Атырау, 19 желтоқсан 19:56
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Назарбаев «бесінші колонна» деп қалды", "Ресейлік қаржы министрлігінің валюталық бастамасы теңге үшін қауіп төндіре ме?", "26 бап Ресей конституциясынан алынған", "Түркіменстан президентінің бірсарынды сайлауы",

2 288 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Түркіменстан президентінің бірсарынды сайлауы" - Түркіменстанда президент сайлауына бір апта уақыт қалды. Сайлаушылар қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхамедовке дауыс беретінін әлден жариялап жатыр.

"Елсіз аралда "Ресей империясын жаңғырту" жоспары" - Батыс баспасөзі орыс бизнесменінің "Ресей монархиясын жаңғырту" үшін Тынық мұхиттан бірнеше арал сатып алу жоспары, Октябрь революциясы жайлы виртуалды жоба және Холокост қырғыны сабақтары туралы жазған.

"Назарбаев «бесінші колонна» деп қалды" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет ішіндегі «бесінші колонна» туралы мәлімдемесімен кімдерді меңзеді? Азаттық кей саясаткерлер мен сарапшылардың пікірін сұрап көрді.

ZHASALASH.KZ. "«Казачьи ведомости» және оның терiс насихаты" - Орал қаласындағы барлық жанар-жағармай бекеттерiндегi шағын маркеттерде “Казачьи ведомости” газетi үйiлiп жатады. Тегiн жатқан газеттi жолай келген көлiктердiң барлығы бiр-бiр данадан қолдарына қыстыра кетедi. “За веру, за мир и согласие в Отечестве” деген ұраны бар, эмблемасында атпен шауып бара жатқан казак атаманының бейнесi бейнеленген бұл газеттiң шығарушысы – “Уральско-Яикское казачество” қоғамдық бiрлестiгi. Таралымы – 1000 дана. Орал қаласындағы “Полиграфсервис” ЖШС-да басылып шығатын бұл газеттiң редакторы – Валентина Григоркина.

365INFO.KZ. "«Бізді ақымақ көресің бе?». Лукашенконың Путинге жыны ұстап отыр" - Еуразиялық экономикалық одақтағы шарттар және бағалардың бірдей болмауынан Белоруссия 15 миллиард АҚШ долларын жоғалтты.

ҚАЗТАГ. "Ресейлік қаржы министрлігінің валюталық бастамасы теңге үшін қауіп төндіре ме?" - Соңғы кездергі мұнай бағасының көтерілуімен және ресейлік рубльдің позициясының нығаюымен Қазақстанның ұлттық валютасының айтарлықтай нығаюы ақпан айында-ақ кері үрдіске соқтығысуы әбден мүмкін. Теңге/доллар жұбының кері бұрылуының негізгі себебі Қазақстанның ЕАЭО-дағы негізгі сауда серіктесі - Ресейдің валюталық саясатындағы өзгерістер болуы мүмкін.

ABAI.KZ. "26 бап Ресей конституциясынан алынған" - Билік тармақтарының өкілеттілігін бөлуге орай Конституцияға кезекті рет өзгерістер жасалмақ екені мәлім. Билік Ата заңға енгізілетін өзгерістер жобасын 26 қаңтарда жария етіп, 26 ақпанға дейін жалпыхалықтық талқылауғ шығарған. Жобадағы Конституцияның 26 бабы әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен қарсылыққа тап болып, жүздеген адам «Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабына өзгерту енгізуіне қарсымын!» деп өз парақшаларына жазып, азаматтық көзқарастарын білдіріп жатыр. Әлеуметтік желідегі әлеуметтің қарсылығы ескеріле ме, жоқ па ол белгісіз. 

"«Қазақстанның жаңа индустриальдық стратегиясы және ел болашағы»" - Қазақстан экономикасы негізінен шикізат және аграрлы-индустриальдық бағыттағы дамушы ел. «Жаңа индустриальдық елдер» қатарына дамушы елдердің тек 5% ғана өтуде. Ол топқа Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Гонконг, Тайвань т.б. елдер жатады. Олардың ішінде  Сингапур мен Малайзия ғана 20 жылда алдындағы жүзден астам елдерді басып озып дамыған елдер қатарына кірді. Бүгін Сингапур дамыған елдердің алғашқы ондығына кіреді.

QAMSHY.KZ. "Саяси сарапшы: Донбасс Украинаға қайтарылып беріледі, Қырым орыстарда қалады" - Белгілі израилдік саяси сарапшы Соломон Манн өзінің Facebook парақшасында Дональд Трамптан тосын сыйларды күтудің қажет жоқ екенін және ол өзін сайлау алдында қандай істер атқаруға уәде берсе, сол уәдесін орындап жатқанын жазды.

TURKYSTAN.KZ. "«Мәдени мұра» – қазақ руханиятының фениксі" - Заман өзгеріп, жаңа дәуір басталар тұста ешкімнің қалауымен санаспайтын өзгерістер орын алады. Ескі күйреп, жаңаға орын босатар кезде ес жиюға мұрша болмай, заман тегеурініне төтеп бере алмаған мәдени құндылықтардың өмір сүруі тоқтап, рухани кеңістік бос қалатыны анық. Мұндай өліара кездің салқыны бүкіл ғылым мен білімге, әдебиет пен мәдениетке қатар тиіп, қоғамдық сана солқылдай бастайды.

DALANEWS.KZ. "Путин, қазаққа тиіспе, қарғысына қаласың…" - Ресейдің «Униан» ақпараттық агенттігі «Ресей Мемлекеттік Думасы Қазақстаннан жер даулау мәселесін ашық талқылап жатыр» деп хабарлаған болатын.


6 ақпан 2017, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.