AZATTYQ.ORG. "Мамайды қамау ненің белгісі?" - «Саяси қалам. Трибуна» газеті бас редакторы міндетін атқарушы, журналист Жанболат Мамай абақтыға қамалды. AzattyqLIVE тақырыпты «Жас Алаш» газеті бас редакторы Рысбек Сәрсенбаймен талқылады.
"Ресей енді ауған мәселесіне қызыға бастады" - Мәскеуде алдағы аптада Ауғанстанда тыныштық орнату мәселесін талқылаған алтыжақты кездесу өтпекші. Бұл былтыр осы мәселені Ауғанстан өкілінсіз қарастырған үшжақты кездесудің жалғасы болмақ. Бұл жолғы мәмілеге Ауғанстан да қатысады.
"Ресейдегі қырғыз мигранттарын өз отандастары тонайды" - Мәскеуде мигранттардың пәтерлерін тонау қалыпты құбылысқа айналды. Өз отандастарының заттарын, ақшасы мен киім-кешегін ұрлаған адамдардың фотосуреттері әлеуметтік желілерде көп. Жапа шеккендер құжаттарын тексеріп қалады деп қорқып жергілікті полицияға жүгінуден тартынады.
ZHASALASH.KZ. "Алтынбек Сәрсенбайұлы: БИЛIКТЕГIЛЕР ӘЛI-АҚ БIР-БIРIМЕН ҚЫРЫҚПЫШАҚ БОЛАДЫ" - 2005 жылдың қаңтарында АЛЫНҒАН СҰХБАТ.
SERKE.ORG. "Үлкен террорға «бата берген» партиялық форум" - «37» деген қанды цифрды совет заманында жұрт үреймен, оңашада ғана сыбырласып атасатын. Бұл жыл халқымыздың санасына тарихтың ең қасіретті беттерінің бірі ретінде шегеленіп жазылып қойылған еді. Бұл жылы мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерілген жаппай террор өзінің шырқау шыңына шыққан-ды. Ал мемлекеттік саясатты ел билеуші партияның көсемдері белгілеген болатын. Солардың жетекшілігімен және шебер ұйымдастыруымен өткен Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы Орталық Комитетінің 1937 жылғы ақпан-наурыз Пленумы кеңестік қоғамды «бөтен пиғылдылардан» кең ауқымда тазарту жұмысын – халықтың басына қара бұлт үйірген науқанды бастауға «батасын» берді.
365INFO.KZ. "Адам түсініп болмайды. Теңге нығайса да, азық-түлік пен бензин қымбаттауда" - Нығайған теңге мен асқынып бара жатқан инфляция. Яғни, құнсыздану арасындағы қайшылық бірден көзге ұрады. Дегенмен, ұзақ мерзімді болжамда валютаның инфляцияға төтеп бере алмайтыны анық.
"«Сағынтаев, мынау сұмдық қой!». Ұлт жанашырының жанайқайын Үкіметбасы естір ме екен?" - Мемлекеттік тілдің құқығын қорғауда принципті түрде өз дегенінде тұратын бір адам болса ол – Руза Бейсенбайтегі. Кереку тұрғыны. Бірақ, күллі Қазақстан таниды оны. Керекудегі тіл білмейтін, тілді білгісі келмейтін талай мәңгүртпен алысып жүрген Рузаның қадірін анығында, әлі түсінбей жүрміз. Әрбір қазақ өзі тілі үшін дәл осы кісі сияқты күрессе, талайдың бетпердесі ашылар еді. Жоқ, рас.
ABAI.KZ. "26 бап. Ресми жауапта не айтылды?" - Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы №140 Өкімімен мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді бөлу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Жұмыс тобы құрылды. Аталған топ мемлекеттік органдар, депутаттық корпус, сот жүйесі, Қазақстан заңгерлер одағының өкілдері мен белгілі құқықтанушы-ғалымдардан тұрады (бұдан әрі – Жұмыс тобы).
"Ментальді арифметика деген - цирк" - Дүниеде пайдасыз нәрсе көп қой. Мысалы темекі. Ол пайдалы ма? Жоқ, бірақ бәрі тартады. Ментальді арифметика пайдалы ма? Жоқ. Ол да темекі сияқты керек емес өнердің біреуі.
TENGRINEWS.KZ. "Димаш Құдайберген I Am a Singer жобасына қалай келді?" - Бүгінде қазақ елі талантты ұлдары Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы танымал телешоуда өнер көрсетіп, аспан асты елі тыңдармандарын тәнті етіп жатыр. Бұл қуаныш тек Димаштың ғана емес, дүйім қазақтың қуанышы, абыройы, жеңісі. Ал бұл жеңістің ар жағында қаншама еңбек, қажыр-қайрат жатыр. Осы жобаға өтініш беріп, Димаштың жұлдызды сәтіне жол ашқан Ертай Нүсіпжановпен сұхбатымызды ұсынамыз.
EGEMEN.KZ. "Баллистикалық зымыран қандай қару?" - Солтүстік Корея 12 ақпан күні Жапон теңізіне орта қашықтықтағы баллистикалық ракета ұшырды. Бүгін зымыран сәтті сыналды деп ресми жариялады. Сынақ әлемдік қауымдастық тарапынан айыпталды. Дональд Трамп АҚШ-тың жүз пайыз Жапония жағында екенін мәлімдеді. Оңтүстік Корея жауап ретінде өз баллистикалық зымыранын ұшырмақ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Пхеньянның әрекетін «аса жауапсыз» деп бағалады.