ZHASALASH.KZ. "Тапсырыс берушiлер тасада қалды..." - “Не шықса да Шымкенттен шығады” деген сөз осындайда еске түседi. Қайбiр жылы Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қыздың орнына жiгiт кiрiп, елдi шулатып едi. Жуырда Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық соты мемлекеттiк қызметкерлердiң немесе осы қызметке кiргiсi келгендердiң орнына емтихан тапсырып, шенеунiктерге заңсыз қызмет көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топқа үкiм оқыды. Жалған сынақ тапсырушылар былтыр қазан айында әшкереленген болатын. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Ұлттық бюросының қызметкерлерi оларды Алматы мен Талдықорған қалаларында ұстады. Тексеру барысында қылмыстық топтың ордасы Шымкент қаласында екендiгi анықталған.
"Билiк бөлiстегi жаңа реформа мәслихатқа мiнез бiтiре ала ма?" - Өткен аптада Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында депутаттардың бiрауыздан қабылдаған шешiмiмен 25 адамға «Облыстың құрметтi азаматы» атағы берiлдi. Мұндай марапатқа кандидаттарды ұсыну, құжат рәсiмдеу жұмыстарының былтырғы жылдың соңында, Тәуелсiздiк мерекесi қарсаңында жүргiзiлгенiн ескерсек, құрметтiлердiң қатарын 25-ке толтырудың сыры түсiнiктi, әрине. Бiрақ бұрын-соңды «Облыстың Құрметтi азаматы» атағы бiрден 25 адамға берiлгенi есiмiзде қалмапты. Атқамiнерлер бақандай 5 жылдық жоспарды орындап тастады.
AZATTYQ.ORG. "Телеарнаға тосыннан шығатын президент" - Қаңтардың 30-ы күні Қазақстан халқы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды үндеуін күтті. Кешкі сағат 9-да телеарнаға шыққан президент небәрі бес-ақ минут сөйледі. Ол Қазақстанға «үшінші жаңғыру» келе жатқанын хабарлады.
"Березовка балалары "көшкеннен кейін де оңалып кетпеді"" - 2014 жылдың аяғында мектеп оқушылары жаппай уланған Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылы тұрғындары «балаларымыздың денсаулығы әлі түзелген жоқ» дейді. Жұрт балаларын өз күшімен емдеуге мәжбүр. Ал билік қалған тұрғындарды көшіруді ұйымдастыру қамымен айналысып жатыр.
"БАҚ туралы заңға түзетулерге қарсы журналистер петициясы" - БАҚ туралы заңдарға үкімет енгізуді ұсынған түзетулерге қарсы қазақстандық журналистердің онлайн-петициясына қол қойғандар саны әзірше 100 адамға да жеткен жоқ. Медиа-белсенділер жергілікті журналистердің өз мамандығына салғырт екенін айтады.
365INFO.KZ. "Тұяқбай «тірі» ме?" - Редакциямызға зейнеткер Шаймардан Шүйкеновтің хаты келіпті. Қатты айтыпты ақсақал. Халықтың пікірін білдірген екен. Алып бара жатқан ештеңесі жоқ. Халықтың көкейінде жүрген қарапайым дүниені жазыпты. Өгізді де өлтірмеген, арбаны да сындырмаған. Бірақ, сөзінде бәрібір шындық бар. Оқиық.
ABAI.KZ. "Ата заңға енетін өзгерістер: әркім – ол кім?" - Конституция – мемлекеттің құқықтық құрылымы. Басты заңға енетін өзгерістер әр азамат үшін аса маңызды. Мемлекет үшін төтенше өзекті. Міне, Конституцияға кезекті рет өзгерістер енгізілмекші. 25 қаңтар күні президент Н.Назарбаев халыққа үндеу жариялап, мемлекеттік басқаруға енгізілетін өзгерістердің мәнін түсіндіріп, өзгерістерді жүзеге асыру үшін Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттілігі бар екенін айтқан. 26 күні Ата заңға енетін өзгерістер мәлім болып, ол 26 қаңтардан 26 ақпанға дейін жалпыхалықтық талқылауға шығарылды.
"Бас прокурор айтқан «халық жаулары» кімдер?" - Билік тармағы өзгерген уақытта еліміздің бас прокуроры Жақып Асанов халық алдында ендігі прокуратура саласындағы үлкен өзгерістерді жайып салды. Полиция қызметін үлкен сынға алып, оларды «қарапайым тілмен айтқанда халық жауларысыңдар» деп ашық айтты.
QAMSHY.KZ. "Иманғали Нұрғалиұлы: Алаштың 100 жылдығына дұрыстап дайындалуымыз керек" - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен Алашорда қозғалысының құрылғанына 100 жыл толуына орай Алаш зиялыларының шығармашылық мұраларын зерделеу және оны жандандыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
ҚАЗТАГ. "Қазақстан банк секторындағы дағдарыс қарқын алуда ма?" - Қазақстан банк жүйесіндегі жағдай бұрынғыдан да қатты алаңдатады. Сондықтан, биылға деген Қазақстан экономикасына ұстамды оптимистік болжам айтылғанымен, жекелеген банктердің қаржылық жағдайының одан сайын нашарлау қаупі күшейе түсуі, ал банк секторының шоғырлануға деген қажеттігі бұрын-соңды болмаған түрде артуы мүмкін.
EGEMEN.KZ. "Шыңғыс ханға талас қашан тоқтайды?" - Қазақтың ерте заманнан бергі тарихын жинақтағанда қазіргі күнге дейін Ресей, Қытай, Еуропа, Азия ғалымдарының зерттеулеріне сүйеніп келеміз. Ал олардың бәрі бірдей жалпы түркі, оның ішінде қазақ тарихына бастан-аяқ адал болған жоқ. Қай-қайсысы да тарихқа өз ұлты мен мемлекетінің көзімен қарады.
SN.KZ. "Досым Сәтпаев: «Халық жолдауды түсінбейтінтей сауатсыз емес...»" - Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев депутаттардың өңірлерді аралап, халыққа Президент жолдауын түсіндіру жұмыстарын қажет емес деп есептейді. Оның пікірінше, халықтың көзі ашық, жолдаудың мәтінін өздігімен оқып, өздері түсіне алатын жағдайда.