ZHASALASH.KZ. "Иесіз мүлік, сұраусыз қаржы" - Жыл сайын көктемнің алғашқы күндері Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Ақтөбеге келіп, хром саудасын түгендеп кетеді. Жиырма үш жылдан бері хром достығы байланыстырған «Қазхром ТҰК» АҚ президенті Владимир Вольдемаровичпен оңаша кездесіп, облыс әкімиятымен меморандум жасасқанын ұзынқұлақтан естігені болмаса, былайғы жұрт Машкевичтің Ақтөбеге келген кеткенін біле қоймайды.
"Өзбекбасшы келе жатыр" - Өзбекстанның жаңа басшысы Шавкат Мирзияев президент ретінде екінші сапарын Қазақстанға жасамақ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі әзірге жариялай қоймаған бұл іссапар, болжам бойынша, Ұлыстың ұлы күні қарсаңына жоспарланған. Наурыздың басында Түрікменстанға табан тіреген Шавкат Мирзияев Қазақстанмен қандай қарым-қатынас орнатпақ? Орталық Азиядағы тұрақтылыққа Өзбекстанның ықпалы қаншалықты болмақ? Осы сұрақтарды Өзбекстанда кезінде лауазымды қызметтер атқарған, саяси-экономикалық сарапшы Сейіт Иматовқа қойып, аз-кем әңгімеге тартқан едік.
AZATTYQ.ORG. "Ресей биыл Eurovision байқауына қатыса ма?" - Ресейде биыл Eurovision байқауына бойкот жариялауға шақырғандар көбейді. Кремльшіл депутаттар байқау өтетін ел – Украинаны «ресейліктерге қарсы» деп айыптаса, танымал поп әнші былтырғы байқауда украиналық әншінің жеңісін «әділетсіз және саясиланған» деп мәлімдеді.
"«Жарықсыз, газсыз, сусыз, қорлық көріп отырмыз»" - Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Жаңаталап елді мекені тұрғындары электр қуаты қымбат болуына, жиі өшіп қалатынына және қалада отырып ауызсу мен газға жарымағандарына наразы. Әкімдік тек Жаңаталап емес, жалғас жатқан елді мекендердің де жайы осы екенін айтады.
365INFO.KZ. "«Димаш тойға шықпайды». Қанат Айтбаев ұлы мен Қытайдағы байқау туралы шындықты айтты" - «Димаштың тойдан алатын гонорары 15 мың долларға өсіпті», «Қытайдағы байқауға сол жақтағы қандастар ат салысыпты», «Димаш қатты ауырып қалыпты» деген секілді түрлі алып-қашпа әңгіме бар. Міне, осының барлығының анық-қанығы белгілі болды.
ABAI.KZ. "Кремль тағы да қоқан-лоққы жасады" - Таяуда ЕАЭО өкілдері Бішкекте бас қосты. Алайда біз Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан және Армения бестігінің бірлігі біртіндеп сетіней бастағанын осыған дейін де жазған едік. Бұл жолы жиылысқа Ресей делегациясын РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев бастап келіпті. Петербордағы бас қосуда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ЕАЭО-дағы теңсіздік туралы ашық айтқан болатын. Армения одаққа тек ортақ әскер үшін кіргенін айтқан соң, Белоруссия басшысы Александр Лукашенко ойындағысын ашып айтып салған-ды. Одақтың ойраны шығар күн алыс еместігін ескерткен ол бес жылға толар-толмас уақыт ішінде Ресейге 15 миллиард доллар беріп қойғанын айтып күйінді. Сөйтті де, "орыспен одақты үзем" деді.
"Әкенің байлығы балаға дәулет бола ма?" - Қазақта «әкенің дәулеті - балаға дәулет болмайды» деген сөз бар. Расында осы сөз қаншалықты жөн сөз?! Осы мәтінді барынша ашып көрсек. Біздің пайымдауымыз бойынша осы нақыл сөздің өзін бірнеше қырынан түсініп көрсек болады. Біріншіде, тәрбие мәселесі жатыр, екіншіден ұрпақтар сабақтастына қатысты қыры да бар. Үшіншіден, әкенің құты өзімен кетеді деген тікелей түсіну де бар. Осылардың ішінде көбіне үшінші түсіну түріне қатысты бір жақты басымдық беріп жіберген сияқтымыз. Егер әкенің өз құты өзімен кетеді деп қысқа қайырып пайымдасақ ол да қате сияқты. Себебі, қазақта жеті атасынан әрі асып келе жатқан дәулетті әулеттер болды. Енді оларға барлығына да ерекше қасиет қонды деуге тағы келмес. Бұл жердегі кілтипан - әке мен баланың арасындағы ұрпақтар сабақтастығы мен тәрбие мәселесінде жасырынып жатқан бір қыры сияқты көрінеді.
TENGRINEWS.KZ. "Жаманқұлов өзіне тағылған айыптармен келіспеді" - Медеу аудандық №2 сотында "Феникс" фильміне бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр.
TURKYSTAN.KZ. "Тасқын судан төнген қауіп" - Көктем келіп, күннің жылынуын, табиғаттың жаңаруын қыстан қажыған жамағат асыға күтеді. Алайда жылғалардан су ақса, қай өзен тасиды екен деп берекесі қашатын жұртты осы күні қуаныштан гөрі үрей билейтін болды. Қар жылдағыдан қалың түскендіктен, биылғы көктем елді біраз әбігерге салатын сияқты. Мамандардың айтуынша, республиканың алты облысын су басу қаупі бар. Осыған орай 918 елді мекен, 1,5 мың шақырымнан астам авто және теміржол тәуекел аймағына енгізілген. Демек, төтеншеліктердің босаңсуға қақы жоқ. Төтенше жағдайдың алдын алуға келгенде осалдық танытып, жыл сайын мыңдаған адамның өмірін қатерге тігетін ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті биылғы көктемді тасқынсыз өткізе ала ма?
QAMSHY.KZ. "Қазақ тарихына қарсы болған университеттер" - Қазақ тарихына қарсы болған университеттердің Білім және Ғылым министрлігіне жазған хаттарының фотокөшірмелері әлеуметтік желіде жарияланды. Төмендегі фотолардан ұлттың тарихына қарсы Ректорларды және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушілерінің аты жөнін көре аласыздар. Ұжым басқарып отырған жəне оқу орданың ғалым тарихшылары бола тұра тарихқа қиянат жасаған университеттер бір уақытта хат жазған.
В Атырау +4