AZATTYQ.ORG. "Ақыл-есі кем науқастарға «стерилизация» жасау ұсынысы" - Оралдағы „Ана үйі“ қорының үйлестірушісі «ақыл-есі кем жандарды стерилизациялауды» заңдастыру мәселесін қарауды ұсынған. Іле-шала ұсыныс авторын жұмыстан шығарып жіберген, бірақ сарапшы Қазақстан қоғамында ақыл-есі кем науқастарға дұрыс көзқарас қалыптаспағанын айтады.
"Ресей мен Беларусьтің егесі" - Ресей мен Беларусь бірін-бірі түсінбей отыр. Беларусь президенті Ресей сататын газ бен мұнай бағасына наразы. Ал Кремль Беларусь арқылы Ресейге Еуропаның санкцияға ұшыраған тауары келіп жатыр дейді.
ZHASALASH.KZ. "Гүлжан Ерғалиева: «үштаған» өзектiлiгiн жойған жоқ" - “Үштаған немесе Қазақстанда әдiл сайлау неге арман?” деген мақаласын Алтынбектiң қалай жазғаны менiң есiмде. Бiздiң жұмыс орындарымыз ол кезде бiр ғимаратта болғандықтан, жиi кездесiп, пiкiрлесетiнбiз. Осы мақалада айтылған кейбiр ойларын Алтынбек сол кездерi айтып жүрдi. “Үштағанға” көз жүгiрте отырып мен қазiр соңғы 11 жыл көлемiнде бiздiң елiмiзде болып жатқан түрлi жағдайлар мен аса күрделi саяси ахуалды Алтынбектiң сол кездiң өзiнде-ақ терең болжай алғанын түсiнемiн.
"Министр болған Түймебаев бiлiм саласын былықтан тазарта ала ма?" - Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының судьясы Ермахан Шаланов пара алу үстiнде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi қызметкерлерiнiң құрығына түстi. Аталған құзырлы орган судьяны ұстау операциясын Жоғарғы Соттың iшкi қауiпсiздiк және соттағы жемқорлықты ескерту бөлiмiмен бiрге жүргiздi деген бейресми ақпарат бар. Қазiр судьяға қатысты тергеу амалдары қолға алынған. Судьялық этикеттi бұзғаны үшiн оның өкiлеттiгi Жоғарғы сот шешiмiмен тоқтатылды. Жуырда облыстық соттың төрағасы Нұрсерiк Шәрiпов өңiрлiк коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте өзiнiң әрiптесi Е.Шалановқа қатысты бiраз мәлiметтердi жария еттi.
365INFO.KZ. "Билік неге журналистермен санаспай жүр?" - Астанада «Қазақтілді кәсіби журналистер» қоғамдық бірлестігі құрылып, алғашқы отырысы өтті.
"«Үш әріп пен полицияның былығын білем!». Отставкадағы полковник Бас прокуратураға дат жолдады" - Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігінің Ақтөбедегі құрылымдарында сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау бұрқ етті.
ABAI.KZ. "Жармахан әлі "тірі" екен..." - Кеше Қазақстанның саяси құрылымындағы «оппозициялық партия» деген дардай атты асынып жүрген ЖСДП-ның сьезі өтті. Жалпыұлттық социал демократиялық партияның бұл жолғы сьезінде нендей өзгерістер болды? Әуелі соған тоқталайық.
"Сапарбаев тап-таза адам болса, халықпен кездессін!" - Бүгін «Ұла Дала қырандары» қоғамдық қозғалысының мүшесі Айдын Егеубаевқа сотқа шақыру қағазы келіпті. Бұл туралы Айдын Қалдыбайұлы өзінің «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды.
TURKYSTAN.KZ. "Сәуле Жанпейісова: Ұлттық өнерді менсінбейтіндерге мін арта аламын" - Ол – төл өнерге адалдығын сақтаған санаулылардың бірі. Ұлағатты ұстаздың аманатына қиянат жасамауды, саңлақтардың сара жолын жалғауды шәкірттік парызым деп біледі. Сананы тұрмыс билеген қиын-қыстау күндер де оны ұлттық ұстанымнан айныта алған жоқ. Сондықтан дәстүрлі әннің бүгінгі тынысы туралы сөз қозғалса, оның есімі бірінші аталуы заңдылық. Қазақтың төл өнерін насихаттап жүрген күміс көмей әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Сәуле Жанпейісованың әнін тыңдағанда қалай рақаттансаң, әсерлі әңгімесіне құлақ түргенде де бір жасап қаласың. Өткен аптада «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен Батыс Қазақстан өңірінің дәстүрлі музыка кешінен кейін әншімен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Сол сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
QAMSHY.KZ. "«Ана тілімді аяқ асты етіп, мемлекеттік тілді қорлады»" - Редакциямызға Тоқай Бірлік есімді азамат хабарласты. Ол 2014 жылы Алматы қаласында үй сатып алған. Екі жыл өткеннен кейін Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының иелігіндегі кәріз құбыр желісінде ҚР заңына қарама-қайшылықты тапқанын айтып, бірнеше мәрте жөндеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде кәріз жүйесінің жаман иісі шығып, балалары ауырып қалған. Сондықтан Тоқай Бірлік жөндеу жұмыстарын тоқтатуды талап етіп отыр.
EGEMEN.KZ. "Ерте жүктілік етек алып тұр" - Соңғы жылдары кәмелетке толмай жатып ана атанушылар қатарының артуы «қызға қырық үйден тыйым» сынды көзқарастың бұл мәселеде аздық ететінін аңғартып отыр. Бұл – қызы бар үйдің ғана емес, бүгінде бүкіл қоғам үшін өзекті мәселе. Нәрестелерін қоқыс жәшігіне, не көп қабатты үйлердің кіреберісіне тастап кеткендер туралы хабарлардың жиілеуі де жас ұрпақ пен аға буынның арасындағы бауырмалдылыққа, мейірімге негізделген қатынастың салқындап бара жатқанын білдіреді. Ерте жүктіліктің етек алуына кімді кінәлаймыз? Көше кезген қызды ма, ұл-қызымен дос-құрбысындай сырласуға сағат бөлмейтін ата-ананы ма, әлде ортаны ма?! Бәлкім, дана Абай айтқандай, «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі «виноват» болар? Иә, «адам баласын заман өсіреді», әйтпесе кешегінің Баяны мен «жыры» таусылмаған бүгінгі Баянды салыстыруға болмас…
"Мал қазақты асырай ма?" - Мал шаруашылығының ел экономикасындағы маңыздылығы туралы Әлихан Бөкейханұлы сонау 1915 жылы нақты деректермен дәлелдеп айтыпты. Алаш қайраткері қазақтың кең даласы малды асырайды, мал қазақты асырайды, әлемдік нарықта мал өнімдеріне еш уақытта сұраныс толастамайтынын сол кездің өзінде болжап, байтақ жерде шалқып жатып мал басын қосып еңбек ете алмай отырсыңдар деп қандастарымызға қынжылыс білдірген екен.
QAZAQUNI.KZ. "«Ақ жол» – 26-шы баптың жерге қатысы жоқ екендігі ата заңда жазылуы тиіс" - «Ақ жол» партиясы конституциялық реформаға байланысты өз ұсыныстарын Президент Әкімшілігі жанындағы комиссияға жолдады.