Атырау, 30 сәуір 15:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

"Мұғалімдер ЭКСПО билетін «еріксіз алып жатқандарын» айтады", "Мамин бе, әлде Мырзахметов пе?", "Сіз кімсіз, Навальный мырза?", "Бұл азаматтардың абақтыда жатқаны - бүгінгі билікке сын!", "«Дағдарыстар циклінен» қалай шығамыз?"

2 448 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Ресей мен Беларусьта «саяси дағдарыс» басталды" - Наурыздың 26-сы, жексенбі күні Ресейдің 80 қаласында орталық телеарналар байқамай қалған (Қазақстан телеарналары да бұл шерулерге аса мән бермеді) наразылық, қарсылық шаралары өтті. Он мыңдаған адам қатысқан, билік рұқсат етпеген бұл митингілерде «Ол бізге Димон емес» деген ұран көтерілді.

"Мамин бе, әлде Мырзахметов пе?" - Әрине, премьер-министрдің орынбасары деген қызмет өте үлкен лауазым ғой. Облыс әкімдері қызмет ауыстырып, министр боп тағайындалып жатса, ел «бұдан гөрі облыс әкімі боп жүргені дұрыс па еді?..» деп министр қызметін менсінбей қалатыны бар. Ал алда-жалда премьер-министрдің орынбасары креслосына жайғасып жатса, жұрт ол әкімді «бәрекелді, қызметі өсіп кетті» деп мақтар еді. Бәлкім, енді бір аттаса үкімет басшысының өзі боп шыға келмесіне кім кепіл дейтін шығар...

AZATTYQ.ORG. "Мұғалімдер ЭКСПО билетін «еріксіз алып жатқандарын» айтады" - Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп мұғалімдері «басшылық биыл Астанада өтетін ЭКСПО көрмесі билеттерін мәжбүрлеп алғызды» дейді. Ал көрме ұйымдастырушыларының сөзінше, бұлай ету – заңсыз.

"Ресей СІМ-і «Қазақстанда айтуға болмайтын сөздерді» жариялады" - Ресей сыртқы істер министрлігінің «Консулдық ақпараттық порталы» шетелге шығатын ресейліктерге барған мемлекеттерінде «жағымсыз инциденттер тудырмау үшін» жүріс-тұрыс ережелерін жариялады. Мәселен бұл кеңестердің ішінде Қазақстанда «мәмбет», «мырық», «мырқымбай», «калбит» сөздерін айтуға болмайтыны ескертілген.

365INFO.KZ. "Сіз кімсіз, Навальный мырза?" -  Ресей қалаларында өтіп жатқан митингтерден бір үміт күтетіндер бар. Олар осы толқудың арқасында Путин тақтан кетіп, оның орнына демократиялық бағыт ұстанатын тұлға келе ме деп үміттенеді.

"«Соловьевке обал болды-ау». Тоңазытқыш теледидарды жеңіп кетіпті" - Ресейде халық көтерілді. 7-8 мың адам алаңға шығыпты. Путиннің оппоненті Навальный ұйымдастырған дейді бұл шараны. Дұрыс. Жоқ, жұрт Путиннің тақтан кетуін талап етпеген. Жемқорлықты жоюды сұрапты. Жемқор жүйені түзеуді талап еткен.  Анығы, Ресей бізден алыс кетпепті.

ABAI.KZ. "Путин қорғанысқа көшті" - Ресей  әскерін көбейтуді қолға алды.  Кеше Путин  арнайы  жарлыққа  қол  қойды.  Онда  2017 жылдың 1 шілдесінен  бастап Ресей  әскері  1 897 894 адамнан  1 903 051  адамға көбеймек.

"Медведев пен Навальный туралы..." - Әрине, қазіргі коррупционерлердің де көзі ашық, олар заман талаптарынан, соның ішінде мүлік пен ақшаны қалай тығып қою керек екенін хабардар, "ақырын жүріп, анық басқысы" келеді. Бәлкім, Навальныйдың фильмінде көрсетілген мүлік мен бизнеске Ресей премьерінің тікелей қатысы бар құжаттар табылмауы да мүмкін. Мәселен, оның бәрі басқа, отбасына жақын адамдардың атына жазылуы ықтимал.

QAMSHY.KZ. "Бұл азаматтардың абақтыда жатқаны - бүгінгі билікке сын!" - Конституцияға жасалған түзетулерді осы жолы билік халыққа «демократиялық реформалар» әкелетінімен насихаттады. Халықтық талдауға бір ай ғана уақыт берген өзгертілген Конституцияға түзетулер енгізу туралы заң жобасы парламентке 3 наурызда ұсынылған. Ал парламент наурыздың 6-сында бір сағатқа жетпейтін уақытта конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы заңды қабылдап, оны президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қоюына жіберсе, Назарбаев 10 наурызда Атазаңдағы өзгерістерге қол қойды.

"Елге көшіп келе жатып бар ақшасынан айырылған ананың көмекке мұқтаж мүшкіл халі" - Кейіннен Шығыс Қазақстан облысында елге көшіп келіп, жолда ақшасынан айырылған қандастарымыздың үстінен сот басталған. Ақшасынан айырылған анаға тіпті «Ақша контробандасымен» айналысты деп айып тағылып жатыр екен. Осы істің мән-жайы турасында заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желіде жұрттан көмек көрсетуін сұрады.

DALANEWS.KZ. "«Дағдарыстар циклінен» қалай шығамыз?" - «Экономикалық дағдарыс» тіркесі бүгіндері қолданылу жиілігі тым жоғары сөздер қатарында тұр. Оны әрқайсымыз күнделікті өмірімізде сезінуден тыс, президенттен тартып барлық деңгейдегі шенеуніктер қауымы да мойындап жүр.

QAZAQUNI.KZ. "Айтыскер ақын: Жүрсін Ерманның ойы ақшаға ауып, айтысқа сатқындық жасады" - Айтыскер ақын, «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекованың есімі елге белгілі. Айтыс сахнасынан өзі көрінбегелі біраз уақыт өтсе де, әлі де айтыс өнерінің «отымен кіріп, күлімен шығып» жүр.



30 наурыз 2017, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.