AZATTYQ.ORG. "Мұнай бағасының құбылуы және Нигерия сабақтары" - Шетелдік баспасөз мұнай бағасының өзгеруі жайлы жазған. Сарапшылар кей елдер ОПЕК-тің мұнай өндірісі көлемін азайту шешіміне қосылуды ұйғарған тұста баға сәл қымбаттағаннан кейін де сақтана болжам жасайды.
"ОСС кәсіподақ лидері не үшін сотқа тартылды?" - Астана соты маңғыстаулық OCC компаниясы кәсіподақ ұйымы жетекшісі Әмин Елеусіновке мамырдың 15-і үкім шығаруы мүмкін. Ол қаңтарда биліктен тәуелсіз кәсіподақты жаппауды талап еткен жұмысшылардың аштық акциясы кезінде ұсталғаннан бері қамауда отыр.
"Әндіжандық босқындар 12 жыл бұрынғы оқиғаны айтуды қаламайды" - Өзбекстанның Әндіжан қаласының 2005 жылғы мамырдың 13-і күні болған оқиғадан кейін шетелден саяси баспана тапқан кей тұрғындары 12 жыл бұрын болған қырғынды еске түсіруді қаламайды.
INFORMBURO.KZ. "Жалға алған жеріңізді балаға мұра ете аласыз" - Қазақстанда халықтың да, биліктің де жерге қатысты көзқарасын түбегейлі өзгерткен уақыт былтыр еді. 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап, Қазақстанда алғашқы аукцион өтіп, жер шетелдіктерге жалға берілуі керек болатын. Шетелдіктер үшін 10 жылдан 25 жылға дейін жалға беруді көздейтін өзгеріс Жер кодексіне 2014 жылы енгізіліп қойған. Халық бұған келіспеді, арты наразылық митингісіне ұласты. Үкімет комиссия құруға мәжбүр болды. Ақыры 2016 жылдың мамырында дауға тоқтау салған Жарлық шықты. Бірақ, бұл – қанша жыл қараусыз қалған жер мұңының бір шеті ғана.
"Түркістан легионерінің беймәлім сыры" - Кеңес заманында қатты құпия болған ақпардың бірі – немістермен соғыстың алғашқы айларында тұтқынға түскен совет солдаттарының саны. Кейінгі жария болған деректер бойынша, 4 миллионнан асып жығылады. Тарихта дұшпан жағындағы осыншама адамдардың тұтқынға түскен кезі болмаған. Өз еркімен емес, дарынсыз қолбасшы, елбасшылардың жіберген үлкен саяси әрі ұрыс даласындағы орасан әскери қателіктердің кесірінен тұтқынға түсті.
ZHASALASH.KZ. "Мырзағали АЙТЖАНОВ: Кімнің кім екенін уақыт көрсетеді" - Бокстан Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен Азия чемпионатында 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Әлем чемпионатына 9 жолдама иеленді. Бір қарағанда жаман табыс емес. Бірақ шаршы алаң иесі Өзбекстан құрамасы 10 салмақтың тоғызында топ жарды. Шынында да өзбектер бізден мықты ма? Осы сұраққа жауапты ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтижановтан естігіміз келді. Сәтін салып, Алматы әуежайында Бакуде (Әзербайжан) өтетін Ислам ойындарына жолға шыққан бас бапкермен жолығып қалдық.
"Жұрттың Ыбырайы – Ыбырай..." - Аунап өткеп аптада мен үшін айтулы деп атайтын екі оқиға болды. Бірі – Францияда, екіншісі – Алматыда. Екеуі біраз ойға жүк болып тұр. Жалпы, біз әлемдік дағдарыс туралы көп айтып, бұл тақырыпты жауыр ғып жібергендейміз. Экономика мен геосаяси қақтығыстардың да шаңын көп қағамыз. Бірақ ғаламдық іркіліс әр елдің саяси өміріне, салттары мен шарттарына жаңалығын енгізіп жатыр.
365INFO.KZ. "«Зиялы қауымда бедел жоқ. Қазіргі авторитет — байлық» — Амангелді Айталы" - Философ-ғалым Амангелді Айталы Қазақстанда экстремист деп танылған салафиттерге қысым жасауға болмайды дейді.
ABAI.KZ. "76 жастағы Елбасы ағылшынша үйренгенде, 40 жастағы министрлердің қазақ тілін білмеуі - ұят" - Елбасы Назарбаев Университетінің басшысы Шигео Катсуды Ақордада қабылдады. 76 жастағы Елбасы шетел азасматымен (Университет басшысы Шигео Катсуды айтамыз) ағылшын тілінде әңгімелесті. Университет жұмыстары жайлы сұрап, Катсудың баяндамасын тыңдады.
"Бейжіңдегі саммит бізге не береді?" - 14 мамыр күні Бейжіңде жаңа "Жібек жолына арналған Халықаралық "Бір белдеу, бір жол" саммиті өтті. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Елбасы халықаралық ынтымақтастық форумының салтанатты ашылу рәсімі аясында бірқатар мемлекеттердің көшбасшыларымен кездесу өткізді.
QAZAQTIMES.COM. "АҚШ арнайы жасағы тарихындағы сәтсіз әскери операциялар" - АҚШ өзінің әскери арнайы жасақтарымен мақтануды жақсы көреді. Алайда америкалықтар олардың кемшіліктері жайында айтқылары келмейді дейді National Interest ақпарат көзі.
DALANEWS.KZ. "Мұғалім, сен қандай күйге түстің?" - Қазір ұстаздарға қойылатын талап көп. Солардың жұрт білетін бірнешеуін айтсақ. Ұстаз қазақ, ағылшын, орыс тілін білуі керек. Әрбір ұстаз психолог болуы шарт. Ұстаз қоғамдық-саяси өмірдің белсендісі болып саяси науқандарға атсалысып (сайлау), түрлі мемлекеттік шараларды халық арасында насихаттау керек. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік саясаттың насихатшысы (пропагандист) болуы тиіс. Бұдан басқа күні бойы толтыратын қағазы және бар. Ал сонда баланы кім оқытады? Ұстаздың нақты ісімен айналысатын уақыты қалады ма? Жоқ.
QAZAQUNI.KZ. "Миллион доллар алғандар жазасыз қалып, 45 мың теңге алғандар 7 жылға сотталуда" - Ақтау қалалық сотының судьясы М.Кенжалиев облыстық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы Марал Қадірді 7 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. 7 жыл! Жетім қыз, жесір əйел, жалғызбасты анаға жеті жыл!!!