Атырау, 5 желтоқсан 09:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"«Мұнай соғысы»: Қазақстан қалай ұтылып отыр", "Латын әліпбиі қазақты жаңғырта ма, әлде қаңғырта ма?", "Жазалау ма, әлде жолдағы тәртіпке қойылатын талаптар ма?", "Ел Ердоғанның соңынан ерді", "Ердоған билігі пост советтік елдердің билігіне ұқсап келеді"

2 577 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. "Жазалау ма, әлде жолдағы тәртіпке қойылатын талаптар ма?" - Парламент мәжілісінде «Жол жүрісі туралы» заңға түзетулер енгізуге қатысты жұмыс әлі аяқталған жоқ, бірақ көлік жүргізушілер ұсыныстарды қазірдің өзінде сынап жатыр. Бұл заң соңғы рет 2015 жылы өзгертілген.

"Түркияға сынақ болатын референдум" - Түркияда өтіп жатқан конституциялық реформа жөніндегі референдумнің нәтижесі елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоғанға жаңа өкілеттіктер беру немесе бермеуді түбегейлі айқындайды. Ел азаматтары конституцияға енгізуге ұсынылған 18 өзгертуге қатысты пікірлерін білдіреді. Бұл өзгертулер елді парламенттік биліктен президенттік басқаруға көшіруді көздейді. Өзгертулер қабылданған жағдайда Түркияның билік жүйесінде соңғы бір ғасырға жуық уақыт ішінде болмаған түбегейлі өзгерістер жасалады.

ZHASALASH.KZ. "Тілдің соры болды ғой телеарналар" - Бүгінгідей алмағайып заманда қазақ сияқты саны аз, оның үстіне 300 жылдан астам Ресей империясының құрсауында болып тілі де, діні де адам нанғысыз күйге түскен ұлт ұрпағының санасын, ұлттық болмысын аман сақтап, алға жетелеудің ең қуатты қаруы – телевизия. Кез келген мемлекеттің телеарналары қай тілде көбірек сөйлесе, халқы да, негізінен, сол тілде сөйлеуге ойысқанын байқамай қалады. Қазіргі Қазақстан телеарналары орыс тілінің құрсауынан шықпағандықтан да, қазақ тілі өз елінде өгей күй кешіп отыр. 

INFORM.KZ. "«Мұнай соғысы»: Қазақстан қалай ұтылып отыр" - Қазіргі жаһандық дағдарыс үш есе құлдырап кеткен қара алтын құнынан басталды. 2015 жылы бір баррель мұнай бағасы ә дегенде 107 доллардан 57 долларға, кейін 27 долларға дейін түсті. Бұған бірнеше фактордың әсері бар: АҚШ-тағы тақтатас (сланец) мұнай мен газын өндірудің қарқыны, мұнай мәселесінде салмақты ойыншы саналатын Ираннан санкциялардың алынып тасталуы, тағысын тағы. Айналып келгенде мұнай өндіретін АҚШ, Канада, Иран, Ресей, ОПЕК сынды алпауыттар арасындағы арпалыстың салдары. Осының себебінен Қазақстан секілді экономикасы мұнайға тәуелді елдердің басым бөлігі зардап шегіп келеді.

365INFO.KZ. "Латын әліпбиі қазақты жаңғырта ма, әлде қаңғырта ма?" - «Латынша» жазу қазақ тілін құртпай ма, латын әліпбиінің басымдықтары қандай, кемшілігі бар ма?

"«Дайын болыңыздар». Девальвацияның ауылы алыс емес екен" - Девальвацияның төніп тұрғанын сарапшылар сөз қылуда. Ресми билік мұны растағысы жоқ. Бізге қарағанда Ресей билігі шыншыл.

ABAI.KZ. "Қантөгісті тойлау –  исі мұсылманға жат" - 941-1945 жылдары негізінен КСРО мен Германия арасында төрт жылға созылған қанды қырғынды Кремль басшылары, Ресей тарихшылары мен саясаткерлері «Ұлы Отан соғысы» деген атпен халықтың санасына сіңіріп, қалыптастырып жіберді. Алуан түрлі қулық-сұмдықпен, сайқал да жымысқылық әдіспен, қала берді зорлық-зомбылықпен санасына сіңірілген  соқыр сезімге, өтірік үгіт-насихатқа әбден берілген адамның санасын оның бәрінен тазарту өте қиын. Ол – сабындап  жуып тастай салатын тән кірі емес, ол – жанның  кірі, жанға да, қанға да әбден сіңіп қалған рухани кесел, сырқат.

"Ердоған билігі пост советтік елдердің билігіне ұқсап келеді" - Түркияда парламенттік билік жүйесінен президенттік басқару жүйесіне көшуге  байланысты бүкілхалықтық референдум өтіп жатыр. Түрік халқы конституцияға перзиденттің құзіретін күшейтетін өзгерістерді қолдап дауыс берсе,  Түркияның болашағы қандай болмақ?  2002 жылдан бері Түркияның премьер-министр ретінде басқарған Ердоған елдің ішкі сыртқы саясатында жеткен жеңістері мен жеңілістері  де баршылық. Түркия Республикасы Ердоған билік басына келгелі елеулі экономикалық жетістіктерге жетті. Өнеркәсіп, туризм, сауда саласында өсулер болды. Ірі жолдар, көпірлер салынып, ірі құрылыс нысандары бой көтерді. Экспорттан бюджетке түсетін табыс көлемі артқан. Халықтың әл- ауқаты жақсарды. Діни мектептен түлеп ұшқан Ердоған халыққа діни еркіндік берді. Бір сөзбен айтқанда осы оң өзгерістер Ердоғанның халық қолдауына ие болуына себеп болды.

TURKYSTAN.KZ. "Баукеспені балгерлер тоқтата алмас" - Ұрлық түбі – қорлық. Десек те, бүгінгі күні қылмыстың осы бір түріне тоқтау болмай тұр. Соңғы уақытта қоғамдық көліктердегі қалтаға түсетіндерден бастап пәтер тонайтын, тіпті, жат біреудің көлігін тізгіндеп кететін ұрылардың қылмыстық әрекеттері көбейіп кетті. Мұны еліміздің Бас прокуратурасы да жоққа шығармайды. Наурыз айының соңында арнайы кеңес отырысына қатысқан Бас прокурор Жақып Асанов ұрлықтың мемлекетке едәуір шығын келтіріп отырғанын ашық айтты.

AIKYN.KZ. "Ел Ердоғанның соңынан ерді" - Сонымен Түркияда  көптен  күткен референдум  болып  өтті. Конституцияға  өзгерістер енгізіліп,  президенттің өкілеттігі  кеңейетін  болды. Бір  сөзбен  айтқанда, Режеп  Тайып Ердоғанның  арманы орындалды  деуге  болады. Дауыс беруге  қатысқандардың 51,23 пайызы конституциялық өзгерістерді  қолдаған.  Дауыс  санау  бітісімен Ердоған  халықты  жеңісімен  құттықтады.

"Тетігін тап та, пайдалан" - Нұрсұлтан Назарбаев «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын қарпіне көшу мәселесіне ерекше тоқталды. Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Республика тұрғындарына арналған біртұтас әліпбидің жобасын жасауды ұсынды. Жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқа қандай болуы керек? Осыған дейін әзірленген 100-ден астам нұсқаның қайсысына тоқтаймыз? Бұл – дауға салмайтын мәселе.

17 сәуір 2017, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.