Атырау, 19 желтоқсан 20:21
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"«Әркiмнiң» екiншi аты – ӘЗIРЕЙIЛ", "Шымкенттегі «салафиттермен жұмыстың» ерекшеліктері", "«Біздің депутаттар әлі төбелесетін болады» — Әзімбай Ғали", "Жер туралы заң жобасында «шетелдіктер» де бар"

2 275 просмотра

ZHASALASH.KZ. "«Әркiмнiң» екiншi аты – ӘЗIРЕЙIЛ" - «Жас Алаш» депутаттар ел кезiп, жұртқа түсiндiру әуресiмен алашапқын болып жүрген мәселенi мемлекетшiл, халықшыл тұлғалармен бiрге талқыға салды.

"Мейрамхан Себдайырқызы Iзбасар: «ЕРКIНДI ТҮРМЕДЕ ӨЛIМШI ЕТIП САБАҒАН»" - 7 қаңтарда Еркiн Жұмашұлы Iзбасар Алматыда көшеде көлiкпен бара жатқанда, қасындағы екi адаммен бiрге Ақтөбе облысында заңсыз мұнай ұрлығына қатысы болуы мүмкiн деген күдiкпен ұсталды. Уақытша тергеу изоляторына қамалған Еркiн Iзбасарға қатысты тергеу аяқталмады, нақты айыптар әлi қойылған жоқ. Спорт шеберi, “Ағайынды төртеудiң” жетекшiсi 20 қаңтарда тергеу изоляторынан Ақтөбедегi темiржол ауруханасына ауыстырылды. КТК телекомпаниясының ҰҚК мәлiметiне сүйенiп таратқан ақпаратына қарағанда, Еркiн түрмеден ауруханаға шығу үшiн басын темiр керуетке, қабырғаға соғып, өз өзiне дене жарақаттарын салған.

AZATTYQ.ORG. "Шымкенттегі «салафиттермен жұмыстың» ерекшеліктері" - Шымкентте теріс діни ағымға кірген азаматтарды «дәстүрлі ислам дініне қайтару» ісі қалай жүріп жатыр? «Беті бері қараған» адам не дейді, имам қалай әрекет етеді? Азаттық тілшінің осы тараптағы зерттеуін ұсынады.

"Жер туралы заң жобасында «шетелдіктер» де бар" - Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары жер туралы заң жобасымен таныстырды. Бірақ кейбір белсенділер бұл заңның орындалуына күмән келтіреді.

"Николай патша туралы фильмнің дауы ұлғайды" - Ресейде биыл соңғы патша Николай ІІ өмірбаянын арқау еткен «Матильда» фильмі жарияға шықпақ. Бірақ көпшілік көрмеген картина туралы дау-дамай басталып кетті.

ABAI.KZ. "Қазақ тәуелсіздігі үшін еліміздегі өзге ұлттар да күресті" - Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік идеологиясы мен қоғамдық ғылымы мемлекеттік және қоғамдық патриотизмге берілетін анықтаманың ғылыми дәйектелген ұлттық тұжырымдамасын, моделі мен әмбебап өлшемшарттарын жасап шығаруға тиіс. Мысалы, біз патриот қазақтар жөнінде көп айтамыз, бірақ Қазақстанның басқа ұлттан шыққан патриоттары жөнінде ештеңе айтпаймыз не болмаса аз айтамыз. Бұл бүгінгі таңда мемлекеттің, бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының идеологиялық, ақпараттық-насихат жұмысындағы әлсіз тұс болып отыр.

"Әзімбай Ғали. Мойыма, қазақ!" - Еліміз демократиялану жолына түсіп, құқықтық-саяси реформаға бет алды. Қазағым мойыма, біздің алдымызда либералды, әділетті болашақ күтіп тұр. Бірақ сол әділетті қоғам үшін әлі де белсенді күресу керек.

365INFO.KZ. "«Біздің депутаттар әлі төбелесетін болады» — Әзімбай Ғали" - Мұхтар Шаханов, Дос Көшімдер Парламенттен орын алып, ұлттық мәселелерді қаузағанда, космополит Үкіметтің тізесі дірілдейтін болады.

QAMSHY.KZ. "Болашақтың қамын жеп, ел тағдырына шынайы алаңдайтын күн туды" - «Бөтен кісі қазаққа ешқайдан ештеңе жақсылық әкеп бермейді» деген еді Әлихан атамыз. Ал, біз болсақ анау бізге жылы сөз айтты екен деп, күле қарады екен деп мәз боламыз. Соны жарыса жазып, атойлаймыз. Көп дүниені жеңіл-желпі қабылдауға үйреніп алғанбыз. Сол себептен де қазаққа қазақтың жаны ашымайтындай жағдайға келе жатырмыз. Неліктен осылай болып жатқаны зиялы қауымға жұмбақ дүние емес қой.

DALANEWS.KZ. "Назарбаев: “Ельцин қалжыңдаған жоқ”" - Тәуелсіздік. Былай қарасаң, бір ауыз ғана сөз. Бірақ, түсіне білген адам Тәуелсіздіктің ата-ананың қадірімен тең екенін білсе керек. Бір жерден оқығанымыз бар. «Ата-анаңды қалай сүйсең, Отаныңды да солай құрмет тұт» дейді. Тамаша айтылған ә? Жә, пафосқа берілмейік.

"Экономикалық романтизм" - Осыдан ширек ғасыр бұрын ел алдында тәуелсіздікті ұстап қалу мен күйреген экономиканы орнынан тұрғызу міндеті қатар тұрды. Еліміз нарықтық экономиканы таңдады.

BAQ.KZ. "Ресей кемесінен Каспийге қауіп бар ма?" - 500 тоннадай мұнай қалдықтары тиелген алып танкер Маңғыстаудағы Песчанный мүйісінде 3 айдан бері қимылсыз тұр. Кеме Ресейлік «Транс Каспий» мекемесіне тиесілі екен. Бірақ олар ескі техникасын сүйреп әкетуге құлықсыздық танытып отыр.



8 ақпан 2017, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.