып оқымай-ақ, үйде отырып  мемлекеттік дипломды 1 айдың ішінде сатып алуға болатын көрінеді. Оқымай алынатын  құжаттың құнын да айта кетейік. 200 мың теңгеден басталады екен.


18 мамыр 2017, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.