Атырау, 5 желтоқсан 10:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Жақып Асанов: Азаптау бар. Бірақ оны дәлелдей алмаймыз", "«Шетелдіктер көлік сатып алу үшін реформа жасап жатыр ма?»", "Байқаңыз, телефоныңыз тыңдалады", "«Нomo sovetikus» деген кім? Танымал журналист Путиннің құпия жоспарын әшкере етті"

2 676 рет қаралды

ZHASALASH.KZ. "Президентке нобель сыйлығы неге бұйырмайды?" - Қазақстан президенті Н.Назарбаев тағы да Нобель сыйлығына ұсынылды. Бұл жолы антиядролық қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіковпен бірге. Швейцариядағы Базель бейбітшілік кеңсесінің ғылыми-зерттеу орталығының директоры Алин Варе ядролық қаруды жоюдағы қызметтері үшін Н.Назарбаев пен К.Күйіковті Нобель сыйлығына ұсынғаны хабарланды. Алин Варенің түсіндіруінше, Қазақстан президенті әлемді ядролық қарусыздандыру, оның ішінде Семей ядролық полигонын жабу жолында маңызды бастамалар көтерген. Ал Кәріпбек Күйіков өзі жетекшілік ететін «Атом» жобасы арқылы ядролық қарудың табиғат пен адамға апаттығын баяндап, ядролық қарусыздану идеясын баршаға ұсынып келеді.

"«Шетелдіктер көлік сатып алу үшін реформа жасап жатыр ма?»" - Конституцияны өзгерту мен толықтыру жобасын «халық талқыласын» деген бір ай аяқталады. Ресми билік «реформаға қоғам қызығушылығы жоғары болғанын», президенттің өкілеттілігін бөлу, парламенттің рөлін арттыру, үкімет пен жергілікті биліктің жауапкершілігін күшейту, сот жүйесін жетілдіру, сондай-ақ, меншік құқығын айқындау мәселелері бойынша жұмыс тобына үш мыңдай өтініш келіп түскенін хабарлады. Президенттің ресми сайты www.akorda.kz реформаға «қызығушылық жоғары болған» жалпыхалықтық талқылау мерзімінің аяқталғанын хабарлардан бір-екі күн бұрын мәжілістегі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев «бұл талқылаудың науқанға айналып кетпеуін» айтып қалды. 

"Жақып Асанов: Азаптау бар. Бірақ оны дәлелдей алмаймыз" - «БТА банктен» Мұхтар Әблязов ұрлаған ақшаның бір бөлігін «Трибуна. Саяси қалам» газеті арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған» деген күдікпен ұсталып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынған белгілі журналист Жанболат Мамайдың тергеу изоляторында «соққы жеп, моральдық қысым» көргені туралы ақпарат шыққан ақпанның 23-і күні Астанада «Түрме реформасы: азаптаусыз қоғам» атты жиын өтті. Бас прокурор Жақып Асановтың өзі төрағалық жасаған, Конституциялық кеңес төрағасы И.Рогов, Қауіпсіздік кеңестің хатшысы В.Жұмақанов, Әділет министрі М.Бекетаев, парламент депутаттары мен үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысқан бұл жиында өзіне тағылған айыпты терістеп, «тапсырысты саяси іс» деп санайтын Жанболат Мамайдың қысым көрген жағдайы айтылған жоқ. Бірақ бас прокурор Жақып Асанов пен оның бірінші орынбасары Иоган Меркель түрме мен тергеу орындарындағы азаптау деректерін жарыса баяндады. Мәселен, И.Меркельдің айтуынша, азаптау ісінің 90 пайызы қылмыстық істі тергеу кезінде болады. Қалған 10 пайызы түрме басшылығының қалауы мен тәртібіне көнбегендерді жазалаудан шығады.

AZATTYQ.ORG. "Байқаңыз, телефоныңыз тыңдалады" - Ресейлік телеарналар оппозицияны қаралайтын телесюжеттерді көрсеткенде адамдардың телефон әңгімелерінің жазбасын, интернеттегі жеке хаттарын жарыққа шығарады. Қанша ресейлік азамат тыңдалып жатыр?

"«Көлік құрау» дауынан реніш шығуы мүмкін бе?" - Қазақстан автобизнес қауымдастығы Еуразия экономика одағына мүше елдердің моторлы транпорт құралдарын құрастыру құқықтары тең емес деп мәлімдеген депутаттық сауалды теріске шығарады. Сауал авторы «дискриминациялық нормалар бар, олар саланың дамуын тежейді» дейді.

ҚАЗТАГ. "Рақым Ошақбаев: Бюджет бизнесті субсидиялауы немесе несиелендіруі тиісті емес" - Мемлекеттің бизнес-жобаларды қаржыландыруы тиімсіз және жымқырулармен ұштасып, жеке кәсіпкерлік алаңын тарылтады, деп мәлім етті «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының жетекшісі Рақым Ошақбаев. Ол елдегі көптеген проблемаларды, оның ішінде жұмыссыздықты тек жеке бизнес қана шеше алатынына сенімді. Бірақ экономист қазір бизнес өте ауыр халді бастан кешіп отырғанына сенімді және экономикадағы мемлекеттің рөлі қандай болуы керектігімен ой бөліседі.

365INFO.KZ. "«Нomo sovetikus» деген кім? Танымал журналист Путиннің құпия жоспарын әшкере етті" - Белгілі журналист Сергей Дуванов қазіргі Ресей идеологиясы ненің жалғасы екенін, оның ақыры неге алып келерін айтып беріпті. Дуванов бұл туралы өзінің әлеуметтік парақшасында жазыпты. Қаз-қалпында ұсынып отырмыз.

"«Ухх, түсім екен ғой!». Биліктің неден қорқатынын естісеңіз, күлесіз" - Мемлекеттің тілдің тағдырына алаңдаған қаншама мақала жазылды осы күнге дейін. Айтудайын айтылды осы мәселе. Бірақ, не өзгерді?

ABAI.KZ. "Путин Назарбаевқа не үшін алғыс айтты?" - Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путин Алматыда кездесті. Әуелде бұл кездесуге БАҚ өкілдері қатысуы керек-тін. Бірақ, кездесу «жабық есік» жағдайында өтті.

"Орыс тілі бізде орыс диаспорасының емес, биліктің тілі" - Рас, орыс тілі бізде орыс диаспорасының ғана емес, биліктің тілі. Билік болғанда алдымен «үлкен отбасының» тілі. Осыны билік пен «үлкен отбасының» мойындайтын уақыты жетті. Бірақ, билік әрнені сылтау етіп орыс тілінің қажеттілігін айтудан танар емес. Ілгеріде, тоқсаныншы жылдары Президенттің өзі бастап: «Үй өзімдікі демегін, үй сыртында кісі бар», «Жасы ұлғайған адамдарға тілді қыстап үйретудің қажеті жоқ», «Орыс тілі көп ұлтты Қазақстанда ұлтаралық тіл қызметін атқарады», т.б. дегенді үнемі ескертіп отыратын. Билік әлі де сол сөзін қайталаудан жалықпай келеді. Алайда бұның бәрі осы күні ескірген аргумент. Өйткені «үй сыртында кісі бар» екен деп жылдар бойы үндемей отыра беру, сыпайылап айтсақ – ұят. Бұл үнсіздік көршінің қас-қабағын баққан үнсіздіктен гөрі қорқақтықты, қосүрей болып сорлаған сорбақтықты білдіреді.


28 ақпан 2017, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.