Атырау, 30 сәуір 13:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

"Азаматтықтан кімдерді айыруы мүмкін?", "Ресейдегі жарылыс Астананы әлекке салды", "Жерлестері Жалиловтың «тәрбиелі, ұяң бала» болғанын айтады", "Бүгінгі білім саласы", "Өлім картасы. Қазақстанның қай аймағында ана мен сәби өлімі көп"

2 490 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Жерлестері Жалиловтың «тәрбиелі, ұяң бала» болғанын айтады" - Ресей мен Қырғызстанның арнайы қызметі Петербург метросында болған жарылысты Қырғызстанның Ош облысының 22 жастағы тумасы Акбаржон Жалилов жасаған деп санайды. Жалилов туып-өскен махалла тұрғындары оны «кішіпейіл жігіт» деп атайды. Ол оқыған мектеп мұғалімдері де оны «сезімтал әрі жаны нәзік бала болатын» деп сипаттайды.

"«Солтүстікке көшетіндерге әуелі үй мен жұмыс орнын көрсетеді»" - Шымкентте солтүстік аймақтардағы бос жұмыс орындарын ұсынған еңбек жәрмеңкесі тағы өтті. Жұмыс пен баспана болмауы себепті Оңтүстік Қазақстан облысының кей тұрғындары солтүстік аймақтарға көшіп жатыр. Шенеуніктер қоныс аударғандар ішінде түрлі себеппен кері көшіп келгендер де бар екенін жасырмайды, бірақ олардың үлесі мардымсыз екенін айтады.

"Азаматтықтан кімдерді айыруы мүмкін?" - Қазақстан әділет министрлігі ел азаматтығынан айыру туралы заң қабылдауды ұсынды. Министрлік әзірлеген құжат жобасындағы 21 бапта елдің тұңғыш президентінің өміріне қастандық жасау, диверсия, геноцид, терроризм, террорлық топ құру және оны басқару, кепілге адам алу, мемлекетке опасыздық жасау және өзге де қылмыстар үшін азаматтықтан айыру шарасын қолдану көзделген. «Осы шақ» бағдарламасының [орысша] видеосюжеті.

ZHASALASH.KZ. "Бас прокурор түскі асқа шақырады немесе жақып Асановтың бастамалары неге аяқсыз қала береді?" - Сыр елінде шыр етіп дүниеге келіп, мектеп бітіріп, жоғары білімді Алматыда алып, шырайлы Шымкентте шып-шып терлеп қызмет еткен еліміздің бас прокуроры Жақып Асанов оңтүстікте көп мәселе шайдың үстінде шешілетінін жадына түйіп өссе керек. Шынында, үлкен лауазымды адамдармен дастархандас болу, бірге ас ішу жолыңды ашып, шаруаңды оңалтып жіберетіні бар. Бірақ басқа-басқа, бас прокурормен бірге ас ішу бақыты қарапайым қызметкерге бұйыруы мүмкін бе? 

"Ресейдегі жарылыс Астананы әлекке салды" - Әрине, Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы 14 адамның өмірін қиған террорлық жарылыс әлем жұртының үрейін туғызды. Ал «жарылысқа қазақстандық Максим Арышев деген студенттің қатысы болуы мүмкін» деген ақпарат Қазақстан жұртын тіптен шошытып жіберді. Әйтеуір, құдай сақтап, бұл ақпарат кейіннен жалған боп шығып, Максимнің жарылыс құрбаны болғаны анықталды.

"Бүгінгі білім саласы" - Еліміз тәуелсіздік алғалы бері ең көп реформа білім саласына жасалынды. Бірақ оң нәтиже берген жоқ. Неге? Себебі бұл реформаларға мұғалімдер қатыстырылмады. Олардың пікірін ешкім сұрамады да. Түрлі реформалардан әбден шаршаған білім саласында шешімін табуға тиісті өзекті мәселелер шаш етектен. Меніңше, елімізде білім саласының кері кетуінің ең негізгі себебі – біз тым «реформашылмыз».

365INFO.KZ. "Қазақстандағы өзге ұлттар неге «қазақ» болудан қашады?" - Бір ұлттың екінші бір ұлтты «жұтып» қоюы, яғни, өзіне сіңіріп, «бір ұлт, бір халық» атануы тарихта бар. Көрші қытайдың, өзбектің, орыстың арғы-бергі тарихына көз салсақ, бұл үш ұлттың өзге ұсақ халықтарды «жеп» қоятын «тәбеті» бар екенін байқауға болады.

ABAI.KZ. "Қандастарымыз «оралман» мәртебесін шетелде тұрып та ала алады" - Қазір қолданыстағы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі №477-IV Заңына сай, Еліміз шекара аумағынан тыс жерде жасап жатқан қандастарымыз (этникалық қазақтар) жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазба негізінде, мұндай жазба болмаған кезде өзінің ұлтын растайтын басқа да құжаттар негізінде ҚАЗАҚ екенін дәлелдесе, сол өздері тұрған мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінен «Оралман» мәртебесін (куәлігін) ала алады және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына ене алады. Тіпті Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініштері мен құжаттарын да тапсыра алады.

"Білісбеков: Қазақстандағы ең қауіпті ағым - салафилік ағым" - Бүгінгі Қазақстан үшін ең басты лаңкестік қауіп - дәстүрлі емес діни ағым саналатын сәләфилік ағымынан болып отыр. ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков осылай деді. Білісбеков мырзаның айтуынша, елімізде жаңа радикалды топтардың пайда болуына әм қалыптасуына дәл осы сәләфилік ағым себепкер болып отыр.

BAQ.KZ. "Сақтандыру жарнасын төлемегендерге қандай шара қолданылады?" - Биыл еліміздің денсаулық сақтау жүйесін елеулі өзгерістер күтіп тұр. Еуропада дамыған сақтандыру жүйесі Қазақстанда енгізіліп, азаматтарға жарна төлеу міндеттелмек. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жоспарлау және медициналық қызметтерді сатып алу жөніндегі басқарушы директоры Ерік Байжүнісов Baq.kz тілшісіне берген сұқбатында кімнің қанша жарна төлейтіні және төлемегендерге қандай шара қолданылатыны жайлы айтып берді.

EGEMEN.KZ"«Мен біреуге ұқсауға тырыспаймын»" - Кәсіпқой боксқа осыдан он жыл бұрын ауысқан Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) өзінің жекпе-жектерін Қазақстаннан бөлек Ресей, Өзбекстан, Тайланд, Швейцария, Ұлыбритания, Беларусь, Қытай, Австралия, Болгария, Монако сынды ұзын саны 11-ге жететін елде өткізіпті.

QAMSHY.KZ. "Өлім картасы. Қазақстанның қай аймағында ана мен сәби өлімі көп" - Қазақстанда сәби өлімі көбейіп келеді деп жазады «Қамшы» ақпараттық агенттігі caravan.kz-ке сілтеме жасап. Сәби өлімі жақында Алматы қаласында тіркелді. 2017 жылы 14-ші қаңтарда Анна есімді шарана 4 күнге де жетпей шетінеп кетті. Ал анасы босанған уақытта комаға түскен.


6 сәуір 2017, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.