Атырау, 30 сәуір 23:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

"Сенаттың атын "қариялар кеңесі" деп өзгерту керек", "«Түк пайдасы жоқ!». Досым Сәтбаев Үкімет шешіміне қарсы шықты", "Заңгерлер конституция реформасы туралы дауласты", "Экс-президент ендi жер дауымен сотталып жатыр"

1 997 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Жастарымыздың көбі Қазақстандағы оқиғалардан хабарсыз»" - Ослода тұратын этникалық қазақ сол елдегі қандастарының тұрмысы жайлы, жастарының ғылым-білімге құмарлығы туралы айтты.

"Заңгерлер конституция реформасы туралы дауласты" - Ақпанның 18-і күні Алматыда Қазақстан конституциясына енгізу жоспарланған түзетулерді талқылаған сарапшылар тобының отырысы өтті. Адвокаттар мен құқық қорғаушыларға өз пікірін «бүкілхалықтық талқылау» аяқталуға бір аптадан сәл көп уақыт қалғанда айтуды ұсынған.

""Трампқа жеткен" Украина жөніндегі бейбіт жоспар" - Украина радасының депутаты ұсынған Украина мен Ресейді бітістіру жөніндегі бейбіт жоспар АҚШ президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісіне жеткен.

ZHASALASH.KZ. "Қаралы ақпан: бейбiт күнде 7 сарбаз қар астында қалды" - Он жетiншi ақпан. Кезектi қаралы, азалы күн. Бейбiт күнде жетi сабраз қар астында қалды. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Алатау ауылынан 35-40 шақырым жердегi Көксай шатқалына әскери жаттығуға шыққан сарбаздар қайта оралмасын бiлдi ме? Тiлеужан Қуатжанұлы (1993 жылы туған), Мұхит Балмағанбетұлы (1991 жылғы), Мақсат Құрманғазыұлы (1995 жылғы), Әуесбай Ерiсбаев (1992 жылғы), Әмiр Аралбаев (1988 жылғы), Әлiшер Мошабаев (1991 жылғы), Мақсат Қыдырбаевтардың (1991 жылғы) талқаны неге осылай таусылуы тиiс едi? Олардың әке-шешесi, ағайын-бауыры, жора-жолдасы, аяулы жары, сүйем деген сезiмiн жеткiзiп үлгермеген ғашығы, былдырлаған тiлi шығып, тәй-тәй басып көрмеген ботақан балалары өмiр бойы неге қайғы жұтуы тиiс едi!?

"Экс-президент ендi жер дауымен сотталып жатыр" - Бiшкектегi Октябрьский аудандық сотында Қырғызстанның бұрынғы президентi Құрманбек Бакиев пен оның бауыры әрi мемлекеттiк күзет қызметiнiң бұрынғы басшысы Жаныш Бакиев, экс-премьер-министр Игорь Чудинов, экс-вице-премьер Ескендiр Айдаралиев, бұрынғы ауыл шаруашылығы министрi Арыстанбек Ноғаев, экс-депутат Қарғанбек Самақов пен оның ұлы Қуанышбек және де басқа айыпталушыларға қатысты сот iсi соңына жетiп қалды. Жергiлiктi баспасөздiң жазуынша, ақпанның 17-ci күнгi сот отырысында айыпталушылардың адвокаты “қорғауындағы адамдарды танымайтынын, оларды көзбе-көз көрмегенiн” мәлiмдеген.

365INFO.KZ.Түк пайдасы жоқ!». Досым Сәтбаев Үкімет шешіміне қарсы шықты" - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жанынан құрылған қоғамдық кеңес осы қордың 50 млрд теңгесін теміржол саласын субсидиялауға жұмсауға наразы.

"Оқушыға дейін сектант. Сағадиев қоғамға «жарамсыз» буын тәрбиелеп жатқанын біле ме?" - Қазақстанда бесіктен белі шықпаған баланың миына дейін жаттың идологиясымен бүлініп жатыр. Кеше ғана Оңтүстік Қазақстанда әлеуметтік желі арқылы қарулы жиһадты насихаттаған 16 жастағы жасөпірімге 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

ABAI.KZ. "Сенаттың атын "қариялар кеңесі" деп өзгерту керек" - Елдегі болуы ықтимал саяси реформаларға қатысты қоғамдық талқылауға Парламенттің «Ақжол» партиясы ұсыныс жасады. Ұсыныс болғанда да – Мәжіліс пен Сенатты біріктіру керек деді. Біз унитарлы мемлекетпіз. Сондықтан Азат Перуашев мырзаның ұсынысы дұрыс деп түйдік.

""Әуезовке қарсы шыққаным үшін мектептен қуылдым"" - Тұрсын Жұртбаймен елорданың сол жағалауындағы Сығанақ көшесімен жүріп келеміз. Қаланың іші болғанмен де, «ақшұнақ» соғып тұр. Кенет, жазушы кілт тоқтап, шудасы желпілдеген, жайпап кетердей аунап келе жатқан ұйтқыма боранның аппақ шаңытын құшты. Әзірге, тақырып – көксоқта боран.

QAMSHY.KZ. "Мырзан Кенжебай: наурыз жетім қыздың тойы емес!" - Сонау 1991 жылы Кеңес Одағының шаңырағы ортасына түсіп күйреген күні ертеңіне Өзбекстан президенті мәлімдеме жасады. Сонда ол жақында шекара жабылады, ендігәрі Өзбекстанда өзбек халқын, өзбек елін құрметтеп, оның тілін, салт-дәстүрін сыйлайтын өсіп-өркендеуіне адал қызмет еткісі келетін азаматтар қалсын, ал өйткісі келмегендер дереу өз елдеріне көшсін деп ресми түрде мәлімдеді. Көп ұзамай Өзбекстан Наурыз мейрамын ұлттық Жаңа жыл мейрамымыз деп жариялады. Ал Ресейден азаттық алғанына 25 жылдан асып кеткен Қазақстанда Наурыз мейрамын христиандардың Жаңа Жыл мейрамымен салыстыру да ұят. Иә, сол 1991 жылы Өзбекстан сөйтіп жатқанда Қазақстан басшылары біз Одақ құрамынан кетпейміз, Ресеймен мәңгілік бірге боламыз, ойбай орыстар көшіп кетуде, кетпесін, орыстар болмаса қазақта жұмыс істейтін маман жоқ, құримыз деп еңірегенде етегі толды.

DALANEWS.KZ. "Әлемдегі ең бай адам – Владимир Путин" - Шетелдік БАҚ Ресей президенті Владимир Путиннің 199 млрд доллары, 58 ұшағы мен тікұшағы барын жарыса жазуда.

"Сыр бойындағы “беспредел”" - Қазақта «көресіні көрмей көрге кірмейсің» деп ауырлау айтылған сөз болушы еді. Тегінде осы рас сөз екен. Жақында осыған тағы бір мәрте көзім жетті.

AIKYN.KZ. "Досай Кенжетай: біз Исламның ақылдың кені, адамдықтың жолы екенін айта беруге тиіспіз" - «Мұсылман баласы нені білуі керек? Қандай таным қалыптасуы қажет? Бала бойында діни сауаттың өлшемдері қандай?» деген сауалдың жауабын білу үшін біз  арнайы маманмен әңгімелескен едік.

TENGRINEWS.KZ. "Мен туыстарымның бәрін өзіммен АҚШ-қа алып кетемін - Данияр Елеусінов" - Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өз сұхбатында кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіне дайындығы өтетін АҚШ-тағы жаттығу жиындарының мән-жайын айтып берді.

21 ақпан 2017, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.