Атырау, 19 желтоқсан 20:27
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"«Үшiншi жаңғыру» неге жазбаша жолданды?", ""Ұлтшылдықтан қорқудың қажеті жоқ"", "Зәуреш БАТТАЛОВА: Уақытша тіркеудің зардабы үй-күйсіз жүрген қазаққа тиді", "Лукашенко ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шыққалы жүр — ресейлік ақпарат агенттігі"

2 420 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Жолдауды насихаттамақ депутат «әділетсіз сайлау туралы естімеген»" - Коммунист депутат Жамбыл Ахметбеков «президент жолдауын түсіндіруге кеткен шығын миллион есе қайтады» деп біледі. Ол конституциялық өзгерістердің қазіргі парламентке әсер етпесіне сенімді.

"Әлемге Голодоморды баяндайтын фильм шықты" - Киев елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистермен бітімге келмеді, Ресей мен Украинаның қарым-қатынасы жақсарған жоқ. Ал кинотеатрлар Сталин ұйымдастырған ашаршылық – Голодомор туралы жаңа киноны көрсетуге дайындалып жатыр.

"«Протондарды» тексеру үшін қайтарып алмақ" - «Роскосмос» агенттігі «Протон-М» зымыран тасығыштарының екінші және үшінші буын қозғалтқыштарын тексеретінін жариялады. Бірақ олар Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырыла бермек. «Қазғарыш» агенттігі 2013 жылы зымыран ұша бере жарылған кезде келген зиянның сомасы әлі келісілген жоқ деп хабарлайды.

ZHASALASH.KZ. "«Үшiншi жаңғыру» неге жазбаша жолданды?" - Қазақ басшысының жолдау арқылы мемлекеттiң даму бағытына жөн-жоба көрсетiп келе жатқанына биыл жиырма жыл толды. “Қазақстанның үшiншi жаңғыруы” – жиырма бiрiншi жолдау. Жолдаудың жариялану мерзiмiнде тұрақты меже жоқ. Оны президенттiң қалауы бiледi. Ал жолдаудың жыл санынан асып кетуiнiң себебi – 2016 жылды жолдаусыз өткiздiк. Есесiне, президент 2012 және 2014 жылдары екi мәрте жолдау жасады. Н.Назарбаев көрсеткен бағыт-бағдардың бәрi асқан пафоспен, далбита дәрiптеумен “дамудың даңғыл жолы”, “өсiп-өркендеудiң сәттi соқпағы” есебiнде насихатталып келе жатыр. Бүгiнгi жолдаудың да бұрынғыларынан бәлендей өзгешелiгi жоқ. Жалғыз айырмашылық – жұрт оны президенттiң аузынан естiмедi, ел басшысы сөйлеп тұрғанда үкiмет мүшелерi мен парламент өкiлдерi дуылдата қол соқпады, жолдау мәтiнi жұртқа жазбаша нұсқада жеттi.

"Шығысты қыспай, кiрiс жоқ" - Үкiметтiң бюджет пен ел экономикасындағы жағдайға қатысты мәлiмдемелерi мен қолымызға түскен сандар екiұдай күйде қалдырады. 2016 жылдың бюджетiнiң шығыны соңғы 5 жылда болмаған өсу қарқынын көрсеткен. Бiр жылдың iшiнде қазынаның шығыс бөлiгi 2,1 триллион теңгеге секiрiптi. Мұның алдындағы жылдарда республикалық бюджеттiң шығысы орташа 500 млрд теңгеге көбейiп келген едi. 2016 жылғы бюджет тапшылығы 902,7 миллиард теңге болады деген болжам бар. 

365INFO.KZ. "Лукашенко ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шыққалы жүр — ресейлік ақпарат агенттігі" - Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақтан және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ОДКБ-дан) шыққалы жатыр. Бұған Мәскеудің тосқауыл болмақ ойы жоқ.

TENGRINEWS.KZ. "Алагөзова болғым келеді. Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің тұңғыш сұхбаты" - Баян Есентаева туралы жаңалықтар жұрттың назарынсыз қалмайды. Оның жеке өмірі миллиондаған адамның назарында. Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзов бірігіп берген алғашқы сұхбатында таныстыққа тіс дәрігерінің қандай қатысы бар екенін, 10 маусымдағы атышулы оқиғаны қалай бастан өткергенін және алға қандай жоспар қойып отырғанын айтып берді.

BAQ.KZ. "Қазақ үшін "сізге қалай көмектесе алам" дегеннен гөрі "не болды?" деген жақын" - Негізі ұлттың сөздік қоры да оның мінезінен xабар беріп тұра ма деймін. Әрі сол ғасырлар бойы қалыптасқан тілдік дағды оның келесі қолданушыларының да болмысына әсер ететін сияқты. Тағы сол баяғы қазақ пен ағылшын тілінің жыры ғой. Америкалықтар ішкі эмоциясын сыртқа шығарғанды, комплимент айтып жүргенді, нені болсын кісігің өзіне жеткізгенді жақсы көреді. Қазақтар керісінше. Мақтасақ та сыртынан, тиісінше... Бізге өз сезімімізді шашып-төгіп жүрген біртүрлі жараспайтын секілді.

ABAI.KZ. ""Ұлтшылдықтан қорқудың қажеті жоқ"" - Белгілі журналист Төлен Тілеубай өткен желтоқсан айында   (27.12.16) «ШАЛҚАР» ұлттық радиосы арқылы әуетолқынына шығатын  Жасұлан Наурызбайұлының «Отанды сүю» бғадарламасына қатысып, қазіргі қазақ баспасөзі туралы ойын ортаға салды. Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Тәуелсіздік-тұмарым» атты жаңа кітабын оқрыман қауымға ұсынған әріптесіміз Мәскеуде РФ Сыртқы істер министрі С. Лавровқа қазақ тілінде сауал қойғанын әңгімелеп берді. Сондай-ақ ол "ұлтшылдықтан қорқудың қажеті жоқ екендігін" де қадап айтты.

"Конституциялық соттың болуы ауадай қажет. Бірақ..." - Бүгінгі таңдағы мемлекеттік билік тармақтарын бөлу әбігері, тәуелсіздік алғалы 26 жыл өткеннен кейінгі «ақсақ қой түстен кейін маңырайды» дегеннің кейпін білдіреді.  Осы 26 жылғы тәуелсіздікті «26 жастағы жігіт» деп салыстырсақ, билік тармақтарына 26 жылдан соң дербестік беру, осы 26 жастағы жігітке әліппенің әріптерін үйреткендей әрекетке ұқсамай ма?

QAMSHY.KZ. "Ресейден құн сұраймын!" - Тарихқа үңілсек, 1961 жылы КПСС Орталық Комитетінің Бас секретары Н.Хрущев Қазақстанды бөлшектеу мақсатында еліміздің Солтүстігіндегі бес облысты Ресейге, Шымкентті Өзбекістанға, Маңғыстауды Түркменістанға беру жөнінде мәселе көтерді. Алайда, ол сол кездегі Қаз ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Ташеновтың ССРО Конституциясын басшылыққа алып, Қазақ жерінің ешкімге берілмейтінін айтып қасқайып қарсы тұрған қарсылығына тап болды. Кектенген Хрущев екі айға да жеткізбей Ж.Ташеновты орнынан алып Шымкентке облыстық Атқару Комитетінің орынбасары етіп жіберді. Ел үшін, жер үшін мансабынан баз кешкен Ж.Ташеновтың бұл ерлігі ел арасында аса жоғары бағалануда, үкіметтің қаулысынсыз-ақ оған бүкіл Қазақ халқы «Халық батыры» деген атақ берді.

QAZAQUNI.KZ. "Зәуреш БАТТАЛОВА: Уақытша тіркеудің зардабы үй-күйсіз жүрген қазаққа тиді" - «Самұрық-Қазынаның» дерегі бойынша, елдегі 17 миллион халықтың 29 пайызы үй-күйсіз екенін ескерсек, 4,9 миллион адам баспанасыз болып шығады. Осы 5 млн-ға жуық санды 227 теңгеге көбейтіп жіберсек, 1 миллиардтан астам теңге шығады. Бұған тіркеуден өтпегендерге салынатын айыппұлды қоссақ, халықтан біраз қаржы сығып алудың мүмкіндігі туатын сияқты…

TURKYSTAN.KZ. "Даудың басы – дуал" - Трамптың президенттігі жанжалдан басталды. Шындығында, бұған ешкім таң қалмайды. Себебі оның бір жарым жылдық сайлауалды үгіт-насихат науқаны дау-жанжал мен айтыс-тартысқа, шағымдар мен кикілжіңге толы болатын. Ал оның төрткүл әлемді шулатқан уәделерінің өзі неге тұрады? Трамп өзінің сол уәделерінің бірін орындаймын деп, АҚШ-тың құдайы көршісі Мексикамен арада дипломатиялық жанжал тудырды.

"Елжанды Елжан жүйені өзгерте ала ма?" - Өткен апта Үкіметтегі кадрлық ауыс-түйістер арқылы есте қалды деуге негіз бар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бұрынғы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қайтадан екіге бөлінді. Еліміздің бас дәрігері болған Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып бекітілсе, бұған дейін вице-министр қызметін атқарған Елжан Біртанов еліміздің бас дәрігері ретінде көпшілікке таныстырылды.




2 ақпан 2017, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.